Апталық Анализ 67

Израильдің түпкі мақсаты Газаны өмір сүруге жарамсыз етіп, халықты жою еді.

2074434
Апталық Анализ 67

Хамаспен байланысы бар Кассам бригадалары және басқа да ірілі-ұсақты құрылымдарының 7 қазанда Израильге қарсы найзағай операциясын бастағанына 2 айға жуық уақыт өтті. Израиль әуеден Газаны қатты бомбалады, кейін оны солтүстік және оңтүстікке бөліп, солтүстік аймақты құрлық арқылы  басып алды. Мұндағы Хамас сарбаздары Израиль армиясына қарсы тұруын жалғастырып жатқанда, Израиль лауазым иелерінің мәлімдемелеріне қарағанда, оңтүстікке құрлық шабуылы басталады. Израильдің түпкі мақсаты Газаны өмір сүруге жарамсыз етіп, халықты жою еді.

Хамаспен байланысы бар Кассам бригадалары және басқа да ірілі-ұсақты құрылымдардың 7 қазанда Израильге қарсы найзағай операциясын бастағанына 2 айға жуық уақыт өтті. Хамас «Акса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлаған еді. Бұл қадам жаңа әскери доктриналарды қамтығанымен, ұшқышсыз ұшақтар мен парамоторларды пайдалану сияқты жаңа техникалық мүмкіндіктермен Израиль армиясына қатты соққы берген. Газа төңірегінде орналасқан әскери базалар палестиналықтардың қолына түсіп, Газадан басып алынған едді мекендер  де бақылауға алынған болатын.

Израиль есін жиғаннан кейін  бұл шабуылға өте қатал тойтарыс берді. Бейбіт тұрғындарды тікелей нысанаға алып, әуе соққыларымен қырғын жасай бастады. Солтүстік және оңтүстік аймақтарға бөлу арқылы Солтүстік өңірді де басып алды. Израиль Хамасты нысанаға алудамыз деп мәлімдегенімен, әскери әрекеттерімен бейбіт тұрғындарды өлтірдң. Израиль армиясы қоршауды күшейтіп, ауыз  суға және азық-түлікке қол жеткізуді шектеді. Бұл әрекет Израильдің Газаны өмір сүруге жарамсыз ету арқылы мұнда жаппай геноцид жасауды көздеп отырғанын көрсетеді. Солтүстіктегі аймақтан кейін оңтүстікке қарай басып кіріп, жағдайды ушықтарды. Израильдің Газа аймағындағы шабуылдары жалғасып жатқатқан кезде қақтығыстың геосаяси және аймақтық жаңғырықтары да жалғасты.

Қақтығыстың алғашқы кезеңінде Хизбулланың жаңа майдан ашатыны және соғыстың аймақтық сипатқа айналатыны белгісіз еді. Иранның ықпалымен әрекет ететін Хизбулла мен басқа құрамдастардың әзірге мұндай әрекетке бармайтыны байқалды. Алайда осы жағдай  Израиль мен АҚШ-қа әртүрлі әскери әрекеттерді көрсетті. Хизбулла Израиль-Ливан шекарасында аз қарқынды түрде Израильді нысанаға алғанымен, Ирак пен Сириядағы шииттік жасақ құрылымдары АҚШ базаларын нысанаға алуды жалғастырды. Нағыз тосын қадамдар Йемендегі Ансаролла қозғалысы тарапынан болды. Хоуситтер  Израильге тікелей соғыс жариялады және  Қызыл теңіздегі Израиль кемелеріне шабуыл жасай бастады. Олар аймақтағы навигация қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірді. Осыған орай АҚШ Әскери-теңіз күштерінің әскери кемелері бұл жағдайға араласуға тырысты.

Иран өзінің ақылы сазбаздарды қолдану арқылы бірте-бірте шиеленісті ушықтыруға тырысқанымен,   ауқымды қақтығысқа бармайтыны баршаға аян.

Израильдің Газаның оңтүстігін басып алуы және бейбіт тұрғындарды Синай шөліне қарай депортациялауымен Мысырдың араласуы және араб блогын Израильге қарсы әрекет етуге мәжбүрлеуі мүмкін. Бұл теңдеуде әртүрлі әскери қимылдар, саяси және экономикалық санкциялар тілге тиек болуы мүмкін.  



Ұқсас жаңалықтар