Апталық Анализ-60

Израильдің Газаға шабуылы салдарынан Таяу Шығыстағы саяси орта тереңдеп барады.

2053729
Апталық Анализ-60

Израильдің Газаға шабуылына 13 күн толған кезде соғыстың гуманитарлық өредегі дағдарысы тереңдеп келеді. АҚШ пен өзге батыс елдерінің басым көбінің Израильдің шабуылына ашық қолдау көрсетуі Израильдің әрекетіне шексіз мүмкіндік беріп отыр. Топтық жазалау әдісін соғыс стратегиясына айналдырған Израиль мен оған шексіз қолдау көрсеткен АҚШ аймақтық тұрақтылық пен жаһандық қауіпсіздікті жаңа бір тарихи дағдарысқа итермелеуде. Таяу Шығыстағы саяси орта тереңдеп барады. Аймақ елдері соғысты тоқтататын қадам баса алмады. Көптеген ел тыныштықтан әрекет өресіне өтетін күйге келмеді. Түркия Газадағы Израиль шабуылы алдында тепе-тең бір аймақтық дипломатия жүргізуде. Анкара осы тұрғыдан соғысты тоқтату және дағдарысты асқынудан бұрын тосу мақсатымен белсенділік көрсетуде. Түркия шындықты негіз ете отырып, аймақтық диалогты белсенді пайдалануда және гуманитарлық беталысты басты орынға қойған саясат жүргізуде.

Қауіпсіздік зерттеу директоры, жазушы, профессор доктор Мұрат Йешилташтың тақырыпқа байланысты анализдерін ұсынамыз.

Президент Ердоған 7 қазанда тараптарды байсалды болуға және ұшқары әрекеттен аулақ тұруға шақырды. Артынан Израильдің Газаға шабуылын сынға алып, шешімнің 1967 жылғы шекаралар негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болған және территория тұтастығы қамдалған бір Палестина мемлекетінің құрылуымен мүмкін екенін білдірді. Президент Ердоған басқа елдердің басшыларымен тығыз байланыс жасауда. Бүгінге дейін 18 президентпен телефонда сөйлесті. Телефондағы кеңестерінде атысты тоқту арқылы гуманитарлық дәліздің қалыптасуын және Израильдің халықаралық құқық негізінде әрекет етуі керектігін дәріптеді.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да дипломатиялық байланыстарды күшейтуде. Фидан аймақтық дипломатияны ықпалды пайдаланып, Израильдің соғыс компаниясын дереу тоқтатуды мақсат етуде. Түркия осы аяда Мысыр, Ливан, Сауд Арабиясы, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Пәкістан және Иран қатарлы елдермен жүргізген дипломатиясы арқылы Израильдің шабуылын шектеуге және атысты тоқтататын нағыз бір шешім қабылдау үшін тығыз талпыныс көрсетіп келеді. Фидан кездесулердегі басты назар аударған тақырып-Палестина мәселесінің шешімінде шынайы және ашық тіл қолдануы. Палестина мәселесі шешілмей Израильдің толық мағынада қауіпсіз болмайтынын айтқан Фидан Израильдің жаулап алушы екеніне назар аударуда. Сол себепті 1967 жылғы шекараны негіз еткен, территория тұтастығы қамдалған, астанасы Шығыс Иерусалим болған Палестина мемлекетінің құрылуы аймақтағы ең шұғыл мәселе екенін айтуда. Бұл Түркияның Палестина-Израиль қақтығысында ұстанған мемлекеттік тұғыры және халықаралық құқықтың шешім ретінде ортаға салған беталысы болып табылады.

Түркияның бітімгерлік іс-шаралары дипломатияның басты бөлігін құрайды. Алғашқы нысана Хамас тарапы кепілге алған Израиль және басқа ел азаматтарының босатылып, келіссөз үшін мықты негіз қалау. Түркияның Хамаспен кездесу арналары мен бұрынғы тәжірибелері жеңілдетуші рөл атқарады.

Өзге бір тақырып Фидан айтқандай, Түркияның кепіл ел болу мүмкіндігі. Түркияны қамтыған көп салалы бір кепілгерлік механизмі атыс тоқтағаннан кейін атысты тоқтатудың жалғасуына кепілдік етеді.

Тағы бір тақырып болса аталмыш дағдарыстың аймақтық қалыпқа түсу процесіне қауіп төндіруі және жаңа бір аймақтық қауіпсіздік дағдарысының ортаға шығу ықтималы. АҚШ-тың Израильге бағаттаған ашық саяси және әскери қолдауы мен ауыз жүзінде аймақ елдерін әскери жақтан тежеу мақсатымен әскери күшін аймаққа орналастыруы соғыстың тек Палестинамен шекті қалмайтынын көрсетуде, әрі басқа актерлерді де аймаққа итермелеу мүмкіндігін арттырады. Бұл ықтимал Түркия үшін жаңа бір аймақтық дағдарыстың туылуы мағынасына келеді. Сол себепті Түркия атысты тоқтатуды қамдау және Израильдің шабуылды аяқтауы кең мағынадан алғанда аймақтың қауіпсіздігіндегі тұрақсыздықты тосатын қадам ретінде қарауда.

Соңғы оқиға Израильдің Газаға шабуылы Түркия-Израиль арасындағы байланысты жақсарту процесін шектеу мүмкіндігі болмақ. Президент Ердоғанның осы тақырыпта тепе-тең бір тіл қолданғанына, Түркияның дағдарысты аяқтауды басты орынға қойғанына қарамай, дағдарыс асқынып, Израильдің шабуылы артқан сайын қалыпқа түсу процесінің тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан Түркия мен Израиль арасындағы қалыпқа түсу процесі сыннан өтуде. Осы түйінде қалыпқа түсу процесінің өзге бір сыннан өтуі қажет болуы мүмкін. Маңыздысы 7 қазаннан кейінгі аймақтық ортаның қандай түс алатыны болып отыр. Бұдан тыс Түркия мен Израиль қарым-қатынастарының болашағын қорғау да өте маңызды.

Бастысы Түркия-Израиль қалыпқа түсу процесі 7 қазаннан кейін тың негізде ілгерлеуі мүмкін. 7 қазаннан бұрын қалыпқа түсу жайлы үміт жоғары болатын. Энергия тақырыбы да, өзге геосаяси мәселелер де қалыпқа түсуді қамдайтын күшке айнала алмады. Екіншіден, Түркия-Израиль қарым-қатынасы АҚШ-Израиль қарым-қатынасына ұқсайтын одақтастық қарым-қатынасқа жеткен емес. 1990 жылдардағы ауыз жүзіндегі алтын дәуіріне қайта жетуі де мүмкін емес сияқты.

Үшіншіден, екі елдің сыртқы саяси прагматизмінің де шегі бар. Өйткені Түркияның моральдық прагматизмі мен Израильдің шексіз прагматизмі екі елдің қарым-қатынастарын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік берген маңызды динамика ретінде рөл атқарып, Палестина мәселесі себепті қарым-қатынастардың тереңдеуіне орай бермеді. Сондықтан Түркияның сыртқы саясатында екі мәселені ажырату өте қиын. Соңғы тақырып Түркиядағы қоғамның Израильмен қалыпқа түсу процесі мен Палестина мәселесінің арасында талғам жасалатын болса, Палестина мәселесіне басымдық беретіні анық. Бұл президент Ердоған ескеруі тиіс ең маңызды динамиканың бірі болмақ.

Осы динамикалар ескерілгенде Түркия  дағдарысты тосу және атысты тоқтату үшін белсенді рөл атқарған ел болып отыр. Дағдарыстың асқынуы Түркия мен Израиль қалыпқа түсуіне кедергі болуы мүмкін. Маңыздысы 7 қазаннан кейінгі Израиль шабуылдары Түркияның сыртқы саясатында тіпті көлемді қалыпқа түсу процесіне әсер етуі болмақ. Мұның болашағын батыс елдерінің Израильді қолдауын қаншалықты жалғастыратынына және Израильдің соғыс пен қақтығыс құралдарына қаншалықты елеусіз қарайтынына байланысты болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар