Апталық Анализ-46

НАТО-ның Вильнюс саммитінде Швецияның мүшелігі және басқа тақырыптар талқыланды.

2011019
Апталық Анализ-46

НАТО-ның Вильнюс саммиті соңғы онжылдықтағы ең маңызды саммиттердің бірі болды. Саммиттің маңызды тақырыптарының арасында: -Швецияның мүшелік мәселесі -Аймақтық қорғаныс пен Қауіпсіздік жоспары, НАТО әскери құрылымы, -Украинаның мүшелігі және қауіпсіздік кепілдіктері,

-Қорғаныс шығындары бар. Біз Еуропалық қауіпсіздік пен қорғаныс архитектурасы деп атайтын мәселе тек осы саммиттен кейін ғана құрылымдық түрде қалыптасады.

 Сіздерге қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы, профессор, доктор Мұрат Ялчынташтың осы тақырыпқа байланысты анализдерін ұсынамыз.

Швеция тақырыбындағы наразылықтар жалғасуда. Венгрия тұрғысынан кедергіден өтуге болады, алайда Түркияның наразылығын дүйсенбі күні өткен үштік жиналыстан кейін тоқтатқаны байқалғанымен мүшелік үшін әлі де басылатын жол бар. Саммитте Швецияға ешкім «Қош келдің» дей алмайды. Наразылық жойылғанымен процесс жалғасуда.

НАТО-ның жаңадан құрылымы одақтың географиялық қорғаныс классификациясы, дағдарыс кезінде тежеу, қорғаныс және қажет болған жағдайда жаңа командалық пен бақылау, қорғаныс пен жауап күштерінің саны ең маңызды мәселелердің қатарында. Жоспарды АҚШ қолбасшысы Кристофер Каволи бастаған топ дайындаған. Қырғи қабақ соғыстан кейінгі ең ауқымды жердегі қуатты қайта құрылымдау болмақ. Бұл құрылым әуеде, теңізде және киберкеңістікте де қайта құрылады. Жаңа жоспар іске асқан кезде НАТО-ның қырғи қабақ соғыстан кейінгі ең маңызды трансформациясы қалыптасып, Ресейге өте күшті жауап беріледі. Дегенмен жоспарға қол қойылған күннің өзінде мүше мемлекеттердің алда атқаратын жұмыстары көп. Атап айтқанда кейбір мүшелер өздерінің әскери құрылымдарын реформалап, оларды соғысқа дайын етулері керек. Германия - бұл мәселеде ең маңызды елдердің бірі. Ең көп жарияланған және тарихтағы алғашқы Германияның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының құжаты Германияны еуропалық және әлемдік саясатта қайтадан маңызды актерге айналдыруды мақсат етеді. Дегенмен неміс армиясын модернизациялау және қорғаныс шығындарын ұлғайту Германияның алдындағы ең маңызды процестер болып табылады.

Саммитте Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне келетін болсақ, НАТО ішінде шешімге келу мүмкін емес көрінеді. Ұлыбритания мен Еуропаның бірлескен бағдарламасы әзірге ең жақсы нұсқа сияқты. Сонымен бірге Украинаға әскери көмек көрсету мәселесі ең күрделі тақырып, алайда бұл мәселені НАТО-да талқылауға алу мүмкін емес. Ортақ шеңбер құру қиын. Алайда оқ-дәрі тапшы болып отырған Украина армиясына шұғыл көмек көрсетілмесе, Ресей операциялық басымдылыққа қайта қол жеткізе алады.

Кассеталық оқ-дәрілерді жіберу - бұл әзірге бір шешім. Дегенмен бомбаның сипатын ескерсек, бұл мәселе алдағы күндері көп талқыланатыны анық.
НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс шығындарын ұлғайту – ең күрделі мәселелердің бірі. 2 пайыздық шекті межеден өте алмағандар үшін кем дегенде тағы екі жыл бар. Талқыланған формулалардың арасында Еуропаның жаңа бюджет құруы керектігі де бар.

Солай болғанымен бұл мәселе бойынша консенсус жоқ. Германия мен Франция сияқты қуатты Еуропа елдерінің бұл пайыздан аса алмауы НАТО үшін проблема туғызады. Өйткені Германия бүгінге дейін армияда экономикаға көбірек инвестиция салды. Ал Франция басқа да көптеген проблемаларды шешуге мәжбүр.
Бұл саммит бастысы НАТО-ның ең маңызды кездесуі болып табылады. Қытайға қалай қарау керек, Ресейдің жағдайы, Украинаның мүшелік үміті қатарлылар оңай шешілетін мәселелер емес. Қалай болғанына қарамай НАТО жан-жақты трансформациядан өтіп жатыр және бұл трансформация әлемдік саясатқа әсер ету мүмкіндігіне ие болып табылады.

  Сіздерге қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы, профессор, доктор Мұрат Ялчынташтың осы тақырыпқа байланысты анализдерін ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар