Апталық Анализ 45

«Вагнер» көтерілісінің Сирия мен Ливия сияқты елдерде, әсіресе Ресей мен Украинада маңызды кесірі  болады.

2008672
Апталық Анализ 45

Ресей Украина соғысына назар аударып, жазғы ықтимал шиеленіске дайындалып жатқанда, «Вагнер» тобының жалдамалы әскері күтпеген сәтте Украинадағы майдан шебінен шегініп, Ресейдің ішінде Мәскеуге қарай бет алды. Ресей армиясы шарасыз бақылап тұрғанда, Путин билігі ең үлкен сынаққа тап болды. Ақырында «Вагнер»  Мәскеуден 200 шақырымдай жерге жақындағанда, Беларусь Президенті Александр Лукашенконың араласуымен келісім жасады. Осылайша «Вагнер»  тоқтады және кері шегінді. Алайда  «Вагнер» көтерілісінің Сирия мен Ливия сияқты елдерде, әсіресе Ресей мен Украинада маңызды кесірі  болады.

24 маусымда «Вагнер» тобымен байланысы бар жалдамалы әскерлер Украинадағы майдан шебін тастап, кенеттен Ресейге кіріп, Ростов сияқты қалаларды басып алды. Одан кейін Мәскеуге қарай жылжыды. Бұл бүкіл әлемді және  Ресей Президенті Путинді қатты үрейлендірді.    Ресей өзі қолдап-қуаттаған, шоқпар ретінде қолданған «Вагнер» енді  Ресейдің мүддесіне емес, өзіне тікелей қауіп ретінде Мәскеуге қарай жылжып жатты. Ресейді жіті қадағалаған сарапшылар Ресей Қорғаныс министрлігі мен Пригожин бастаған «Вагнер» арасында күрделі мәселелер бар екенін білетін. Атап айтқанда, Пригожин жуырда өте қатал мәлімдемелер жасап, Қорғаныс министрі Шойгу мен Бас штаб төрағасы Герасимовты мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады. Сонымен қатар олардың Украина соғысын өте нашар басқарғанын алға тартты және соңында Ресей армиясының «Вагнер» лагерін бомбалағанын пайымдады. Осы себептен әділдік үшін әскери шеру жасады. Шын мәнінде, Ресей Қорғаныс министрлігі «Вагнер» тобының  қол астындағы қызметкерлері өздерімен  тікелей келісімшартқа отыру процесін бастаған болатын. Аяғында «Вагнер» тобының тым күшейіп, бақылаудан шығып бара жатқанын сезді. Бірақ олар қажетті қадамдарды басуға кешіккен еді.  «Вагнер» тобы Ресейді халықаралық деңгейде өте қиын жағдайға апарып,көтеріліс бастады. Көтерілістің өзі және жүріп жатқан процесс Пригожиннің көптеген пікірлерін де растады. Орыс әскері «Вагнер» тобының  қалаларды басып алуына кедергі жасай алмайтынын, тіпті Мәскеуді қорғауға қауқарының да жетпегенін дәлелдеді. Әрі ұлттық барлау жағынан да, әрі басқарушылық жағынан да айтарлықтай осал тұстары бар екенін тағы бір рет көрсетті. Ресей Президенті Путин де бұл процестен ең көп зардап шеккен тұлғалардың бірі болды. Әрине Мәскеудің жасырын күшінде «Вагнер» тобын арт жағынан қолдаған элитаның кім екені әзірге белгісіз. Беларусь араағайындылығымен жасалған келісімнің нәтижесі де анық емес. Бірақ біреудің Путинге қарсы ұтқанын көру қиын болмауы керек.

Сонымен қатар, Ресейдегі бұл көтеріліс Украина соғысында ауыр зардаптарға әкеледі. Украина армиясы мен оның одақтастарының соғыста жеңіске деген жігерін арттыратын әсері болуы әбден мүмкін. «Вагнер» тобының  Сириядағы және Африкадағы түрлі елдердегі болуының болашағы да күмән тудыруда. Мәскеудің қолдауынсыз «Вагнер» бұдан былай ол жерде бола алмауы мүмкін. Бірақ «Вагнер» тобының  темір жұдырығы болмаса, Ресей үшін геосаяси шығын болады. Путиннің  бұдан былай елді басқаруы өте қиынға түседі. Өйткені оның дұшпандары тістерін қайрап отыр.

 



Ұқсас жаңалықтар