Апталық Анализ 38

Түркиядағы сайлауды әлемнің барлық астаналары жіті қадағалады.

1988556
Апталық Анализ 38

 

        

Түркия тарихи маңызы бар сайлауды өте сәтті өткізді. Түркиядағы сайлауды әлемнің барлық астаналары жіті қадағалады. Дауыс берушілердің 88,92 пайыздық қатысуы арқылы ұлттық ерік дауыс жәшігінде көрініс тауып, түрік демократиясы өз күшін тағы бір мәрте көрсетті. Президент Ердоған екінші орында тұрған Кылычдароғлудан 49,5 пайызбен 5 ұпайға озды.  Джумхур альянсы  322 депутатқа ие болуымен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде көпшілік санға қол жеткізді. Бұл нәтижелер Ердоғанның екінші турға үстемділікпен баратынын көрсетуде.  Мәжілісте көп санды иеледі. Бұл қатысу деңгейімен 0.5 пайыз дауысқа мұқтаж сезінген Ердоған екінші турды оңай жеңетін сияқты. Мысалы Ердоғанның партия орталығындағы баяндамасында керемет үн қатты. Бұл сөзі екінші тур үгіт-насихатына жақсы бір бастама болды.

Оппозиция болса, көп параметрлерде жеңіліп қалған сыңайлы. Оппозицияның сайлау алдында  бөлмелерінде, сауалнама компанияларында және әлеуметтік желілерде көтерген үміттері сайлаудан кейін сайлаушылардың көңіл-күйін түсірді. Миллет альянсы сайлау барысындағы үгіт-насихаттарда әрі Мәжілісте көп санды иелеуді, әрі  Кылычдароғлудың бірінші турда 55 пайызбен жеңіске жететітін көп мәрте алға тартқан еді. Бірақ сайлаудан кейін нәтиже ондай болмады. Енді сайлаушының наразылығының Республика Халық партиясы және Кылычдароғлуға бағытталуы күтілуде. Оппозиция өкілдерінің сайлау түніндегі жасаған мәлімдемелері өз сайлаушыларының көңілін қалдырды. Имамоглу, Яваш және Кылычдароғлуның деректерге қайшы келетін сайлау нәтижелеріне қатысты мәлімдемелері (олар Кылычдароглуды 13-ші президент деп жариялады) екінші тур үшін өте нашар бастама болды. Оппозиция жаңа сайлауға бара жатқандай науқан дайындағысы келеді. Екінші тур сайлаудың үгіт-насихат процесін Ердоғанның керісінше бірінші түні  болымсыз бір орыннан бастады. Екі әкім және 5 партиясы басшымен сахнаға шыққан Кылычдароғлудың 1 минут 51 секундта айта алатын бірнеше сөзі Ердоғанды ​​айыптаудан және «Екінші турда жеңіске жетеміз» дегеннен басқа ештеңе емес еді. «Мен осындамын» атты видеосы арқылы Кылычдароғлу екінші турдан гөрі Республика Халық партиясы басшылығына сайланатын  сияқты. Кылычдароғлу үшін Миллет альянсы партияларының сайлаушыларын екінші турға ынтыландыруы  өте қиын болады.

Кылычдароғлу алдағы күндері 44 пайызға сілтеме жасап жақсы нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдегенімен, президенттікке кандидат ұсынған Республика Халық партиясының 25 пайызда қалуы үлкен жеңіліс. Республика Халық партиясы тізіміне 4 оңшыл партияны қосқанның өзінде жеткен белесі  осы ғана.

Оңшыл партиялар 34-35 депутат шығару арқылы жақсы саудаласқанын көрсетті. Бірақ Республика Халық партиясы сайлаушылары бұл партиялардың қосқан үлестеріне риза емес. Бұдан бұрын Акшенер Кылычдароғлуды жеңіске жете алмайтын  үміткер деп жариялаған болатын.  Оның айтқаны дұрыс сияқты.

Сайлаудың тағы бір маңызды нәтижесі--ұлтшыл сайлаушылардың саяси теңеулердегі салмағы. Алдымен Ұлтшыл Қозғалыс  партиясы 10 пайызға жақын дауыс  алды. Бұл кейбір сауалнама да таң қалдырды. Жақсы партиясы 10 пайызға жуық дауысқа ие болды және өз орнын сақтады. Ал Синан Оган 5 пайыздан асып, екінші турдың  ұлтшыл сайлаушылармен белгіленетінін көрсетті. Джумхур альянстың басым дауысқа ие болуы және Жасыл Сол партиясының  8 пайызға дейін төмендеуімен Жасыл Сол  партияның маңызды орынға ие болу арманы мүлдем жоғалған сияқты. Керісінше, Жасыл Сол партиямен бірге әрекет еткен кандидаттың жеңілетіні белгілі болды.

14 мамырдағы сайлаудың жеңімпаздарының  Ердоған мен Әділет және даму  партиясы екені сөзсіз. 21 жылдық биліктің ауыртпалығына қарамастан Әділет және даму  партиясы 35-тен астам дауыс жинаса, Джумхур альянсы  50 пайызға жетіп, Мәжілістегі көпшілікке жетті. Ердоған екінші турға өте оңай өтіп жатыр. Тағы да Ұлтшыл Қозғалыс партиясы 10 пайыз, Қайта Әл-ауқат партиясы 2,8 пайыз және Ұлы Бірлік партиясы 1 пайыз алды. Олар Ердоғанмен бірге әрекет жасап,  екінші турда жеңіске жетуді көздеуде. Ердоған екінші турда сайлаудағы жетістіктерімен ғана бәсекелеседі. Бір көшбасшымен 26 жыл үзіліссіз демократиялық билік жүргізген партия Түркияның да, дүниежүзінің де тарихында тұңғыш рет жазылды.

Екінші турдың қорытындысы түрік саясатына қатысты көптеген мәселені қайтадан күн тәртібіне әкеледі.



Ұқсас жаңалықтар