Апталық Анализ 24

Түркияда 6 ақпанда екі күшті жер сілкінісі болды.

1944943
Апталық Анализ 24

 

Түркияда 6 ақпанда екі күшті жер сілкінісі болды. Мамандардың айтуынша, 8 сағаттық интервалмен болған бұл жер сілкінісі әлем тарихында бірінші рет болып отыр. Теңіздердегі жер сілкіністерін есепке алмасақ, қуаты жағынан әлем тарихындағы ең ірі жер сілкіністерінің бірі болып саналады. Жер сілкінісінен 10 қала зардап  шекті. Солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс желісінде оның әсері мен қирандылары еске алынғанда бұл жер сілкінісі Германияның географиясымен тең аймаққа әсер етті. Басқаша айтқанда, бұл жер сілкініс Германияда болса, бүкіл ел дерлік зардап шеккен болар еді. Бұл сандарға жер сілкінісінен зардап шеккен 13,5 миллион адамды қосқанда, бұл шығын  өте ауыр.

Жер сілкінісінің алғашқы сәтінен бастап қарқынды жұмыс және күш-жігер көрсетілгенімен, мұндай көлемдегі жер сілкінісінің жойқын әсеріне тез және жеткілікті әрекет ету мүмкін емес. Жер сілкінісімен күресуге рұқсаты бар барлық мекемелер алғашқы 24 сағатта жер сілкінісі болған аймаққа жіберілгенімен, олар толықтай жеткіліксіз болды. Алайда Түркияның соңғы жиырма жылда дамыған әлеуетін ескерсек, бұл жер сілкінісінің зияны мен шығындарын жоюда табысты болады деп айта аламыз.  Бірақ Түркия әлі де өте ұзақ процесс алдында тұр.

Бұл процестердің біріншісі жер сілкінісі салдарынан болған қирауды жою болады. Алғашқы 72 сағат өте маңызды болды және бұл уақыт аяқталуға жақын. Он мыңға жуық адам құтқарылды. Өкінішке орай адам шығыны он мыңнан асты. Құрбандардың көп болатыны анық. Осы себепті жер сілкінісінен болған қираудың ең үлкен әсері адам шығыны болады. Бәлкім Түркия ең үлкен шығынды басынан кешіретін шығар. Бұл шығын 1999 жылғы Измит жер сілкінісінен жоғары болуы мүмкін.

Екінші мәселенің бірі – қазіргі таңда жер сілкінісі салдарынан 13,5 миллион адам зардап шегіп отыр. Мұндай көп халықтың баспана және басқа да шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру өте қиын және көп уақытты қажет етеді. Тағы бір мәселе--жер сілкінісінің әлеуметтік-психологиялық жағы. Жер сілкінісі-- қоғамның жалпы көңіл-күйіне айтарлықтай әсер ететін табиғи апаттардың бірі. Жаңа ғана Ковид-19 індетінен аман-есен қалған және бұл іднетті жеңуге тырысқан қауым енді тағы бір үлкен табиғи апатқа тап болуда. Бұл апат қоғамға ұзақ әсер етуі мүмкін. Осы себепті қоғамның психикалық денсаулығын мықты ұстау және бұл үшін қоғаммен ынтымақтастықта болу өте маңызды. Түрік қоғамы осыған дейінгі табиғи апаттарда осындай ынтымақ үлгілерін көрсеткен еді. Бұл жолы да сол рухтың күшті болатынын да айта аламыз.

Әрбір жер сілкінісінің сөзсіз түрде экономикалық шығындары болады.  Түркиядағы бұл жер сілкінісінің де экономикалық шығыны болатыны баршаға аян. Бұл шығынды қазір дәл басып айта алмасақ та мұндай магнитудалық жер сілкінісінің экономикалық шығыны айтарлықтай жоғары болатыны сөзсіз.

Түркиядағы бұл жер сілкіністің көлемі Германияның географиясымен бірдей аумақта болды. Сонымен қатар Украинадағы соғыстан әлдеқайда жойқын. Осы себепті халықаралық қауымдастықтың Түркияға көмек көрсетудегі белсенді ұстанымы жалғасуы керек.

 



Ұқсас жаңалықтар