Апталық Анализ 23

Түрік қорғаныс өнеркәсібі өсуде.

1941718
Апталық Анализ 23

 

Түрік қорғаныс өнеркәсібі өсуде. Соңғы жылдары айтарлықтай өскен сектор 2022 жылы шарықтау шегіне жетті. Түрік қорғаныс өнеркәсібі және авиация секторы 2022 жылы 4,3 миллиард долларлық экспортты жүзеге асырды. Сектор 2021 жылы 3,2 миллиард доллар экспорттап жаңа рекорд жаңалады.

Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның тақырыпқа байланысты анализдерін ұсынамыз.

Ардақты тыңдармандар.

Әділет және даму  партиясы үкіметінің бірінші мерзімінен бері стратегиялық сектор ретінде Түрік қорғаныс өнеркәсібі және авиация секторына қатты көңіл бөлді. Әсіресе  соңғы жылдары шарықтау шегіне жеткен сектор тек 2022 жылының өзінде 4,3 миллиард долларлық экспорт жасады. 2021 жылы «BAYKAR» компаниясы сектордың экспорттық көшбасшысы болды. Әйгілі «TB2» өндірушісі болып табылатын компания 2022 жылы 1,18 миллиард долларлық экспортты жүзеге асырды. Шамамен 50 миллиард долларға жеткен түрік қорғаныс өнеркәсібі секторында көптеген фирмалар жаһандық лигада бірінші орынға көтерілуде. Әлемнің көптеген еліне экспорттық желісін кеңейтумен қатар түрік фирмалары әлемдегі ең үзддік 100 компанияның қатарында орын алды. 7 түрік компаниясы қорғаныс өнеркәсібі саласында жоғары сапалы жаһандық бәсекелестік тізіміне енді. Әсіресе «Aselsan» және «TAİ» сияқты түрік компаниялары орасан зор табысқа жетуде.

Түркия сыртқы саясатта өз мүдделерін тәуелсіз түрде қорғауға тарысуда. Бұл саясаты өкінішке орай батыс одақтастарының өте ауыр санкцияларына ұшырады. Атап айтқанда, қару санкциялары түрік армиясының дамуын тежеуге  алды. Бірақ бұл санкциялар мен эмбарголар Түркияның табандылығын арттырып, түрік қорғаныс өнеркәсібінің дамуына серпініс берді. Осы таңда түрік армиясының қажеттілігінің 80 пайызын ұлттық өндіріс орындарымен қамтамасыз етуге болады. Бұл сектор миллиардтаған долларды экспорттай алатын деңгейге жетті. Әрине Түркияны бұл саладағы коспаниялардан  ерекшелендіретін ең басты ерекшелігі--оның қақтығыстарға белсене араласып, ауқымды шекаралық әскери операциялар жүргізетін ел болуы. Осылайша Түркия бұл саладағы қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар өзі шығаратын қару жүйелерін белсенді түрде сынақтан өткізу және одан әрі дамыту мүмкіндігіне ие. Әсіресе қарулы ұшқышсыз әуе аппараты саласында түрік компаниялары соғыстың сипатын өзгертетін ауқымдағы жаңалықтарға қол жеткізді.  Ирак, Сирия, Ливия және Әзербайжан сияқты елдерде қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары қолданылды.  Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары соғыс майдаындағы ықпалы арқылы барша әлемнің назарын аударды.  Қазір 30-дан астам ел түрік ұшқышсыз әуе аппараттарын сатып алды және  ондаған ел оны алуға тырысуда. Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары асимметриялық және әдеттегі мақсаттарға қарсы сирек жүйелердің бірі болып табылады.

Қорғаныс өнеркәсібі Түркияны үлкен мемлекет болу тұрғысынан болашаққа апаратын секторлар арасында бірінші орында тұр. Қазіргі үкімет осы санамен секторға қолдау көрсетуді жалғастырады деп болжауға болады. Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы 2053 жылға дейін түрік қорғаныс өнеркәсібін 100 пайыз тәуелсіз етуді және экспорттық қуатын 50 миллиард долларға жеткізуді көздеуде. Әділет және даму партиясы үкіметі 2003 жылдан бері секторға үлкен қолдауы арқылы соңғы кезеңде түрік әскери өнеркәсібі саласында жан-жақты трансформация процесі болды. 2016 жылғы сәтсіз төңкеріс әрекетінен кейін қорғаныс өнеркәсібінің Президенттікке қарасты болуы және Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының құрылуы да осында тиімді болды. Сондықтан қорғаныс өнеркәсібіндегі даму да артады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар