Түркияда 2022 жылы қарбалас өтті

Апталық Анализ – 18-2022

1925832
Түркияда 2022 жылы қарбалас өтті

Түркияның Украина соғысындағы тепе-теңдік саясаты Украинадағы соғыс үшін емес, бастысы стратегиялық еркіндікті қамдау және геосаяси мүмкіндіктерін көбейтуге бағытталған көлемді стратегиялық, әрі геосаяси беталыстың бір бөлшегі болып табылады. Түркияның батыс елдерімен қарым-қатынасы практикалық ынтымақтастық пен тепе-теңдік ізденістері тұрғысынан 2023 жылы да жалғасады. Украина соғысы жөнінде Түркияның 2023 жылы қазіргі жағдай мен тарапсыздық саясатын жалғастыруы жоспарлануда. 2023 жылы тың келіссөз турлары болуы және Түркияның осы орайдан пайдалана отырып ерекшелігін қолдануы мүмкін.

Сіздерге Қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы, профессор доктор Мұрат Ялчынташтың тақырыпқа байланысты бағаландыруларын ұсынамыз.

Түркияның сыртқы қарым-қатынастарда «сауда елі» ерекшелігінің 2023 жылы да жалғасуы ықтимал. Өйткені экономикалық қиындықтардың қысқа уақытта шешілетін түрі жоқ. Сонымен бірге әлем экономикасының жаһандық індеттің ауыр жүгінің әсерінде қалуы және 2023 жылы жаһандық тоқырау мүмкіндігі себепті Түркиядан басқа барлық елдер үшін экономикалық қайғы басты күн тәртіпті иелеп отыр.

Экономикадағы осы көрініске жанама ретінде Түркия мен ортақтары арасында жалғасып келе жатқан қалыпқа түсу мен келісім процесінің 2023 жылы да тереңдеуі және жалғасуы күтіледі, себебі аталмыш процестің басталу шарттары 2023 жылы да күшке ие болады. Түркия сыртқы саясатының тың беталысы болған қорғаныс өнеркәсібі 2022 жылы болғанындай, 2023 жылы да толассыз көтеріледі. Түркия қазірдің өзінде «Дрон саясатын» немесе «Қорғаныс дипломатиясы» аталған қорғаныс өнімдері экспорт нарқын әрі ерекшелігі, әрі сапасы жағынан кеңейтіп келеді. Украинадғы соғыс Ресейдің көптеген елге қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін экспорт ету мүмкіндіктерін шектеді және Ресейдің күші соғыс алдағы жылы да жалғасатындықтан 2023 жылы азаяды. Ресейдің әсіресе Азия, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасында туғызған бостықты Түркия толтыруға дайындалуда.

2023 жылы Түркияның әрі ел ішінде, әрі шетелдерде террормен күрес талпыныстары жалғасады. 2022 жылы Түркияның терроризммен күрес операциялары Солтүстік Иракта тереңдеді. Түркияның операциялық және стратегиялық нысаналары толық орындалмады. Сол себепті Түркия Солтүстік Иракта жалғасқан террормен күрес операцияларын аяқтауға талпынады. Солтүстік Сирияда анықталған YPG террор ұйымының лидерлері мен мүшелеріне бағытталған сезімтал операцияларды жалғастыруы да ықтимал. Стамбулдағы бомбалы шабуылда байқалғанындай, YPG террор ұйымының қаупі Түркия үшін шешуші мәселе және Түркия Сирияның солтүстігіндегі YPG террор ұйымының бақылауындағы аймақтарға шекара тысы әскери операцияларды 2023 жылы да жасауы мүмкін.

2023 жылы Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарындағы басты тақырып Сенаттың Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Боб Менендес тосқауыл қойған жаңа топтағы F-16 соғыс ұшақтары мен модернизация жабдықтарының Түркияға экспорт етілуі болмақ. Түркияның Сирияның солтүстігіндегі YPG террор ұйымына бағытталған әркери операциялары да екі ел байланыстарын тұйыққа тіреуде. Джо Байден Түркияның 2023 жылғы президенттік сайлауы алдында жасалуы жоспарланған операция жөнінде АҚШ-тағы сайлауда болғанындай Ердоғанға қарсы айқын тұғыр ұстанса, Түркияның ішкі саясаты да екі ел арасындағы дағдарысқа себеп болуы мүмкін көрінеді.

Түркия мен Грекия қарым-қатынастарында Эгей мен Жерорта теңізінің шығысындағы теңіз алаңдарында дағдарыстың асқынуы да ықтимал. Грекияның Крит аралы теңіз аймағындағы пайымдаулары және Түркия мен Ливияның екіжақты шектелген арнайы экономикалық аймақтары арасындағы қақтығыстар 2023 жылы да Түркия мен Грекия арасындағы дағдарысқа себеп болуы мүмкін. Себебі Грекия қазірдің өзінде ірі энергетикалық компаниялармен аймақта көмірсутектерді барлау үшін келісімшарт жасап отыр. 2023 жылдың ортасында Түркия мен Грекияда өтетін сайлаулармен дағдарыс азайып, үшінші тараптың килігуі үшін дипломатиялық және геосаяси ойын қабілеті шекті болады. Түркия мен Грекия арасындағы дағдарыстар Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарында өзін көрсетуде. Сондықтан 2023 жылы Түркия мен Грекия арасында болатын дағдарыстар Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарына да әсерін тигізеді.

Түркия мен Әзербайжан қарым-қатынастарында 2023 жылы екі жақтылы қарым-қатынастардың стратегиялық ерекшелігінің бекемделетінін күтуге болады. Түркия еркіндік алған Қарабах аймағының өркендеуі мен тұрақтылыққа жетуі және әскери ынтымақтастықтың жалғасуы тақырыбында Әзербайжанға қолдау береді. Түркия сонымен бірге Әзербайжан-Армения арасындағы әскери дағдарысты тосу үшін талпынысын арттырады.

2023 жылы Түркияның Әзербайжанмен байланыстары көлемді энергиялық геосаяси нәтижелер жаратады. Путиннің Түркияны энергия базасына айналдыру ұсынысы іске асып-аспағанына қарамай Әзербайжаннан Түркия арқылы Еуропаға созылған қазіргі энергия дәлізінің Түрікменстаннан энергия сатып алумен күшінің артуы мүмкін.

Украинадағы соғыс 2023 жылға созылып, Түркия күн тәртіптегі орнын қорғайды. Түркия әрі Киев, әрі Мәскеудегі басымдылығынан пайдаланып «Дақыл келісімін» жаңалау талпынысын жалғастырады. Түркия 2023 жылы тараптар арасындағы бейбітшілік кездесулерінің қайта басталуы мен дағдарысты азайту үшін барлық орайды қолдан жібермейді.

2023 жылы Таяу Шығыстағы басты күн тәртіп көптеген ел арасында жалғасқан қалыпқа түсу және келісім талпыныстары болады. Аймақтағы қалыпқа түсу және келісім талпыныстарын жалғастырудың басты қаупі ұшқары оңшылдарды қамтыған Израиль үкіметі болып табылады. Шығыс Иерусалим мен Газадағы асқынған дағдарыс қалыпқа түсу және келісім процесінің әрі «Ибрахим келісімдерін», әрі Түркия-Израиль қарым-қатынастарын сынауы мүмкін көрінеді.

 Сіздерге Қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы, профессор доктор Мұрат Яалчынташтың тақырыпқа байланысты бағаландыруларын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар