Апталық Анализ 12

СКТР-на бақылаушы мәртебесін берді.

1908031
Апталық Анализ 12

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Түрік өркениетінің жаңа дәуірі: ортақ даму мен өркендеу жолында» деген тақырыппен тоғызыншы саммитін өткізді. Өткен жылы  кезекті төраға Түркияның  үй иелігіндегі Стамбул саммитінде Түркі кеңесі атауын ТМҰ деп өзгерткен және 2040 көзқарас құжатын қабылдаған еді. Ұйымның Самарқанд саммитінде қандай көзқараспен таныстыратыны, түрік әлеміндегі ынтымақтастық пен интеграцияға қандай қадамдар жасайтыны сабырсыздықпен күтілген еді. 103 тармақтан тұратын Самарқанд декларациясында көптеген егжей-тегжейлер бар.

Саммиттің маңызды нәтижелерінің бірі сөзсіз Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) бақылаушы мәртебесін алуы болды. Декларацияның 7-ші бабында «Кипр түріктерін Түрік әлемінің бір бөлігі ретінде көретіні» айтылса, СКТР-на бақылаушы мәртебесін берді. Бұл СКТР-дағы оқшаулануды жою және Түркиядан тыс TМҰ мүшелерін ынталандыру тұрғысынан маңызды оқиға.

Бұған қоса, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев баяндамасында «Түркі әлемінің географиялық шекарасы тіпті  кеңірей» деді. Бұл  пікірге барлығы бірауыздан қосылды. Осыдан кейін  ТМҰ аясындағы «ТМҰ-ға мүше елдерден тыс жерде тұратын қандастарымыздың құқықтарын, қауіпсіздігін және ұлттық ерекшеліктерін қорғау» сияқты мәселелерді қолдауға үндеу тасталды. Бұл Әзербайжанның TМҰ платформасында Иранға берген нақты жолдамасы болды.

Декларацияда соңғы кездері шиеленіс болған Қырғызстан-Тәжікстан шекарасы мәселесіне қатысты халықаралық құқық негізінде Қырғызстанға нақты қолдау жолдамалары берілді. Сонымен қатар, иммиграция мен заңсыз көші-қоннан бастап терроризммен күрес және Ауғанстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге дейінгі көптеген мәселелерге тоқталды.

Енді бір жағынан, ТМҰ-ның дамуы және ынтымақтастықты тереңдетуде назардан тыс қалдыруға болмайтын маңызды фактор. ТМҰ-дан тыс мүше мемлекеттердің екіжақты немесе басқа да көпжақты ынтымақтастығы болып табылады. Бұл тұрғыда екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың мысалдары көп болғанымен, тек Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастарын қарастыру жеткілікті болады. Мысалы соңғы кезеңде Түркия мен Әзербайжан арасындағы екі жақты қарым-қатынастар және осы қарым-қатынас нәтижесінде ТМҰ ұйымы аясындағы ынтымақтастық үшін ынталандырушы рөл атқаратынын тілге тиек етуге болады.

Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының екіжақты және көпжақты бастамалары да маңызды. Шындығында, көшбасшылар өздері ұсынған перспективалармен TМҰ аясындағы ынтымақтастықты дамытудың ең маңызды факторы болуы мүмкін. Мысалы ТМҰ Хатшылығы мен мүше мемлекеттердің техникалық комитеттерінің ұсыныстары, көшбасшылардың көзқарастары және нұсқауларымен жобаларға ие шығуы, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін қарқынды күш салуда.

Осы тұста Түркияның басқан қадамдары мен президент Ердоғанның басшылығы арқылы TМҰ соңғы кезеңде үлкен табыстарға қол жеткізді.  Сол сияқты Әзербайжанда Әлиевтің, Қазақстанда (Назарбаев пен) Тоқаевтың, Қырғызстанда Жапаровтың және Өзбекстанда Мирзиеевтің ТМҰ-ның дамуындағы рөлі өте маңызды. Бақылаушы мүше мемлекет болып табылатын Венгрияның премьер-министрі Орбан да бұл үдерісте үйлесімді көшбасшылық танытуда.



Ұқсас жаңалықтар