Апталық Анализ 07

Керчь шабуылы мен одан кейінгі оқиғалар бұл соғыстың оңай аяқталмайтынын көрсетеді.

1893044
Апталық Анализ 07

 

    

Қырымды Ресей материгімен жалғайтын Керчь көпірінің зақымдалуы  Украина-Ресей соғысында жаңа дәуірдің бастатуына себеп болды. Оқиғадан кейін Ресей күткендей бұл шабуылға өте қатал жауап беріп, Украинаның көптеген қалаларын, соның ішінде Киевті басқарылатын зымырандармен атқылады. Медмедев бұған дейін де атап өткендей, Керчьге шабуыл Украина үшін тозақтың қақпасын ашады және бұл болып жатқан сияқты. Екі жақта қақтығыстарды күшейтіп жатқанда, қақтығыстарды дипломатиялық және саяси жолмен тоқтату мүмкіндігі азайып барады.

 Украина-Ресей соғысы майдан шебінде қызу қарқынмен жалғасып жатқан кезде, 2022 жылы 8 қазан күні таңертең Ресей 2014 жылы басып алған Қырымды материкпен жалғаған және  Кречь бұғазында орын алған Қырым көпірінде үлкен жарылыс болды. Көпірде жанармай таситын пойыз өртеніп жатқанда, көпірдің көлік қозғалысын қамтамасыз ететін бөліктері опырылып түскені байқалды. Шабуылдың қалай болғанына байланысты әртүрлі пайымдаулар алға тартылғанымен, Ресей ішінде бомбасы тиелген жүк көлігінің жарылғанын хабарлады. Путин болса  «Бұл Ресей Федерациясының аса маңызды азаматтық инфрақұрылымын жоюға бағытталған лаңкестік әрекет. Оны ойлап, жүзеге асырған және тапсырыс берген Украинаның барлау қызметі» деген пайымдау жасады.

Керчсь көпірі Еуропадағы ең ұзын көпір болып табылады. Сонымен қатар Ресей заңсыз басып алған Қырымды Ресей материгімен жалғайтын өте стратегиялық орын. Құны 3,5 миллиард долларды құрайтын төрт магистраль мен бір темір жолды қамтиды. Қырымда тұратын бейбіт тұрғындардың барлық қажеттіліктері осы желі арқылы қамтамасыз етілсе, Херсондағы орыс басқыншы күштерінің материалдық-техникалық жабдықталуы да осы жерден қамтамасыз етіледі. Көпір өзінің стратегиялық құндылығымен қатар Ресей мен Путин үшін символдық тұрғыдан да үлкен маңызға ие. Керчь көпірі бүкіл орыс оккупациясының символдық ескерткіші ретінде көрінеді. Сондықтан Путиннің туған күнінде мұндай құрылымның бомбалануы үлкен оқиға және барлық назар Ресейдің жауабында болды.

Бұған дейін Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев атап өткендей, Керчь мен Қырымға ықтимал шабуыл Украина үшін тозақтың қақпасын ашатыны әрдайым баса айтылды. Бұл күткендей болды. Бірнеше күннен кейін Ресей армиясы басқарылатын зымырандармен Украинаның көптеген қалаларын, әсіресе Киевті нысанаға алды. Барлығы жүзден астам басқарылатын зымырандар қолданылған шабуылдарда көптеген маңызды инфрақұрылым нысандары, әсіресе жылу станциялары нысанаға алынды. Бейбіт тұрғындар да оққа ұшты.  Бұл шабуылдар соғыс барысына тікелей әсер етпесе де, Ресейдің Керчьге жасалған шабуылға ең болмағанда тиімді жауап қайтара алғаны байқалды.

Ресей үшін 2 күнге созылған зымырандық шабуылдардың құны кем дегенде бір миллиард долларды құрайды деп есептелді. Әрине Украинаның инфрақұрылымы әлдеқайда көп зардап шекті. Бірақ біздің алдымызда тұрған маңызды сұрақ - ресейліктер үшін басқарылатын зымырандық шабуылдар қаншалықты шыдамды ? Бағалауларға сәйкес, Ресей армиясының инвентарындағы стратегиялық маңызы бар басқарылатын зымырандар тез таусылады және ресей қорғаныс өнеркәсібі шет елдерге тәуелді зымырандық жүйелерді жеткілікті жылдамдықпен шығара алмайды. Соғыс кезінде орыстар бұл жүйелерді өте сирек пайдаланғаны байқалады. Алдыңғы шепке көп әсер етпейтін бұл шабуылдар орыс әскерінің рухы мен жігерін арттырған болуы мүмкін. Украина армиясының Херсондағы ілгерілеуі соңғы күндері тоқтап қалған сияқты. Жартылай жұмылдыру шешімінен кейін Украинаға ауысқан жаңа Ресей күштерінің тепе-теңдік тудыратыны белгісіз. Әсіресе, Батыс елдерінің Украинаға әскери қолдауының күшеюін қарастыратын болсақ, екі жақ үшін де соғыстың өршігені шындық. Керчь шабуылы мен одан кейінгі оқиғалар бұл соғыстың оңай аяқталмайтынын көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар