Апталық Анализ 41

Ердоған Тель-Рифат және Манбиджтегі PKK/YPG мүшелерін тазалайтынын айтты.

1840792
Апталық Анализ 41

Президент Режеп Тайып Ердоған шекара желілерінде қауіп төндіргені себепті Тель-Рифат және Манбиджтегі PKK/YPG мүшелерін тазалайтынын айтты. Қазір Сирия территориясында әрекеттілік бар. Осы аяда Түрік Қарулы Күштері және Сирия ұлттық армиясы дайындықтар жасап жатыр. Бұл аймақтарға кең көлемді бір операция бастайды. Украина дағдарысының Сирияға ықпалы байқала бастады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның мәлемдемелерінен кейін барлық назар қайтадан Сирия территориясына ауа бастады. Түрік Қарулы Күштері және Сирия ұлттық армиясы дайындықтар жасап, Тель-Рифат және Манбидж аймағындағы  PKK/YPG мүшелерін нысанаға алу үшін күтіп отыр. PKK/YPG террор ұйымы 2016 жылы Ресейдің әуеден жасаған қолдауымен Тель-Рифатты басып алды. PKK/YPG-лік террористтер АҚШ-тың әуеден жасаған қолдауымен ДАИШ-пен күрескен сияқты көрініп, Манбиджті жаулап алды. Екі аймақта да үстемдік орнатты. Террористтер бұл жерде жастар мен балаларды қарумен қорқытуда және араб және түрікмендерге жәбір көрсетуде.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің екі аймақты Азаз, Африн, Баб, Джераблус сынды қалаларға қарсы террор әрекеттер жасау үшін база ретінде қолданғандары баршаға аян. Түркия әрі ұлттық қауіпсіздікті, әрі Сириядағы аймақтардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін осы аймақтағы террор күштерін тазалауды көздеуде.

Ең соңында Тель-Рифат және Манбиджтегі PKK мүшелері Ресей және режимнің қолдауымен ойран салуда. Украина дағдарысынан туындаған жаңа геосаяси тепе-теңдік Түркияның операция жасауына орай туды. Түркия Ресеймен дипломатиялық келіссөздер жүргізуде. Ресейдің осы аймақтардан шегінуі үшін жұмыс істеуде. Кездесулерден кейін Түрік Қарулы Күштері және Сирия ұлттық армиясының операция жасайтыны және көп шығынға ұшырамай-ақ осы аймақтан террор ұйымдарын тазалайтыны айқын байқалуда.

 



Ұқсас жаңалықтар