Апталық Анализ 28

​​​​​​​Ресейдің Украинаға бағытталған шабуылдары халықаралық жүйені бұзды.

1794285
Апталық Анализ 28

Ресейдің Украинаға бағытталған шабуылдары халықаралық жүйені бұзды. Дағдарыстың басынан бері Украинаны жаулау ниетінің болмағанын айтқан Путин Донбасс аймағындағы жікшіл республикаларының тәуелсіздігін танығаннан кейін, Украинаға кең көлемді түрде шабуыл жасау бұйрығын берді. Соғыс қазір төрт аймақта шоғырланған. Бірінші аймақ Украинаның астанасы Киевтен құралуда. 15 күннен бері үздіксіз шабуылдарға қарамастан орыс жасақтары Киевті басып ала алған жоқ. Екінші аймақ болса Харьков қаласы және маңындағы елді мекендерден құралуда. Ең аяусыз соғыстар болған аймақты да орыстар толыққанды түрде бақылау астына ала алмады. Үшінші аймақ болса, операциялар алғаш рет басталған Донбасс аймағы. Ресейдің бұл жердегі мақсаты Мариуполь кемежай қаласын жаулап алу еді. Қазір қала қоршаудың астына алынды. Бірақ қаланың бақылауы толық алынған жоқ. Төртінші аймақ болса, шабуылдар ушыққан Қырым желісі. Бұл түйінде орыстар Одесса қаласын нысанаға алуда. Орыстардың мақсаты Одессаны бақылау астына алып, Украинаның Қаратеңізбен болған байланыс желістерін үзу еді. Соғыстың 16-шы күнінде орыстар үлкен шығынға душар болуда. Соғыс әр жерге жайылатын бір түйінге келді.

Түркия Украина дағдарысы басталғанан бері араағайындық рөл атқаруға тырысты. Бастабындағы мақсаты дағдарыстың соғысқа айналуын тосу болатын. Осы түйінде екі тарапқа да үндеу тастады. Анкара Украинада болатын бір соғыстың өзіне тигізетін ықпалын басынан бері байқап келді. Алайда соғысты тосу түйінінде табысты бола алмады. Қазіргі нысана болса, соғыстың доғарылуы және кең таралмауын тосу. Мысалы Батыс пен Ресей арасындағы шиеленіс күн сайын өршуде. Батыс бір тараптан Ресейге қарсы ауыр санкциялар жасауда, енді бір тараптан Украинаға әскери жәрдем беруде. Анкара болса, әлі де дипломатиялық бір шешімнен үміт күтуде.

Дәл осы түйінде соғыстың 15-ші күнінде Анталия дипломатиялық форумында Украина мен Ресей арасында алғаш рет жоғарғы деңгейдегі кездесуі Түркияның араағайындығымен өтті. Кездесуде Ресей тарапының өте мазасыз болғаны байқалды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров баспасөз жиналысында сынға тартылған сұрақтарға жауап берген кезде қиналды. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба болса, Ресейдің қабылдауға болмайтын шарттар қойғанын айтты. Қазірше Анталия саммитінен бір нәтиже шыққан жоқ. Алайда бұл жағдай Түркияның дипломатиялық ізденістерін тоқтата алмайды. Мысалы соғыстың тіпті де кең таралуы Қаратеңізде Қырғи қабақ соғыстан кейін қалыптасқан жүйенің бұзылатындай Түркия-Ресей қарым-қатыанстарына болымсыз ықпал жасайтыны баршаға аян. Енді бір жағынан санкциялар тіпті көбейген жағдайда Түркияның бұл тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі де азаяды.

Украина соғысы Түркияның аймақтық қиын-қыстау жағдайды тіпті де қиындастырады. Бұл соғыс Анкара үшін Сириядағы дағдарыстан тіпті үлкен бір геосаяси бүліктің жарыққа шығу мағынасын білдіреді. Қаратеңіз Түркияның қауіпсіздік тақырыбындағы бірінші орындағы мәселесі. Әрі батыс, әрі Ресеймен қарым-қатынастарын жалғастырғысы келген Түркия сонымен қатар Украинамен де болған стратегиялық қарым-қатынасының бұзылуынан алаңдауда. Енді бір жағынан Ресей бұл дағдарыста жеңіске жететін болса, онда Анкараның Ресеймен болған бәсекесі ұлғая түседі.  Сондықтан Украина соғысы Анкараның соңғы кезеңде кездескен ең маңызды өзін көрсету орайы болып табылады. Түркияның сыртқы саясатында үлкен өзгерістер болады.

 

 

         



Ұқсас жаңалықтар