Апталық Анализ 27

Орыс армиясы Украинаға аяусыз шабуыл жасады

1790150
Апталық Анализ 27

 

 

Орыс армиясы Украинаға аяусыз шабуыл жасады. Путин орыс армиясына «Найзағай операциясы» бұйрығын берген кезде, Киевті басып алғаннан кейін соғыстың тез бітетінін ойлаған еді. Өкінішке орай,  Украина армиясының тойтарысы, Украина халқының жаулау әрекетіне қарсы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмылуы және Зеленскийдің батылдық басшылығы Ресейдің жоспарын жүзеге асыртпады. Ресейдің енді құлдырау процесі күтілуде. Батыс елдерінің де береке-бірлік ішіндегі табанды  тұғыры Ресейді үлкен бір стратегиялық күйзеліске апарып соқты.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаны жаулау үшін үлкен қауіп-қатерге кірісті және қазір барлық жоспар ойдағыдай орындалмауда. Путин орыс армиясына «Найзағай операциясы» бұйрығын берген кезде, Киевті қысқа мерзім ішінде басып алатынын межелеген еді. Путин Зеленский лидерлігіндегі әкімшіліктің құлайтынын, қолбасшылық жүйесінің күйреп, Украина армиясының ел көлеміндегі тойтарысының доғарылатынын және Киевте Ресей тарапынан белгіленетін жаңа биліктің елді басқаратынын ойлап, солай әрекет жасады.

Өкінішке орай, соғыстың басталуымен орыс армиясының «Найзағай операциясы» сәтсіздікке дөп келді. Киевті жаулап алуға бағытталған арнайы әскери әрекет Украина армиясының тойтарысына ұшырады. Осылайша әрі Украинаның саяси басшылығы, әрі қолбасшылық жүйесі ыдыраған жоқ. Керісінше тіпті күшейіп, үлкен жігер көрсетті. «Найзағай операциясы» табыссыз болғаннан кейін Ресейдің «Б» жоспары да жеткілікті емес екені айқын байқалды. Орыс әскерінің жаулау әрекеті мемлекеттің шығысында да, оңтүстігінде де тойтарысқа тап болды. Киевке ілгерлеген солтүстіктегі күштердің де өте ақырын жылжығаны байқалуда. Бұл жерде әсіресе Ресейдің Украина әуе кеңістігінде толыққанды үстемдік орната алмауы, сауытты жасақтарға Ұшқышсыз әуе аппараттарының қолдау көрсете алмауы үлкен олқылық болып табылады. Сонымен қатар қолбасшылық жүйесінің нашарлығы, логистикалық мәселелер, орыс армиясының өте баяу ілгерлеуі де үлкен шығындарға себеп болды. Орыс әскерлерінің көңіл-күйлері де нашар еді.

Украина армиясының халықпен біте қайнасып араласа тойтарыс беруі, әсіресе Түрік TB2 қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының міндет атқаруы Ресейдің шабуылдарына қатты соққы берді. Соғыстың басында-ақ жүздеген орыс әскері залалсыздандырылса, көптеген әскер қолға түсті. Орыстың сауытты жасақтары кедергіге ұшырап, үлкен шығынға тап болды.

Майдан желісінде орыс күштері мықтылығын көрсете алмады. Батыс елдері Ресейге қарсы бірлікте әрекет жасады. Үлкен санкциялар жасап, Ресей экономикасының еңсесін көтертпей,  күйзеліске ұшыратты. Бұл жағдай Ресейдің Украинаны жаулауының қорытындысы сияқты болып көрінуде.

Әскери, экономикалық және саяси жақтан Путин қатты соққыға ұшырады. Путин Ресейді стратегиялық бір күйзеліске апаруда. Барлық дәлелдер бұл шындықты көрсетіп отыр.

 



Ұқсас жаңалықтар