Апталық Анализ 20

Қазақстанда болған оқиғалар 2021 жылы құрылған Түрік Мемлекеттері Ұйымының алғашқы емтиханы болды.

1762420
Апталық Анализ 20

2022 жылы халықаралық саясат тұрғысынан тез басталды. Батыс пен Ресей арасында бірталай уақыттан бері жалғасқан Украина дағдарысының әслінде 2022 жылының ең маңызды тақырыбы болатыны баршаға аян еді. Мысалы АҚШ пен Ресей делегациялары арасында Женевада өткізілген «Украина саммитінен» ешқандай бір нәтиже шыққан жоқ. Керісінше өзара жасалған мәлімдемелер Украина дағдарысының ушығып жалғасқанын көрсетті. НАТО-ның мәлімдемесінде болса ымыраласудың қазірше мүмкін емес екені және Ресей мен Украина  тақырыбында кездесудің жалғасатыны білдірілді. Мәскеу де Украинаның өздері үшін қызыл сызық екенін пайымдады. Путиннің «қауіпсіздік кепілгері» ретінде АҚШ-қа ұсынылған шарттарының орындалуы өте қиын. Украина дағдарысына шоғырланған кезде, үлкен оқиғалар Қазақстанда туылды. Қазақстанның батысында 2 қаңтар күнінен бастап сұйытылған мұнай газының қымбаттауы мен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты наразылық акциялары елдің басқа аймақтарына тарады.  Осы оқиғаларға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісім шарт ұйымы Бейбітшілік күшін Қазақстанға шақырды.

Қазақстан Кеңестер Одағының ыдырауынан кейін Тәуелсіздік алған Орталық Азиядағы ең маңызды бір елі болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның экономикасы күшейді, шетелдік инвесторлар елге инвестиция сала бастады. Сыртқы саясатта тепе-теңдік саясат жүргізілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің лидерлігінде тез қарқынды дамыған Қазақстан соңғы кезеңде әсіресе энергия ерекшелігімен танылды. Табиғи байлықтарының арқасында аймақта күшті бір елге айналды. Алайда болған ереуілдер Қазақстанның саяси тұрғыдан әлсіз жағын көрсетті. Оқиғалардың басталуының бірнеше басты себебі бар.

Біріншісі, дамыған және өскен экономикаға қарамастан Қазақстан халқының тұрмыс жағдайының нашар болуы. Бай ресрустардан түскен кірістердің халыққа берілмеуі ұзақ уақыттан бері болған мазасыздықтар халықтың  бейбіт ереуілдеріне себеп болды. Бұл мәселенің жаһандық пандемиямен тіпті ушыққаны шайдай ашық. Сондықтан  наразылық акциялардың басты себебі елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы.

Алайда экономиканың нашарлауы және кірістің тең бөлінбеуі ереуілдердің жалғыз себебі деп айту өте қиын. Қазақстанның сратегиялық маңыздылығына орай Ресейдің ықпал алаңында орын алған бір ел. Бір жағынан Қытайдың Қазақстанмен жасалған қою энергетика байланыстары Ресейді мазасыз етті. Енді бір жағынан Қазақстанның батыс елдерімен болған жақын қарым-қатынасы және Түрік Мемлекеттері Ұйымының құрылуында ойнаған белсенді рөлі Мәскеу әкімшілігінің назарын аударды.  Қазақстанның күш бәсекесінің дәл орталығында орын алған бір ел болуы ереуілдің тізгінделуден шығып басқа бағытқа айналуына апарып соқты. Ресейдің стратегиялық әскери жасақтарының тек қарқынды түрде Қазақстанға кіруі осы тепе-теңдік шеңберінде бағаландыруға болады.

Қазақстанда болған оқиғалар 2021 жылы құрылған Түрік Мемлекеттері Ұйымының алғашқы емтиханы болды. Ұйым тез арада бір жиналыс өткізіп, Қазақстан Республикасының қасында болғанын және әртүрлі жәрдемге дайын екенін жариялады. Түрік Мемлекеттері Ұйымы мұндай дағдарыста тіпті белсенді рөл алатын бір механизмге ие емес. Сондықтан Түрік Мемлекеттері Ұйымының мұндай дағдарыстарда белсенді рөл ойнауы үшін біраз уақыт керек.

Қазақстандағы оқиғалар тынышталды. Алайда бұдан кейін аймақта бәсекелер жалғасады. Барлық елдер процесті қадағалап отырады. Бұл түйінде Түрік Мемлекеттері Ұйымына да үлкен міндет жүктелуде.

 



Ұқсас жаңалықтар