Апталық Анализ 1

Түркияның террормен күресуі.

1701776
Апталық Анализ 1

Түркияның террормен күресуі тез қарқынды түрде жалғасуда. Осы барыста Түрік Қарулы Күштері мен Ұтттық барлау үйымы бірнеше елде бірдей уақытта операция арқылы террор ұйымын күйретуде. Соңғы күндерде әсіресе Сирияда арт-артынан жүргізілген операциялармен ұйымның Сирия қанаты PYD/YPG-ге қатты соққы жасады. PYD/YPG АҚШ қорғауы астында Сириядағы лаңкестік шабуылдарын жалғастырған кезде, Түркия ұйымды одан ары әлсіретуде.

PKK террор ұйымы Түркия ішінде террор басшысы Абдуллах Өжалан тарапынан 1970 жылдарының орталарында құрылған.  PKK әсіресе Сириямен қояy-қолтық араласып, Сирия ішінде үлкейе бастаған еді. Асад режимі Баба Асад дәурінде Ливанда Бека лагерьлерінде ұйым мүшелерін машықтандырып, Түркияға қарсы қолдануға тырысқан. Алайда Түркия әскери жақтан килігіп, Өжалан және басқа ұйым мүшелерін елден шығарған болатын. Сирия төңкерісінің басталуымен бірге Асад режимі қайтадан PKK-ны әрі төңкерісшіл күштерге, әрі Түркияға қарсы қолданды. Ұйымның Сириядағы қанаты PYD/YPG-мен ынтымақтастық жасады. Осылайша көптеген аймақтан шегініп, бұл жерлерді террор ұйымына тастады.

Террор ұйымы режиммен жасырын түрде ынтымақтастығын дамытқан кезде Сирияның солтүстігіндегі көптеген аймақта үстемдік орнатты. Одан кейін ДАИШ-пен күрескендей болып, АҚШ-пен ынтымақтастық жасай отырып, алаңдарын тіпті кеңейтті. Әсіресе 2014 жылының орталарынан бастап PYD/YPG Америка Құрама Штаттарының қолдауымен Сирияның солтүстік-шығысын бақылау астына алды. Ракка, Дейр-эз-зор сынды энергия байлықтары мол араб аймақтарында да АҚШ әскерлерімен бірге бақылау міндетін атқарды.

Басты мақсаттары бақылау астына алған Африн мен Сирияның шығысындағы аймақтарды бірлестіріп ілгерілеу. Сондай-ақ Жерорта теңізінің шығысына дейін барып, автономиялық бір шағын мемлекет құру еді. Бірақ Түркия 15 шілдедегі төңкеріс әрекетінен кейін, алдыман «Евфрат қалқаны» операциясы, одан кейін «Зәйтүн бұтағы» операциясы арқылы осы жоспарларын бұзды. Одан кейін болса, тағы «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен Евфраттың шығысындағы Тель-Абьяд пен Расулайнды террор ұйымынан азат етіп, «PKK мемлекеті» жоспарын жүзеге асырғызбады. Түркия АҚШ әскерлерін де негізінен аймақтан шығарған кезде, Ресей мен Асад режиміне тиесілі күштер де Евфраттың шығысында белгілі аймақтарға келіп тұрақтанды. 

Осы оқиғаларға қарамастан PYD/YPG Евфраттың шығысында Телль-Рыфат аймағында, Евфраттың шығысында болса, Маликиеге, оңтүстікке қарай Ракка және Дейр-эз-зордың бір бөлімінде ойран салуда. Түркия бір жағынан АҚШ және Ресейге қысым жасап, террор ұйымының зардаптарын азайтуға тырысса, енді бір жағынан терор ұйымы мүшелерімен күресіп, операциялар арқылы ұйымның ауыз жүзіндегі басшыларын залалсыздандырды.

Түркия террор ұйымына қатты соққы берді. Иракта ықпалды әскери операциялармен террор ұйымдарын тар бір алаңға ығыстырды. Сирия жағында болса, террор ұйымын АҚШ қорғауға тырысуда. Алайда Түркия бұл шындықты көруде. Түркия  бұл жердегі террор ұйымдарымен күрестерін табанды түрде жүргізуде.

 

 



Ұқсас жаңалықтар