Апталық Анализ 79

Еуропа Одағы саммиті және Түркия

1668951
Апталық Анализ 79

Еуропа Одағы лидерлері маусым айының аяғында тағы бір жоғарғы деңгейдегі жиналыс өткізді. Жиналыс бір ай бойынша жалғасқан дипломатиялық кездесулерден кейін болды.

2021 жылы маусым айындағы Үлкен жеті елдер саммиті, НАТО және АҚШ-Еуроодақ саммиттерімен қатар Тынық Мұхит қарым-қатынастары Джо Байденнің әкімшілігі кезінде жаңа парақтың ашылуына мүмкіндік жаратты. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың күйретуші ықпалдары әлі бар. Алайда Вашингтон Еуропа құрлығындағы одақтастарымен бірге жұмыс істеу үшін шын пейілділігін көрсетуге тырысты.

Еуропада, әсіресе қауіпсіздік және сыртқы саясат салаларында Вашингтонмен ынтымақтастықтың күшейтілуі тақырыбында аралас сезімдер де бар еді. Байденнің осы таңға дейінгі талпыныстарының Трамп басшылығындағы болымсыз мұрасын жою және Ковид-19 індетінен кейін АҚШ пен Еуроодақ арасындағы сенім және селбесуді қайтадан орнату үшін жеткілікті емес екені байқалуда. Қытаймен қандай байланыс жасалатыны, Ресей тақырыбында қандай бір тұғыр ұсталатыны, коронавирус індетінен кейін қалыпқа түсіру үшін экономикалық ынтымақтастық сынды кейбір тақырыптар күн тәртіпте болды.

Соңғы лидерлер саммитінде Түркия үшін әрқандай болымды уәде берілмеді. Брюссельмен қарым-қатынастарды қайтадан қалыпқа түсіруге дайындалған Анкара күткенін ала алмады. Түркия жайлы айтылған жылы сөздер нақтылы нәтижеге айналмады. Ауыз жүзіндегі «болымды күн тәртіптің» шын ниетті емес екені және тек Анкараның арнайы талпыныстарын қанағаттандыру үшін қолданылғаны баршаға аян болды.

Қорытынды хаттамада Түркиямен байланысты 9 бап орын алды. Алайда бұл баптардың ешбіреуі Түркияның одаққа толық мүшелігі тілге тиек етілмеді. Түркиямен қарым-қатынастарды жоғарғы деңгейге көтеру үшін нақтылы қадам басылмады. Тіпті Түркиямен диалогтың өзін белгілі шарттарға байлап тастады.

Қорытынды хаттамада сириялық босқындарға жәрдем беру тақырыптары айтылмады. Босқын тақырыбы Түркияға ғана тән бір мәселе емес. 9 айдан бері жалғасқан «болымды күн тәртіпке» қарамастан Түркиямен қарым-қатынастардың қалыпқа түсуіне байланысты нақтылы қадамдар басылған жоқ. Еуропаның уәделері ішінде мыналар орын алды: Виза еркіндігі, кеден одағының модернизациясы, қатысу процесінің қайтадан жандандырылуы, қорғаныс және сыртқы саясатта тіпті көп ынтымақтастық жасау.

Болымды күн тәртіптің тілге тиек болуы нақты секторлармен қатар азаматтық ұйымдарда Еуроодақ күн тәртібінің қолдаушыларын қуандырды. Бұл қуаныш Еуропаның үнемі кешіктіруі себепті ұзағынан сүйіндірмеді. Кейбір Еуропа Одағы елдері Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарының бұзылуына қуануы мүмкін. Алайда болымсыз жағдайдың жалғасуы Еуропа Одағының ұзақ мерзімді стратегиялық тұғырын да әлсіретеді. Еуропа елдерінің Түркияға қарата жасаған орынсыз шешімдерінен кейін Түркиядағы Еуропаға қарсы топтардың үндеріне негіз қалаған болды.

Түркиядағы ресми тұғыр Еуропа Одағының Түркиямен байланысты «болымды күн тәртібінің» шын пейіл емес екендігі жөнінде. Бұл Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарында Түркиядағы ынтымақтастықты жақтайтындардың үмітін азайтады.

Шын ниетті емес тұғырлардан пайдаланатындар Еуропадағы Түркофобик топтары және Түркияда кең қанат жайған Еуропаға күдікпен қарайтындар. Еуропа Одағы лидерлері Түркиямен қарым-қатынастардың жақсаруын кешіктіру үшін бір сылтау ретінде Понти әкімшілігі және понтилердің пайымдауларының артқы жағына тығылмауы керек. Сондықтан қазір «болымды күн тәртіптің» сенімділігі қауіпті жағдайда. Бұл тұғыр жалғасатын болса, Анкара және бұқаралық қауымның Еуропа Одағымен диалог және ынтымақтастықты дамытуға деген ынтасы жойылады.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар