Апталық Анализ 76

Түркияның Ирактың солтүстігінде террормен күресуі көбейді.

1656390
Апталық Анализ 76

Түркияның Ирактың солтүстігінде террормен күресуі көбейді. Осы кезеңде  PKK террор ұйымының тікелей Ирак күрт аймақтық әкімшілігінің әскери күші болған пешмергені нысанаға ала бастағаны байқалуда. Соңғы террорлық шабуылдарында 7 пешмерге қаза тапты және көптеген пешмерге сарбазы жарақат алды. Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің  террор ұйымы PKK-ға ашуы қатты  келді.

Соңғы кезеңде Ирактың солтүстігінде Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің әскери күші пешмергелер мен террор ұйымы PKK арасында артқан дағдарыс анда-санда қақтығыстарға айналса, PKK-ның Духок уәлаяты Амеди аймағында пешмергеге қарасты Зеравани күштеріне бағытталған шабуылдары көбейді. Соңғы террорлық шабуылдарында 6 пешмерге көз жұмды, көптеген пешмерге де жарақат алды. Одан кейін басқа бір шабуылда 1 пешмерге мерт болды. Осы шабуылдар салдарынан қатты шығынға ұшыраған Ирак күрт аймақтық әкімшілігі ашуға мінді. PKK болса өзінің тікелей жауапкершілікте емес екені жөнінде насихат жасауда.

Террор ұйымы PKK жасаған мәлімдемесінде Метинада өз алаңдарына кіруге тырысқан пешмергеге ескерту жасағандарын және шабуыл жасамағандарын алға тартуда. Алайда барлық дәлелдер  PKK-ның пешмерге күштерін нысана алғанын айқын көрсетуде. Ирак күрт аймақтық әкімшілігі лидері Барзани де  PKK-ны қатал айыптады.

Әслінде бұрынғы оқиғаларға көз жібергенімізде PKK-ның ақырын-ақырын шабуыл жасап, жағдайды ушықтырғаны шайдай ашық. Түркия Ирактың солтүстігінде PKK-ға операцияларды көбейтіп, шекара желісінен қатты соққы берді. Осы барыста пешмергенің де Түрік Қарулы Күштеріне белгілі тұрғыдан қолдау көрсетуі PKK-ны қиын жағдайға апарып соққан еді. Ұйым қатты шығынға ұшарумен қатар бақылау астына алған аймақтарда да қоршауға алынды және  логистикалық желілерінен айрылды. Қайтерін білмей қалған PKK пешмергені нысанаға алып, аймақтағы орнын қорғауға тырысуда.

Қорыта айтқанда террор ұйымы аймақтағы былықпалықтардан пайдалана отырып, көптеген алаңды бақылау астына алған. Сондай-ақ Ирак күрт аймақтық әкімшілігіне қарсы әрекет жасаған еді. Тікелей 700-ден астам ауыл PKK-ның бақылауында еді. Осы жағдай Ирак күрт аймақтық әкімшілігін, әсіресе  KDP-ліктерді көзге ілмеді. Алайда Түрік Қарулы Күштері аймақта PKK-ға ойсырата операция  жасап, KDP-ліктерге орай жаратты. Олар PKK-ға қарсы шабуыл жасай бастады.

Алдымыздағы кезеңде пешмерге мен PKK күресінің жалғасатыны, сондай-ақ осы жағдайдың Түркияның терроризммен күресуіне қолдау болатыны баршаға аян.



Ұқсас жаңалықтар