Апталық Анализ 74

Түрік Қарулы Күштері жазғы маусымында операцияларды кеңейтуде.

1647952
Апталық Анализ 74

 

 

 

Түркияның Ирактың солтүстігінде PKK террор ұйымы шоғырланған аймақтарға қарсы бастаған «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операциялары табанды түрде жалғасуда. Операцияларда осы таңға дейін 150-ге тарта террорист залалсыздандырылды. Түрік Қарулы Күштері жазғы маусымында операцияларды кеңейтуде. Түркия бір жағынан мемлекет ішінде террор ұйымын нысанаға алса, енді бір жағынан террор ұйымының ауыз жүзіндегі лидерлерін жоюда.

Түркия қорғаныс мақсатында террормен күресуді табанды түрде жалғастыруда. Қорғанысын мығымдағаннан кейін шекара сыртында операцияларды жүргізіп, террор ұйымы PKK-ны Ирак және Сирияда нысанаға алуда. Ел көлемінде таулы жерлерде ұйымға қарсы қысым жасап, барлық база аймақтарына қарсы бірдей уақытта операция ұйымдастыруда. Осы тұрғыдан алғанда террор ұйымының Түркия ішінде әрекет жасау күшін әбден әлсіретті. Ауылды өңірлерде саны 250 мөлшеріндегі ұйым мүшесі таудың үңгірлеріне тығылуға мәжбүр болды. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуның жасаған мәлімдемесіне қарағанда террор ұйымына қазір ешкім қатыспайтын болды. Залалсыздандырылған әрбір PKK мүшесінің орны бос қалды және террор ұйымы жаңа террористтерді өзіне қоса алмауда.

Түркия бір жағынан келісімдерге негізделген әдістермен Ирак және Сирияда террор ұйымы PKK-ны нысанаға алуда. Сонымен қатар Ұлттық барлау ұйымы да адам күштері және техникалық барлау қабілеттері арқылы PKK-ның ауыз жүзіндегі лидерлерін қадағалауда. Баршаға аян террорист Софи Нуреддиннің өзі PKK-ның Сириядағы басшысы еді. Ол да залалсыздандырылды. Дахукта Гараға таяу бір жерде де 4 PKK мүшесі қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен залалсыздандырылды. Ұйымның басқару жүйесі негізінен күйреді. Террор ұйымының ауыз жүзіндегі кейбір басшыларының нысанаға алынуы өте маңызды.

Түркия PKK-мен күресуде үлкен табыстарға қол жеткізуде. Әрі саяси жігер, әрі табандылық көрсетті. Түрік Қарулы Күштері мен Ұлттық барлау ұйымы барлық мүмкіндіктерді пайдалануда. Түркия террормен күресуде керемет бір түйінге қол жеткізді. Бұл табыстар Түркияның қорғаныс өнеркәсібіне және оның экспортына бейнеленді. Ең соң Түркия Польшамен экспорт келісімін жасап, келісім бойынша қарулы ұшқышсыз әуе аппаратын экспорт ететін болды. Бұл келісім Түркияның НАТО және Еуропа Одағы мүше елдеріне жасаған алғашқы жоғарғы технологияға ие ұшқышсыз әуе көлігі саудасы болуы тұрғысынан өте маңызды. Осы табыстардың артқы жағында Түркияның дамытылған жүйелерінің соғыс майданында үнемі нынақтан өткізілуінің де бір үлесі бар.



Ұқсас жаңалықтар