Апталық Анализ 70

Түркияның ПКК террорымен күресі батыл жалғасуда.

1630975
Апталық Анализ 70

 

Түркияның ПКК террорымен күресі батыл жалғасуда. Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде «Пенче Шимшек» және «Пенче Йылдырым» операциялары басталғанын жариялады. Түркияның көктем мен жаз айларында Иракта ірі операциялар жасалуы жоспарланған болатын.

Түркияның ПКК террорымен ел көлемінде және шекара сыртында Ирак пен Сирия сияқты ұйым мекендеген аймақтардағы күресі жалғасуда.  Террористік ұйымға қарсы табанды және белсенді күрес әдісін қолдануда. Ұйымның Түркия ішінде әрекет жасау күшін азайту аясында ауылды жерлердегі ұйымның мүше саны 300-ден азайды.

Алайда Түркияның террор ұйымы ПКК-мен нақтылы күресі Ирак-Сирия шеңберінде жалғасуда. Түркияның осы аймақтағы ұйымға байланысты негізгі стратегиясы алдымен террор ұйымының Түркия шекарасынан шығарылуы. Сонымен қатар олардың үстемдік орнату мен территорияны бақылау күшін жою және Ирак-Сирия желісіндегі байланысын түбегейлі үзу. Осы тұрғыдан  Түрік Қарулы Күштері Ирактың Метина, Авашин-Басиян аймақтарында жаңа бір әскери операция бастады. «Пенче Шимшек» және «Пенче Йылдырым» операциялары аясында Түркия террор ұйымы ПКК-ны Ирактың солтүстігіндегі таулы аймақтардан толығымен жоюға талпынуда. Әуе және құрлық күштерінің бір уақытта жасаған операцияларында, әуеден әскер жолдау арқылы аймақтағы стратегиялық өңірлерге арнайы күштер мен жасақ топтары орналастырылды. Түрік Қарулы Күштерінің осы жердегі маңызды стратегиялық төбелерді бақылауға алғаннан кейін база құру жоспарлануда. Осылайша әрі Түркия шекара желісінің қауіпсіздігін қорғайды, әрі ұйымның аймақтағы жаттығу алаңдары мен басқару орталықтарын күйретеді. Осы таңға дейін ПКК күштері қатты әлсіреді. Ұйымның аймақтағы қорғаныс желілерінің көбі күйретілді, 60-қа тарта террорист залалсыздандырылды.

Түрік Қарулы Күштерінің осы аймақтағы табыстарынан кейін операциялар 2021 жылы да жалғасады. Осы барыста Түрік Қарулы Күштері Гаре аймағы және Кандилге қарай үлкен бір әскери операция жасауы да мүмкін. Иракта Синджар аймағында да болымды жаңалықтар бар. Егер осы аймақта бұдан бұрын жасалған Бағдат-Эрбиль арасындағы келісім шеңберінде террор ұйымы ПКК түбегейлі жойылмайтын болса, онда  Түрік Қарулы Күштері Синджарды нысанаға алуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар