Апталық анализ - 62

Армениядағы дағдарыс

1595829
Апталық анализ - 62

Өткен аптада Армения бас штаб төрағасы премьер-министр Никол Пашинянды отставкаға шақырды.  Пашинян болса бұл жағдайды «төңкеріс бастамасы» деп атап, Бас штаб төрағасын міндеттен алуға тырысты.  Халықты да көшеге шығуға шақырды. Үкіметті қолдаушылар мен оппозициялық топтар бір уақытта Ереванға жинала бастады. Армения президенті Бас штаб төрағасын міндеттен алуды мақұлдамады және Пашинян осы жағдайда президенттің де «төңкеріс бастамасына» қолдау берді деп есептелетінін айтты.

 Енді сіздерге SETA /  Қауіпсіздік зерттеу директоры, жазушы, Проф. Мурат Йешилташтың осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Армениядағы оқиғалардың артқы жағында бір бірімен қатысты үш себеп бар.  Бұлардың біріншісі Арменияда бітпеген кедейлік пен жемқорлық. Нашар басқарудан туындаған бұл жағдай негізінде Пашинянның кесірінен болмаған,  бірақ шешім таба алмаған тақырып. Пашинянның 2018 жылы билікке келуінде батыс елдерінің қолдауы секілді кедейлік пен жемқорлыққа шешім табуына деген үміт ықпалды болған еді. Оны қолдаушылар Ресеймен жақын қатынастағы жүйе мәселелерге шешім таба алмағандықтан Пашинянды бір балама ретінде көріп, оған қолдау берген еді.

Екінші себеп - Екінші Қарабах соғысында Әзербайжанның жеңісі және Арменияның жеңілісі. Армения үкіметтері ондаған жылдан бері жалғасқан дипломатиялық келіссөздерде көнбес ұстаным ұстанып, басқыншы саясатын жүргізді. Пашинян болса ел ішіндегі тұйыққа тірелуді шешу үшін келіссөзде «бейбітшілік үшін жер» деудің орнына басқыншылықты арттырып жалғастыруға бағытталған «жаңа соғыс» моделін таңдады. Осының нәтижесінде болған Екінші Қарабах соғысында Армения жаңа жер басып алудың орнына басып алған жерлерінен де кетуге мәжбүр болды. Армения халқына соғыстың жағдайына байланысты дұрыс мәлімет бермеген Пашинян 10 қараша үштік декларация жарияланған кезде камера алдына шыға алмады. Атысты тоқтату шарттары Армения халқына ауыр тиген еді. Сондықтан Екінші Қарабах соғысының қорытындысы тек Пашинян үкіметі үшін ғана емес, Армения саясаты, армия және халқы үшін де өте ауыр кезең бастады.

Үшінші себеп болса Арменияда бітпейтін билік күрестері. Микро деңгейде Арменияда күшін қорғау және кеңейткісі келетін Қарабах кланының және түрлі елдердегі армян диаспорасы да қосылған топтар орын алуда. Осы топтардың билік күресінде күш пен заңдылық алу үшін түрлі елдермен ынтымақтастық жасауы болса макро билік күресінің басқа бір өресін қалыптастырады.

Макро билік күресін негізінде Ресей мен батыс арасында күреспен теңеуге болса да осы күрес микро күреспен бірлескенде өте күрделі жағдайға айналады.

Ескерту секілді бір декларацияға қарсы тойтарысқа өткен Пашинян дәл қазір билікте қалуын кепілге алған секілді. Алайда бұл жағдай Армения саясатында тұрақтылық орнықты деген сөз емес. Жоғарыда айтылған үш себеп те әлі шешілген емес. Не Пашинян үкіметінің, не армияның не болмаса болашақ бір үкіметтің қолында осы себептер қалыптастырған тұрақсыздықты шешетін сиқырлы таяқшасы жоқ.

 



Ұқсас жаңалықтар