Апталық Анализ 50

Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы дағдарыс

1543863
Апталық Анализ 50

 

 

Соңғы апталарда Түркия мен Еуропа Одағы арасында болған дағдарыс қарым-қатынастардың болашағына қатты алаң тудырды.

Дағдарыстың туылуына бірнеше жағдай себеп болды. Ең басты жағдай Түркияның ұзақ уақыттан бері ұстанған сыртқы саясатының өзгеруі. Ливия, Шығыс Жерорта теңіз және Сирияда Түркияның сыртқы саяси тұғыры Еуропада көптеген актерді мазасыз етті. Әсіресе Ливия және Шығыс Жерорта теңізі тақырыбында Еуропа мен Түркия арасындағы дағдарыс қатты ушықты.

Ең соң Түркия жалаулы сауда кемесіне халықаралық құқыққа қайшы түрде «Ирини» операциясы аясында тінту жасалуы қарым-қатынастардың соңғы түйінінің нақтылы дәлелі болып табылады. Жасалған операциялардың жабайылығы мен заңсыздығын былай қойсақ, Еуропа Одағының Түркияға ұстанған тұғыры тіпті нашар. Еуропа Одағының көзқарасы бойынша Түркия аймақта үнемі мәселе жаратқан бір актер. Түркия Еуропаның бір бөлшегі ретінде өзін жариялаған бір сәтте мұндай бір әрекеттің жасалуы Түркия үшін көптеген күдіктің туылуына себеп болуда. Енді барлық назар Еуропа Одағы лидерлер саммитіне аударылуда.

Түркияға деген көзқарастың біраз ортақтығы тілге тиек болғанымен Еуропа Одағының Анкараға қандай бір саясат ұстануы керектігі тақырыбында нақтылы бір ымыраласу әрекеті жоқ. Франция, Грекия, Оңтүстік Понти әкімшілігі секілді актерлер Түркияға қарсы шептің ең алдында орын алуда. Афины әкімшілігі Түркияның Жерорта теңізінде өзіне қарсы  ұстанған саясатты тежеу үшін Еуропа Одағына Түркияға санкция жасауы жайлы үндеу тастады. Франция болса, Еуропа Одағы ішінде Түркияның досы емес екені айқын. Макрон үшін Түркия  үлкен бір кедергі. Макрон Ливиядан Сирияға барлық сыртқы саясат мәселесінде Анкараны бәсекелес ретінде қарауда. Түркияға қарсы жақтың Еуропа Одағының Түркияға қарата ұстанымын түбегейлі белгілеу мүмкіншілігі жоқ. Мысалы Германия, Испания, Португалия, Италия және Малта секілді актерлер Түркияны әлсіретіп жіберу жағында емес. Түркия олар үшін тек экономикалық бір одақтас ғана емес, сонымен қатар Еуропа қауіпсіздігі үшін өте қажетті мықты бір аймақтық күш. Әсіресе Германияның заңсыз босқындар жайлы ұстанған тұғырында Түркияның орны өте маңызды. Еуропа Одағының басқа үлкен мәселелері ішінде Түркияға санкция жасау шешімінің шығын төлеу тақырыбында әсіресе Германия көнбей тұр. Сондықтан Түркияны әлсірететін бір санкция шешімінің жасалуы мүмкін емес сияқты. Сонымен қатар саммиттен Түркияға ескерту мағынада бір шешім жасалуы мүмкін. Бұл ескерту негізінен  Шығыс Жерорта теңіз мәселесіне шоғырланады.

Осы жағдайларға байланысты Түркия Еуропа Одағын диалог жасауға шақырды. Президент Режеп Тайып Ердоған мәселелердің диалог және келіссөз арқылы шешу жағында екенін жариялады. Ердоғанның мәселелерге «өзара мүдде» түсінігі аясында қарайық деген көзқарасы дипломатияға бір жол картасын көрсетуде. Сондықтан Еуропа Одағына аймақтық бір  конференция ұсыныс жасауда. Алайда бұл тақырып жөнінде Еуропа Одағынан әлі бір болымды жауап келген жоқ.

Еуропа Одағының өз тағдырын талқылап жатқан бір кезеңде Түркияның қалай қолға алынатыны өте маңызды. Түркиясыз бір Еуропа Одағының күшті бір халықаралық қарым-қатынастар актері болуы онша мүмкін емес. Ең маңыздысы Түркияны дұшпан деп жарияған бір ортада Еуропа Одағының аймақтық деңгейде бір саясат атқаруы өте қиын. Осы себепті Еуропа Одағының Түркияны жан-жақтылы қайтадан зерттеуі және жаңа бір қарым-қатынас орнатуы керек. Грекия немесе Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігі шеңберіндегі бір Еуропа Одағы стратегиясының Түркияны түсінуі де қиынға соғады.

 



Ұқсас жаңалықтар