Апталық Анализ 46

АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейінгі жағдай

1527049
Апталық Анализ 46

2020 жылы 3 қарашада АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейін Республикашыл Дональд Трамп Демократ Джо Байденнен жеңілді. Сайлаудың ресми нәтижесі әлі шықпаса да, Байден жеңіске жеткенін жариялады. Трамп наразылығын жалғастыруда. Трамп сайлауда әділетсіздік болғанын алға тартып отыр. Республикашылдар екіге бөлінді. Бір бөлегі Трамптың жеңілгенін қабылдауы керектігін айтса, бір бөлегі де сайлау нәтижесін қабылдамай, күресті жалғастыруын қолдады. Трамптың сот процесін бастауы сайлау нәтижесін өзгертпеуі мүмкін. Байден 2021 жылы қаңтарда жаңа президент болып таққа шығады.  Байден сайлауды соңғы ғасырдағы ең жоғарғы дауыспен жеңіп алды. Бұл керемет жеңіс сияқты көрінгенімен, Байденді ауыр бір кезең күтіп тұр.

Осы қиын процестің басында коронавирус індетімен күрес бар. Байден  сайлау компаниясында коронавируспен күрес стратегиясын жариялады. Алайда АҚШ-та Ковид-19 оқиғасы күн сайын артып келеді. Күнде қайтыс болған адам саны мыңға жетті.  Бұл Байденнің президенттігінің алғашқы жылын коронавирусқа бөлетінін көрсетеді. Коронавируспен бірге Байденнің басын ауыртатын екінші тақырып экономика. Америка экономикасы вирустың да әсерімен шегіне бастады. Жұмыссыздық мөлшері, елдің қолдау пакеттері, жаһандық экономикадағы тоқырау Америка экономикасына қысым түсіруде. Байденді алғашқы жылы мазалайтын тақырыптар мұнымен шекті емес. Трамп дәуіріндегі ауыр қоғамдық бөлінуді Байден жөнге салуы керек. Осы тұрғыдан алғанда оның алдында қарқарадай «қара ашу» тұр. Флойд оқиғасымен басталған нәсілшілдік талас-тартыстары Байден үшін маңызды бір сынақ. Сайлау компаниясы кезінде осы мәселені қолға алатыны және шешім қарастыратыны жөнінде уәде берген.  Алайда мәселенің дереу шешілуі де оңай емес.

Байденнің президенттік кезеңінде асыға күтілген өзге бір тақырып атқаратын сыртқы саясаты. Байден өз дәуірін Америка күшінің және лидерлігінің реставрациясы (жаңа бейнесі) ретінде түсіндірді. Басқаша айтқанда, Байден Трамп кезеңінде абырой мен әсерінен айырылған АҚШ-қа тың тыныс әкеліп, Вашингтонның ықпалын халықаралық саясатта қайта сілкіндіру ниетінде. Осы аяда Байден міндетке келісімен Трамп шегінген Париж Климат өзгерістері келісіміне қайта оралатынын білдірді. Трамптың Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына Америка жәрдемін тоқтату шешімін дереу өзгерту Байденнің сыртқы саясаттағы алғашқы қадамы болмақ. 

Орта Шығыста АҚШ-тың жаңа сыртқы саясатының қалай болатыны асыға күтілуде. Байденнің Трамптың сыртқы саясат жолымен жүрмейтіні айқын. Иранның ядролық мәселелері тақырыбында бұрынғы мәлімдемелерінде  Иран саясатына байланысты емеурін білдірген болатын. Иран Ядролық келісіміне қайта оралу осы талғамдардың бірі. Алайда  келісім қалай жасалатыны да төрт көзбен күтіліп отыр.

Израиль мәселесінде Трамптың «Израильге бос чек» саясатынан бас тартуы да әбден мүмкін. Байденнің лидерлігі кезінде Израильдің ат ойнатуы шектелетін көрінеді. Бос чек саясатының ықпалына ұшырайтын өзге бір ел Сауд Арабиясы. Кашикчи қастандығының Байденнің Сауд Арабиясына ұстанған саясатында әсерлі болуы күтілуде.  Біріккен Араб Әмірліктері мен Мысыр сияқты актерлер де тұғырын қайта белгілеуге мәжбүр қалады.  Сирия тақырыбында Байденнің көлемді бір стратегия жариялау ықтималы жоғары.  Осы түйінде Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар ақылға оралады. Аналисттер түрік-американ қарым-қатынастарындағы дағдарыстың тереңдейтінін айтуда, алайда бұны бағалау үшін әлі ертерек.

Аймақтағы геосаясатта түбегейлі өзгерістер болды. Байден осы өзгерісті кері қайтарып, АҚШ-тың Орта Шығыстағы абыройын көтере ала ма? Мұны кезінде көрерміз. Алайда жұмысының жеңіл емес екені айқын.  



Ұқсас жаңалықтар