Сириядағы соғыс

SETA  Сыртқы саясат зерттермені Джан Ажунның анализі

1493229
Сириядағы соғыс

2011 басталған Сирия төңкерісі тек азаматтық күрес емес,  аймақтық және жаһандық күш күресінің орталықтарының біріне айналды. Ел территориясындағы күрес көптеген актердің сырттан килігуімен «жанамалы» соғысқа айналды, актерлер мен алаңдағы істері де өзгерді. Төңкерістің басынан бастап Сирия саясаты ең тұрақты елдер болса Түркия, Ресей және Иран. Түркия Сириялық оппозицияны қолдаса, Ресей мен Иран Асад әкімшілігінің жанында болуын жалғастыруда. Америка Құрама Штаттары болса Сирия саясатын жиі өзгертіп отыр.

**

Сирия төңкерісінің алғашқы жылдарында Америка Құрама Штаттары секілді батыс елдері режимге қарсы Сирия оппозициясын қолдады. Артынан ДАИШ ықпалды болып,  Ресей араласқаннан кейін оппозицияны қолдауын тоқтатты.  Америка Құрама Штаттары террорлық ұйым PKK –ның Сириядағы құрылымы болып табылатын YPG және оның саяси қанаты PYD-мен келісімге келіп,  әсіресе елдің солтүстік шығысында ықпалды алаң қалыптастырды. Қалған батыс елдері Сирия оппозициясын әлі де заңды деп қабылдаса да,  енді нақты көмек беріп отырған жоқ. Америка Құрама Штаттары болса Сирия саясатында өзгерісті жиі жасап тұр. Обама кезеңінде қызыл сызықтар жариялап, артынан бірнеше рет кері қадам басты.  Соңғы кезде Обаманың негізінде Ресейдің 2015 жылдың қыркүйек айында Сирияға әскери килігу жүргізуі үшін алаң ашқаны белгілі болды.  Трамп кезінде болса АҚШ әскерлерін кері әкетуге бағытталған бір ерік-жігер қалыптасса да, территорияда Орталық қолбасшылық пен АҚШ-тағы түрлі орталар Трамптың кері шегінуден бас тартуын қамдады. Осында мұнай  Трампқа қарсы маңызды козыр ретінде қолданылды.  Қазір Америка Құрама Штаттарының әскерлері Евфраттың шығысында Римелан аймағынан Дейруз Зорға дейінгі мұнайға бай аймақтарды бақылауында ұстап тұр.  Айырықша Сирия Демократиялық күштері шаңырағы астындағы PYD/YPG террорлық ұйымына қолдау беруін жалғастыруда.

Ресей болса Дамаск әкімшілігімен түрлі проблемалары болса да,  қолдау беруін әлі жалғастырып келеді.  Елдің барлық территориясының Асад әкімшілігінің бақылауына енуі керектігін айтса да,  мұның жүзеге аспайтынын көрді.  Сондықтан Түркиямен Астана процесінде саяси және әскери келісімдерін жалғастыруда. Идлиб арқылы әскери қысым жасап,  Түркияны өзіне пайдалы түрлі қадам басуға күштеп отыр.  Бір жағынан да Тель-Рыафт және Манбидж секілді жерлерде YPG террорлық ұйымымен қатынастарын түрлі деңгейде жүзеге асырып келеді. Айырықша Америка Құрама Штаттарымен Евфрат өзенінің шығысында әсіресе Маликие – Фишхабур желісінде маңызды бір күш күресіне кірді.  Осында жиі –жиі барлау жүргізіп, АҚШ әскерлерімен тікелей бетпе-бет келуде. Америка Құрама Штаттарын осы аймақтан сатылап шығарып жіберудің тактикалық қимылдарын жасауда. Ресей үшін Сирия территориясындағы ең маңызды проблема болса Иранмен арасындағы бәсекелестік.  Оппозицияға және қалған ДАИШ топтарына қарсы Иранмен одақтас болуын жалғастырса да,  бір жағынан Иранның бақылау алаңы мен ықпалын азайтуға тырысады.  Режимдегі ықпалын Иранға қарсы нығайтуға жұмыстануда.



Ұқсас жаңалықтар