Апталық Анализ 34

Түркияның PKK-лық террористермен күресі жалғасуда.

1477239
Апталық Анализ 34

Иракта PKK террористік ұйымы лидерлерінің залалсыздындырылғаны жайлы жаңалықтар баспасөзде орын алуда. Түркия террормен күресте соңғы бірнеше жылдан бері жасаған өзгеше стратегиялық әдістеменің нәтижесін ала бастады. Түркия 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін жаңа бір қауіпсіздік жүйесімен қауіп-қатерді дер кезінде жойып отырды. Сонымен қатар ұлттық мүмкіндіктермен дамытқан жаңа техникалық қабілеті және күшті хабар алу жүйесі арқылы PKK террор ұйымын қатты әлсіретті.

 Түркия соңғы жылдарда PKK террор ұйымына қарсы көлемді стратегиялық әдістемемен күрес жүргізуде. Ұйымның Түркия, Ирак және Сирия территорияларына таралған PKK-лықтар мен басшыларын насанаға ала отырып әлсірету операциясы жүзілді. Түркия 15 шілдеден кейін «Евфрат қалқаны» операциясы арқылы шекара тысы операцияларын бастады. Сонымен қатар Түркия «Зәйтүн бұтағы», «Бейбітшілік бұлағы», «Табандылық» операциялары және қазір жалғасып жатқан «Пенче-Каплан» операциясымен террор ұйымына Сирия территориясында паналайтын жер таба алмайтындай қысым жасап, PKK террор ұйымының күшін әдбен әлсіретуді көздеуде. Түркия бұдан бұрын шекара тысы операцияларын жасап, аймақтан шегінсе, ал енді түбегейлі түрде бақылау астына алып, ұйымның «кіріп-шығу» жүйесін де тоса бастады.

Жоғарыда аталғандармен қатар Түркия тіпті екпінді түрде ұйымның лидерлерін нысанаға алып, ұйымның басқару жүйесін бір стратегия шеңберінде әлсіретуге талпынуда. Соңғы бірнеше жылда KCK атқару кеңесіне мүше басшылары, сонымен бірге Түркия, Ирак және Сирия территорияларындағы кейбір маңызды  басшылары ықпалсыздандырылды. Мұнда күшті ұлттық барлау ұйымымен қатар, Түркияның ұлттық мүмкіндіктерімен дамытқан ұшқышсыз әуе көліктерінің көп үлесі бар.

Түркия дамытқан және барша әлем мойындаған «TB2» және «Anka» сияқты қарулы ұшқышсыз әуе көліктері террор ұйымының нысандарын жермен-жексен етіп, ұйымға қатты соққы берді. Түркиядағы террорист саны 300-ге дейін азайса, террор ұйымы Ирак және Сирияда да өзін қорғауға талпынуда. Әрекет ету және шабуыл жасау кабілеті негізінін бітті.

 



Ұқсас жаңалықтар