Апталық Анализ 28

Ливиядағы соңғы оқиғалар

1452994
Апталық Анализ 28

Түркияның Ұлттық келісім үкіметін қолдауымен барлық тепе-теңдік өзгерді. Ливияда әрі әскери, әрі саяси жақтағы оқиғалар жалғасуда. Түрік Қарулы күштері қолдауындағы Ұлттық келісім үкіметі күштері Сирт және Джуфра қалаларын қолға түсіру үшін бір жағынан ұзақ уақыттан бері дайындық жасап, аймақ маңын қоршауға алса, енді бір жағынан әуе қорғаныс жүйелері арқылы күштерін мығымдастыруда. Хафтерге қарасты сарбаздар болса, Ресейдің Сирия арқылы Джуфраға жіберген соғыс ұшақтарымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржылай қолдауымен Асад режиміне қарасты сарбаздардың аймаққа әкелінуімен әскери тұрғыдан қорғану ізденіс ішінде. Әскери жаңалықтармен қатар дипломатиялық жақтан да Ливия өте әрекетті. Түркиямен қатар Франция және Италия тіпті көп қыр көрсетсе, Біріккен Араб Әмірліктерінің де жөн сілтеуімен Мысырдағы төңкерісшіл генерал Абдел Фаттах Ас-Сиси ашық түрде Ливиядағы қақтығыстарға килігетіндерін айтты.

 

Ливияда ұзақ уақыттан бері жалғасқан соғыстардың бағыты Түркияның килігуі және Ұлттық келісім үкіметіне берген қолдауымен өзгерген соң Хафтерді қолдаған актерлер тікелей килігу ізденістеріне кірісті. Ресей, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері және Мысыр секілді елдерден құралған осы коалиция мүдделері ұқсамаса да, Ұлттық келісім үкіметі күштерінің Хафтерді түбегейлі жеңіп, Ливияның барлық территориясына ие болуын тосу үшін арт-артынан әрекет жасай бастады. Алдымен дипломатиялық қарым-қатынастарды күшейтіп, бір мезгілдігіне болса да атысты тоқтатып, Хафтер күштерінің тығырыққа тірелген жағдайын құтқару болды. Осы мерзім ішінде Ресейдің көптеген ұшақ жіберуі, Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржылай қолдауымен Асад режимінен сарбаз күштерінің Ливия желісіне әкелінуімен қазірше дағдарыс тоқтағандай болды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттің батысындағы Ватие әуе базасына әуе шабуыл жасауы қатысты коалицияның қаншама табанды екенін дәлелдеу тұрғысынан маңызды бір оқиға болды. Осы елдер кем дегенде қазіргі жағдайды сақтап қалуды және мұнай өндіруші алпауыттармен бірге Сирт және Джуфра секілді қалалардың Ұлттық келісім үкіметінің қолына өтуін тосқысы келуде. Түркия болса заңды үкіметке деген қолдауын жалғастыруда. Соңғы аптада Түркиядан Триполиге жоғарғы деңгейдегі лауазым иелерінің баруы және одан кейін жасалған кейбір келісімдер бұның дәлелі болып табылады. 

Түркия әрине дипломатиялық кездесулерін жалғастыруда және алдымен түбегейлі бір атысты тоқтату келісімінен кейін саяси шешімнің процесінің жүзеге асырылуы үшін атсалысуда. Алайда осы үшін 2015 жылы Мароккода жасалған Сухейрат келісім шекарасына барлық күштердің кері шегінуі, яғни Сирт және Джуфра секілді екі стратегиялық маңызға ие аймақтың Ұлттық келісім үкіметінің қолына өтуі керектігін алға тартуда. Тараптардың осы тұрғыда келісімге баруының мүмкін емес екені байқалуда. Алдымыздағы күндерде Ұлттық келісім үкімет күштерінің Сиртті қолға түсіру үшін бір операция бастайтынын айта аламыз.



Ұқсас жаңалықтар