Апталық анализ 13

Жаңа типті коронавируспен күресу процесі.

1385951
Апталық анализ 13

 

Жаңа типті коронавирус барша әлемге жылдам таралуда. Коронавирус  жаһандық бір індетке айналды.  Осы вирус салдарынан оқиға саны 500 мыңға жетті. Көптеген елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне де ауыр ықпал жасады. Әсіресе медициналық жүйелері әлсіз болған Таяу Шығыс елдері үлкен дағдарысқа душар бола бастады.

Жаңа типті коронавирус әлемдегі артта қалған аймақ Таяу Шығысқа да таралып, аймақтың саяси,  экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қатты әсерін тигізе бастады. Әсіресе мемлекеттік инфрақұрылым жүйелері жеткіліксіз, экономикалық жақтан әлсіз, медициналық жабдықтары кемшіл елдер вирус алдында мығым тұра алмайды. Осы тұрғыдан алғанда ең әлсіз ел-Сирия мен Йемен. Бұл елдерде бұрынғы қиын жағдаймен қоса, азаматтық соғыстар әлі жалғасуда. Осы күйде коронавируспен  күресуге күші де жетпейді. Аталмыш елдердің оқиғаларға тест жасап, карантинге алу мүмкіндіктері жоқ. Сонымен қатар осы елдердің бөлінген жүйесі бір орталықтан күресуге мүмкіндік бермейді. Сирия осы таңда режим, оппозиция және PKK аймағы болып үш түрлі басқару астында. Йемендегі жағдай да осымен ұқсас.

Иран болса жаңа типті коронавирус індетімен байланысты медициналық жабдықтар жағынан жеткіліксіз елдер қатарында. Иран індеттің таралуын тоса алмауда және саяси басқару барған сайын нашарлауда. Иран әлі де аймақтағы ақылы өкілдер соғысына инвестиция салып, ресурустарын басқа жерге қолдануда. Сонымен қатар мұнай да соңғы жылдардағы ең төменгі бағаға түсті. Бұл жағдай Америка Құрама Штаттарының санкцияларына душар болған Иран үшін басқа бір қауіп болып табылады. Әрние, күрт төмендеген мұнай бағалары Орташығыста тек Иранды ғана емес, басқа Шығанақ елдеріне де үлкен зиян тигізе бастады.

Иракта мемлекеттік бюджеттің 90 пайызы мұнайдың кірісімен байланысты еді. Енді Ирак мемлекеті  этникалық және мәсхаб қақтығыстарына душар болуы мүмкін. Егер жаңа типті коронавирус ұзақ уақыт жалғасатын болса, онда мемлекеттің территория тұтастығына да қауіп төнеді. Бай Шығанақ елдері қорларын тұтыну үшін қолданып, өзін қорғауға тырысқанымен, өндіріс экономикасына ие болмағандықтан азық-түлік тұрғысынан қиыншылық шегуі мүмкін.

Қорыта айтқанда, мұнай экспортына сүйенген және ифрақұрылым жағынан әлсіз Орташығысты үлкен былықпалық күтуде. Мемлекет бюджетінің маңызды бір бөлімі мұнай экспорты кірісіне сүйенген Ирак және Иранмен бірге Шығанақ елдері үлкен бір экономикалық дағдарыспен бетпе-бет қалуда. Коронавирустың жаһандық процесі мұнай бағаларын 20 долларға дейін түсіріп, қатысты елдердің бюджеттерін басқара алмайтын күйге әкелді. Санкциялармен арпалысқан Иранның жағдайы тіпті мүшкіл. Жаңа типті коронавирус тараған сайын әлеуметтік оқиғалар одан ары ушығады. Егер коронавирус жалғасты таралатын болса, Орташығыста Түркия секілді күшті мемлекет жүйелеріне ие, азық-түлікті өндіре алатын және өндіріс экономикасына ие бірнеше ел ғана мықты төтеп бере алады.

 



Ұқсас жаңалықтар