Апталық анализ 8

Түркия мен Ресей қарым-қатынастарына қысқаша шолу.

1364197
Апталық анализ 8

 

          

 

Түркия мен Ресейдің қарым-қатынастары тарихта толқымалы кезеңдерде өтіп келді. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында екі мемлекет арасында қарым-қатынастардың онша жақсы екенін айта алмаймыз. Түркия 1964 жылы Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарында болған қару санкциялары дағдарысынан кейін Кеңес Одағымен қаншама жақындасу саясатын ұстанғанымен табысты болған жоқ. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес Одағының ыдырауымен Мәскеу-Анкара арасындағы қарым-қатынастың қалыпқа түсу орайы туды. Бұл жағдай Мәскеу мен Анкара арасында бір орай болғанымен Балкан, Қаратеңіз және Кавказ өңірінде болған оқиғалар және дағдарыстар бұған кедергі жасады. Осы кезеңде екі ел де қырғи-қабақ соғыстан кейін жаңа әлем жүйесінде өздері үшін жаңа бір рөл ізденісінде болды. Сондықтан қарым-қатынастар қаланған деңгейге жеткен жоқ.

 

2000 жылдары Түркия мен Ресей қарым-қатынастарды жақсарту үшін атсалысты. Мәскеу Анкараны өзінің бәсекелесі ретінде қараса да, энергиядан саудаға дейінгі көптеген салада жұмыс істесетін партнер деп қарады. Анкара болса Ресейдің үлкен бір көршісі болуы, табиғи газ тақырыбында Мәскеуге мұқтаж екені және аймақтағы геосаяси мәселелерінде шешімді жақтайтын бір саясатты дамыту мақсатымен Ресеймен қою байланыс жасауды таңдады. Осының нәтижесінде Түркия мен Ресей арасында көптеген салада ортақтықтар және ынтымақтастық құрылды, сондай-ақ жақындасу кезеңі басталды.

Алайда Сирия дағдарысының жарыққа шығуымен екі ел алғашқы сатыда бір-бірін бәсекелес көре бастады. Одан кейінгі сатыларда болса екі ел бірге жұмыс істей алатын бір түйінге келді. Алдымен 2015 жылы түрік әуе кеңестігін бұзған орыс соғыс ұшағының Түркия тарапынан құлатылуы екі ел арасында үлкен бір дағдарыстың пайда болуына себеп болды. 2016 жылы өзара жүргізілген дипломатиялық талпыныстардың нәтижесінде екі ел бір ымыраға барды. Сол күннен осы таңға дейін Түркия мен Ресей арасында стратегиялық бір жақындасу пайда болды. Бірақ соңғы айларда Ресейдің Сирияда оппозицияның соңғы қорғандарының бірі болған Идлибте Сирия режиміне берген қолдауы және әсіресе өзінің жасаған әуе шабуылдары Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарына қайтадан көлеңке түсірді.

Түркия мен Ресей қарым-қатынастары әрине тек Сириямен ғана шектеулі емес. Мәскеу Идлиб тақырыбында Түркияның Сочи келісімінен туындаған жауапкершіліктерді орындамағанын пайымдауда. Сонымен қатар Идлибтегі ұшқары топтарды жою жұмыстарын өз шешкісі келуде. Түркия болса аталмыш жауапкершіліктерді орындау үшін Асад режимінің шабуылдарын доғаруы керектігін алға тартуда. Сондықтан шабуылдар тоқтамаған жағдайда Түркияның да Идлибте табысты болуы мүмкін емес. 

Түркия үкіметі қарым-қатынастардың қайтадан бір дағдарысқа айналмауы үшін екі елдің ортақ мүдделерін басым екенін ойлауда. Ең бастысы екі елді соңғы кезде бір-біріне жақындастырған S 400 әуе қорғаныс жүйесі бар. Анкара АҚШ-тың наразылықтарына қарамастан S 400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алып, Ресеймен қарым-қатынастарына қаншама көңіл бөлгенін дәлелдеді. Әсіресе Түркия мен Ресей арасында қорғаныс өнеркәсібі саласында ортақтық жасауы тілге тиек етілуде. Енді бір жағынан екі ел Түркияның атомдық энергия қажеттілігін қамтамасыз ету тақырыбында ортақ бір жоба жүргізуде. Ресей осы жоба арқылы атомдық энергия саласында өз қабілетін дәлелдегісі келеді. Бұл екі ортақтық сонымен қатар Ресейдің нашар экономикасына біраз да болса үлес қосады. Энергия саласында да екі ел бір-біріне мұқтаж екенін біледі. Анкара Ресей газының Түркия арқылы Еуропаға тасымалдауында стратегиялық маңызды орын иелеуде. Бұл себепті өзара біте қайнасуда. Түркия орыс туристтер үшін арзан демалыс жаннаты болып табылады. Түркияға келген шетелдік турист сандарында орыстар бірінші орынды иелеуде.

Сирия тақырыбында  екі актер келісе алмағанымен өзара ортақ мүдделері басты орында. Түркияның орын алмаған бір дипломатиялық негізде Ресейдің әскери жеңісін жариялағанымен саяси ретінде Сирия тақырыбында жалғастыруға болатын бір тұрақтылық орнатуы мүмкін емес. Идлибте тіпті көп халықтың қаза табуына себеп болу және жергілікті халықтың Түркияға қарай қоныс аударуына мәжбүр ету Мәскеу үшін ақылды бір стратегия емес. Керісінше Ресейге тіпті көп шығын әкелуі мүмкін. Соңғы апталарда АҚШ осыны бір орай ретінде көре бастады және Түркия мен Ресей жақындасуын Идлиб арқылы бұзатын қадамдар басты. Ең жоғарғы деңгейде АҚШ Идлибте Түркияның қасында болатынын жариялады.

Егер Түркия және Ресей Идлиб тақырыбында бір ымыраға бара алмайтын болса, онда Анкара-Мәскеу желісінде жаңа бір дағдарыс шығуы мүмкін. Соңғы жылдарда жақындасу еңбектерінің барлығы босқа кетуі мүмкін. Идлиб осы себептерден Түркия-Ресей қарым-қатынастарының ең маңызды тесттерінің бірі және оңай шешілетіндей емес. Ресейдің Түркиямен стратегиялық қарым-қатынастарын жалғастыру үшін Идлибте ауыр талаптардан бас тартуы және режимнің шабуылдарын дереу тоқтатуы керек.



Ұқсас жаңалықтар