Технология мен мәдениеттің байланысы

Проф. Др.  Кудрет Бүлбүлдің мақаласы.

1263626
Технология мен мәдениеттің байланысы

 

         Түркия мен Ислам әлемінде өркениет, мәдениет, технология сынды түсініктер және осы түсініктерге қалай қарау мәселесі екі жүз жылдан бері талқылануда. Технология жайлы дау-дамайлар таяу кезеңде алаулануда. Технологияның тек технологияның өзі ғана емес екені, технологиямен бірге мәдениеттер де қамтылған көптеген қаланбаған нәрселердің келетіні, сондықтан технологиядан аулақ тұрылуы жөніндегі көзқарастар да алға тартылуда.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультетінің деканы Профессор Доктор Кудрет Бүлбүлдің аталмыш тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.

Батыстан не алу керек?

Алдымен бұл дау-дамайдың жаңа және тек технологияға тән емес екенін айта кетейік. Басты түйін батыстан ненің алынуы немесе алынбауы тақырыбындағы дау-дамайдың жалғасы. Бұл тақырып Османлының соңғы дәуірінде заттық ілгерілеу мен рухани ілгерілеу, нақтылы мәдениет пен өнеркәсіп мәдениеті сынды түсініктер туралы зиялы қауымдар талқылаған болатын.

Дау-дамайдың мазмұнын Акифтің өлеңімен қысқаша қорытындылауға болады:

         «Мәдениетіңді сақтап,

Уақытты жұмсап тезірек

Таңдап алыңыз ғылымды.

Мәдениет пен ғылым- ұлттың қос қанаты.

Конституционализм дәуіріндегі кейбір түрікшіл  ойшылдарының, әсіресе Исламшыл ойшылдарының тұғырларын батыс ғылымының алынуы, бірақ өз мәдениетінің жоғалтылмауы деп қорытындылауға болады. (Осы тақырыптағы көзқарастарымды «Батысқа қалай тұғыр алуымыз қорғануымыз керек» атты мақаламнан оқи аласыздар).

    Одан кейінгі кезеңде Акиф және тағы басқа зиялыларды батысты жеткілікті дұрыс түсінбеді деп сынға тарты. Мен Акиф орынсыз сынға тартылды деп  ойлаймын.

        

                   Технология мен мәдениеттің байланысы

     Технология шүбәсіз технологияны өндірген қауымның жалпы мәдениетін бейнелейді. Адамды қайтадан жаратуды дизайн еткен жасанды ми технологиясы ішінде орын алған мәдениеттен бөлек түсінуге бола ма? Батыс мәдениеті деген жоқпын. Енді бұндай технологиялар Қытай сынды батыс тысы қауымдарда да өндірілуде.

      Мысалы, тек дұшпан армияларын ғана  емес, атылғанда аймақтағы жүз мыңдаған адамды, өсімдіктерді, барлық жан-жануарларды жойған, зақымдары салдарынан атылған жерлерді ешқандай нәрсе өспейтін күйге айналдырған Атом бомбасын  Жапонияға лақтырған зейіннен бөлек түсінуге бола ма?

          Осы түсінікке қарсы Кануни Сұлтан Сүлейманның көзқарасы басқа бір технология мен мәдениет байланысына үлгі бола алады. Кануни сарайдың бақшасындағы құмырсқалардың ағаштарды шірітулеріне мазасыз болған. Алайда құмырсқалардың да жандарын ойлап, жағдайды бір өлең арқылы Шейхулислам Әбуссуд Әпендіден сұрайды:

                   «Құмырсқалар миуалы ағаштарды шірітті

                   Зияны бола ма құмырсқаны қырсақ егер?»

                  

    Әбуссуд Әпендінің өлеңмен берген жауабы, басқа бір технология мен мәдениет байланысының айқын бір жауабы тәрізді:

                   «Ертең о  дүниеге барғанда,

                   Сүлейманнан есебін сұрайды құмырсқа».

                   Екі көзқарастың да өндірілетін технология және осы технологияның адам баласын апаратын орны да басқаша болады.

                   Технологияның келуімен шетелдену де бір тақырып болып табылады.

          Қай технология?

   Технологияның шүбәсіз мәдениетпен байланысының болуымен қатар түрлі мәдениеттердің барлық технология өнімдерінің жаман болғанын ойлау сыңар жақты және қақпайлау бір тұғыр. Әрбір мәдениет өмір тіршілік барысында өз қажеттілігін қамтамасыз ететін технологиялық жаңалықтарды да өндіреді. Адам қажеттіліктерінің түрлі мәдениетте бір-бірімен еш үйлеспегенін айтуға болмайды. Сондықтан күнделікті өмірде әрбір мәдениеттегі адамдар ұқсас технологияларды қолдануда.

         Сол себепті түрлі мәдениетте өндірілген технологияларға сыңар жақты түрде қарауға болмайды. Өз болашағымыз, өркениет және мәдениет құндылықтарымыз аясында талғамды ұстануда болғанымыз жөн.

          «Ғылым Қытайда болса барып алыңыз», «Ғылым-- мүминнің жоғалтып алған малы», «Дұшпанымыздың қаруымен жасақтаныңыз», «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан тіпті қайырлы» деген хадистері бізге технология тақырыбында талғамды болуымыз керектігін насихаттауда. Технология тақырыбында белсенді бір ізденіс ішінде болуымызды талап етуде. Дұшпандардың қаруымен жасақтан деген сөз бір мұсылман үшін басқа бір елге атом бомбасын атуды қамтымайды. Технологияның алынуға болатынын ойлағандар да бұны айтпаса керек.

         Қандай ұсыныс бар?

      Технологияға күдікпен қарағандар немесе болымсыз қарағандар қарсы шығудың тысында нақтылы бір ұсынысты ортаға қоя алмауда. Жалпы айтқанда батыс технологиясы, батысты дамытқан зейіндердің жалғасы ретінде қаралуда. Батыс сенімі, философиясы, ғылымымен бір тұтас ретінде қабылдануда. Бұл сындар  күдіксіз белгілі бір серпіліс  сезім жаратуда. Алайда бұл ғылымның Қытайдан болса да алуға болатын тұғырдың керісіндегі тар аядағы бір тұғыр болып табылады. Жалпы  қабылдау немесе мүлде қарсы шығу да  дұрыс емес. Технология өндірмеумен қатар өндірген технологияға да түбегейлі түрде қарсы шығу топас, надан, фанатик бір қауым жаратуы мүмкін.

           Енді бір тараптан тіпті аз технология қолдану немесе Мұсылманша өмір сүріп, осыған сәйкес бір технология өндіру ұсынысы ортаға қойылуда. Бұл ұсыныс орынды. Әр түрінен қажеттілікке қарай аз өндіру барлық нәрсенің өте көп өндірілген бір дәуірде тұтыну ысыраптарына бір соққы. Шүбәсіз мұсылмандар мұсылманша өмір сүрулері керек және өздерінің тұрмыс қажеттілігіне сай технология өндіру талпынысында болғаны жөн. Мұндай ұсыныстар күнделікті өмір тіршіліктерінде, заманауи дамумен үйлескенде мағыналы. Алайда Ислам әлемінде әлемге өзін жауып тастап, террорды бір әдіс ретінде қараған ұшқары ағымдардың да кең қанат жайғанын көрудеміз.

                   Ислам әлемі көп тұтынғаны, көп технология қолданғаны үшін қазіргі оқиғалар болуда деп айтуға болмайды. Керісінше тіпті аз технология қолданғаны үшін болуда. Османлы дәуірінде, яғни 1838 жылы Балта порты сауда келісіміне дейін шетелдік бұйымдардың елге кіруі тақырыбында қатал шектеме және тыйымдар бар еді. Үндістанда Гандидің қасарысуы, АҚШ-та Амишлердің технологияға қарсы шығулары баршаға аян. Жеткен түйін әлі батыстың үкімдерінен және жаңа потенциалдан сөз қозғап отырсақ, әлемге жабық, заманауи дамудан хабары жоқ бір өмір сүрудің бір альтернатива өндіре алмайтыны шайдай ашық. Бұл әдістер капиталист өндіріс түрін әлсіретуі мүмкін. Алайда капиталист осы таңда батысқа тән болған, алайда ертең өзгеруі мүмкін .

          Технология үрейі

       Технологияға күдікпен қарау жоғарыда аталғандар аясында болса онда түсінуге болады. Бұның тысында технологияға қарсы шығу бір наразылықтың, жабық болу ұсынысының, кері шегінудің, топастықтың және өз сенімінің аздығының бейнесі болуы мүмкін. Технология үрейі немесе қарсы болу жабайы технология тысында тіпті адам бейнелі бір технология өндіре алмайтынын ойлайтын болсақ, тізе бүгу бір тұғыр еске түседі.

         Қорыта айтқанда, технология жаратқан қатерлер, рисктер, болымсыздықтар адам баласының қияметін әкелуі мүмкіндігі жайындағы сындар тек бізде ғана емес. Ең маңыздысы осы технология алдында ұстанатын тұғыр болып табылады. Технология алдында жаппай қарсы шығу тұғырын интеллектуалдық бір ұстаным деп қаралуы мүмкін. Бірақ атқаруға болатын нәрсеге қарсы шығу шешім емес. Бұл тұғыр шешімдерді қиындастырады және жояды. Бұл тұғыр қарсы болған нәрсенің тіпті де ұнатылуына және таралуына қызмет етеді.



Ұқсас жаңалықтар