Құрбан – 4 мың жылдық бір дәстүр

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы.

1250763
Құрбан – 4 мың жылдық бір дәстүр

Өмір ұзын бір марафон және тоқтаусыз жанталасу процесі. Адам баласы өмірде үнемі бір талпыныс, бір нәрсеге үлгеру және жұмысында «табысты болуы» үшін еңбектенуде. Өмірде көптеген нәрсеге қол жеткізгеннің өзінде жүрегіміздің бір жерінде жүгінуді тоқтатып, байқаусыз қалдырғандарымызға ерекше көңіл бөлгіміз де келеді. Баршамыз күнделікті тұрмыс тіршілік арасында жоғалтып алғандарымызды, кейінгі ұрпақтарымызға қалдыра алмағанымызды, құндылықтарымызды еске салып, оларға қайтадан қол жеткізуді армандаймыз.

Міне мерекелер осындай кезең болып табылады. Өмір тіршілік ішінде аялдау, тоқтау және тыныштану кезеңі.

Құрбан – 4 мың жылдық бір дәстүр. Жаңа бір құрбан айтты келесі апта тағы қарсы аламыз. Классикалық шығармаларда бүкіләлемдік үш дін яғни  еврей, христиан және ислам Әзірет Ибрахимнің б.з.б. 2000 жылдары өмір сүргенін пайымдайды. Хақ-Тағала әзіреті Ибрахим пайғамбарды сынау үшін өз кіндігінен шыққан ұлы Исмаилді құрбандыққа шалуды бұйырған еді. Өзінің бауыр етінен жаралған баласы әзіреті Исмаилді құрбан етіп шалу ауыр тисе де, әзіреті Ибрахим Алла-Тағаланың үкімін орындаудан бас тартқан жоқ. Ол ұлын құбылаға қаратып, «бисмилласын» айтып, бәкісін тамағына тақаған шақта, Ұлы жарылқаушы әзіреті Ибрахимнің адалдығына риза болып, құрбандыққа оған қошқар түсіреді. Әзіреті Жаббар Хақтың үкімін екі етпестен қошқарды құрбандыққа шалады. Осыдан соң Хақ-Тағалаға арнап құрбан мал шалу дәстүрі қалыптасты. Бұл дәстүр 4 мың жылдан бері жалғасып келеді. Қошқарды құрбандыққа шалу қаншалықты бақыт десеңізші. Ол құрбан әлемнің ең көне, ең қасиетті дәстүрі болып табылады.

Құрбан  – «жақындасу» деген мағынаны білдіреді. Құрбан малының етінің кедейлерге немесе жағдайы нашар адамдарға тарату жаһандық деңгейде бір дәстүрге айналды.  Басқа уақыттарда да бір шүкір мағынасы ретінде құрбан шалынады және құрбандықтың еттері мұқтаж иелеріне таратылады.

Заманауи, дүние мүлкіне құмар, әуесқой, сондай-ақ басқа үшін де өмір сүруді ойлаудың, тапқандарын бөлісудің көне дәуірге тән сынды түсінетін бір кезеңде құрбан барша адамға бір үндеу болып табылады.

Құрбан шалудың негізгі мақсаты еске салу. Құрбан шалуы тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді,  тек заттық бір бөлісу ғана емес, сонымен қатар сүйіспеншілікті сезіну. Құрбан шалу бір тараптан Алланы еске салса, құрбан айт тұрғысынан жұбайымызды немесе от ағамызды, дос-жарандарымызды, әке-шешемізді, өмірден кеткен жақындар мен туыстарымызды еске алу.

Құрбан шалуда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ, пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Құрбан айта көңілдің шегі жоқ. Қарттардың, жетім-жесірлердің хал-жағдайын сұрау, шалғай елдерге барып құрбан шалу, сол жердегі мұқтаж иелеріне құрбан етін таратуға дейін барады.

Құрбан-Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.    Құрбан-жақындау, шүкір ету мағынасын білдіреді. Құрбан-Аллаға жақындау үшін дәнекер болады. Біздің шалған құрбандарымыздың еті немесе қаны Алла Тағаланың құзырына жетпейді. Бірақ біздің оның әмірін «ләббәйк» деп орындауымыздағы ықыласымыз бен ниетіміздің Алла Тағалаға жетіп, ризашылығына себеп болары сөзсіз. Бұл шындықты Құран Кәрім былай деп баяндайды: «Олардың (құрбан малдарының) еттері де, қандары да Алла Тағалаға жетпейді. Бірақ оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді».

Барлық адам баласының Шығыста және Батыста ең негізгі мұқтажы осылар емес пе? Принцип, құндылық, ізеттілік, адамгершілік, жомарттық, әділеттік, шын пейілдік және жауапкершілік түсігімен әрекет жасау. Шығыс қауымдары тақыр кедей күн кешірсе, Батыс қауымдары шіреген байлық ішінде өсір сүрген. Қиыншылық шеккен, жалғыз қалған адам үшін заттық және рухани бөлісудің мағынасы өте зор.

Құрбан бір бас тартуды де білдіреді. Құрбан керек болса, мал мен жанды қамтыған барлық нәрсені пида ету деген сөз. Аллаға жақындау, Алланың разылығын табумен ғана шектелмейді. Аллаға апаратын әр нәрсеге жақындау, Алладан алыстатушы әр нәрседен бас тарту. Яғни, әділеттен, игіліктен, сұлулықтан, мүддеден және мәнсаптан бас тарту. Құрбан-есептесу, ұждан және мүмкіншілік болып табылады. Барлық нәрсені заттық өмір және мүддемен түсіндірмейтін, сондай-ақ тілсім үнге бойсұну, керемет бір әділет және мүмкіншілікпен өмірге қару.

Адам баласы заңды, халал және мақұлданған әрекет жасауы керек. Әрбір заңды болған үйлесімді, әрбір халал мақұлданған болу мүмкін. Құқықта заңдықты, қауымда үйлесімділікті, исламда халалдықты, көңілде мақұлданғанды талап етеді. Күнделікте өмір тіршілігінде көбінесе кере қарыс әрекеттер болуы мүмкін. Принципті, ізеттілікті, адамгершілікті, әділеттілікті, шын пейілдікті және жауапкершілікті көбінесе орындау қиынға түсуі мүмкін. Қаншама қиын, қаншаға ауыр болса болсын, егер ренжімей-ақ барлығын орындай алсақ анда адам баласының шеше алмайтын мәселесі қалмаушы еді.

Құрбан шалу дәстүрі 4 жылдан бері жалғасып келеді. Адам баласы құрбан айтта құрбан шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.

Ақын Абдуррахим Каракоч «ренжітпе» деген өлеңінде барлық осы сұлулықтар мен әділет алдында мойнымыз қылдан жіңішке болуын тамаша суреттейді.

«Кейбір жолдар ұзын, кейбіреулері тар,

         Жол қысқарады махаббат келгенде.

         Исмаил сынды жаныңды пида ет,

         Бәкі сеннен ренжімесін».

Әрқашан принцип, құндылық, ізеттілік, әділеттік және жауапкершілік түсігімен өмір сүру тілегімен Құрбан айтыңызды құттықтаймын. Қайғылар бөліскен сайын азаяды, бақыттылық бөліскен сайын көбейеді. Қайғыларың азайған, шаттық көңіл-күйге бөленген бір мереке тілеймін.



Ұқсас жаңалықтар