Түркияның мигрант стратегиясы қалай болу керек? - 2

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы.

1249174
Түркияның мигрант стратегиясы қалай болу керек? - 2

Түркияның мигрант стратегиясы қалай болу керек? - 2

Алдынғы мақаламызда Түркияның тарих бойынша мигрант қабылдаған және азаматтары мигрантқа айналған бір ел болғанын атап, Анадолының мигрант аймағы екенін және қазір өте маңызды көш толқынымен бетпе-бет қалғанын тілге тиек еткен болатынбыз. Көбінесе шетелдегі азаматтарымыз бен туыстас қауымдастықтар тұрған елді-мекендерден күштеп қоныс аударуға мәжбүр қалғанын, кейбір империялардың болса, әсіресе тектестерімізді өз мүдделері бағытында қолданғысы келгенін атап көрсеткен болатынбыз. Осы көш қысымдары алдында кейбір азаматтық қоғам ұйымдары тарапынан Түркияға көштердің қолдау көргенін түсіндірген едік.

Бүгінгі мақаламызда қадағалауға тиісті миграция стратегиясы жайында ұсыныстарымызды одан да нақтылап жалғастырайық.

Миграция стратегиясының негізгі элементтерінің кейбіреулері мыналар:

Стратегиясы туралы кейбір ұсыныстар

Өмір сүрген жерлерді тастамау:

Бүкіл тарихи тәжірибеміз біздің тектестеріміз тұратын жерлерден кетпеу үшін барлық шараларды қолдану керектігін көрсетеді. Өйткені әрі өз жерін тастап кеткен адамдар, әрі Түркияның аймақтық ықпалы әлсірейді. Аймақты тастап кеткендер қалғандардың күшін әлсіретуде. Осы жағдайды Балканда одан жақсы байқаймыз. Иә, өте қиын, бәлкім мүмкін емес. Бірақ азаматтарымызды Балканда өз жерінде қалдырғанда, қазір Балканның мүлдем басқаша бір көрінісі болар еді. Осы себептен болса керек, кейбір ғалымдар қоныс аударудың харам екені туралы пәтуа беретін.

Орнында күшейту:

Түркияның алдынғы мақсаты мықты тарихы және мәдени қарым-қатынастары бар жерлердегі азаматтарын беделі қаншама ауыр болса да, алдымен өз жерінде қалдыру. Қоныс аудару емес. Түркияның мекемелері, аталмыш аймақтармен байланысты жұмыс істейтін азаматтық қоғам мекемелері сол аймақтағы адамдарды қалай күшейтетіні жайлы одан көп саясаттар, стратегиялар, жұмыстар және талпыныстар ортаға қою керек. Өмір сүрген аймақтарда экономикадан, мәдениетке, саясаттан спорттық шараларға адамдарды ынталандыру керек. Шетелде өмір сүріп Түркиямен байланысын үзбеген тектестерге тұрған елдерінде көп тұсты қолдау көрсету, әрі өздері, әрі Түркия үшін ұтымды болып табылады.

Батыста өмір сүрген азаматымызды орнында күшейту үшін басылатын ең маңызды қадам сол елдің азаматтығын алуы. Дегенмен азаматтарымыздың осы қадамды басудан тартыншақтанғанын немесе азаматтықты өте кеш алғанын білеміз. Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының басшысы болып қызмет атқарған кезде бір Еуроодақ мемлекетіне барған кезімде бір азаматымыз айтқандар сезімталдық климатын көрсетуі тұрғысынан маған әсер еткен болатын. Бұрынғы премьер-министрлеріміздің бірі профессор Неджметтин Ербакан 1980 жылдары бір сапарында өздеріне азаматтық алуларын ұсынған. Осы ұсыныстың жылдар өткен соң қаншама дұрыс екенін байқағанын атап көрсеткен азаматымыз «дегенмен сол күні Ербакан мырзаның айтқандары бізден дінімізді тастауды талап еткендей естіліп, намысымызға тиген болатын» деген еді.

Тиісті мемлекеттермен тығызынтымақтастық орнату:

Бұрын Балкан елдерімен қазір болса Қырым мен ұйғыр мәселесі себепті азаматтарымыз өмір сүрген елдермен арамызда проблемалар болуы табиғи жағдай. Өйткені тектестеріміздің сол елдерде жапа шеккенін, өте қатал жағдайда екенін біле тұрып көзімізді жұмуымыз мүмкін емес. Осыларды айтпайда тұра алмаспыз. Осыған қоса, бұл елдермен қарым-қатынастарымыздың одан да нашарлауы немесе үзілуі ең көп сол жерде өмір сүрген азаматтарымызға зиян келтіреді. Қарым-қатынастардың одан да нашарлауы бәлкім тектестеріміз арқылы империялық ізденістегі кейбір елдерге пайда әкеледі. Бірақ Түркия мен аталмыш елдің бұдан мүддесі болмайды. Осы себепті әрі азаматтарымыз әрі Батыста өмір сүрген тектестеріміз тұрғысынан оларды орнында күшейту  үшін өмір сүрген мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық жетілдіріліп, жақын жұмыстану керек. Азаматтарымыздың осы мемлекеттермен ынтымақтасып, өмір сүрген елдерге саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық одан көп үлес қосуларының жолын қарастыру керек.

Маргиналдық құрылымдарға қарсы шара:

Әрі заматтарымыз өмір сүрген батыс елдерінде, әрі тектестеріміз тұрған елдердегі кейбір лауазымдылар әсіресе саясат қайраткерлері осындағы азаматтардың бір қауымының маргиналдық, радикал құрылымдардың ықпалында екенін, террор әрекеттеріне қатысқанын алға тартып айыптауда. Осы қауесеттердің шындыққа жатпауы, аталмыш елдердің стратегияларынан туындаған айыптаулар болуы да мүмкін. Дегенмен адамдар бетпе-бет қалған қиыншылықтар себепті маргиналдық құрылымдар ықпал етуі де ықтимал. Осы себепті мұндай рисктерге қарсы мемлекеттік мекемелер мен сол елдермен байланысты азаматтық қоғамдарымыз қажетті жұмыстарды атқаруы керек.

Соңғы шара ретінде Түркия:

Кезкелген проблемаға душар болғанда, Түркияға қоныс аудару еске түсетін алғашқы шара емес,  соңғы шара болуға тиісті. Соңғы шараны қолдану үшін жоғарыда атап көрсетілген немесе сөз қозғалмаған барлық жолдарды сынау керек. Осы жағдай табиғи түрде өте стратегиялық, күрделі саясаттар мен тығыз жұмыстануды қажет қылады. Өмір сүрген аймақта тастап кету жеке және қоғамдық шығындар назарға алынғанда, азаматтарымызды сол елде қалдырудың бір жолын табуға итермелейді.

Соңғы жазған екі мақаламда елімізде одан тұрақты көрінетін көштер тақырыбына назар аударуға тырыстым. Ұқсас стратегияның Сирия, Иран, Ирак, Мысыр, Ливия, Ауғанстаннан туындаған одан уақытша көрінген немесе Түркияны транзит ел ретінде пайдаланған көш толқындары үшін де бірдей екенін айта аламыз. Дегенмен екі жағдайда да адам өміріне төнген қауіп болса, Түркия ешқашан бір батыс немесе Еуроодақ мемлекеті сияқты қозғалмайды. Өзін паналағандарды өлімге тастай алмайды. Батыстан және оның өркениетінен тыс Түркия тарих бойынша өзін паналаған бейшаралар үшін үміт пен адамзаттың соңғы есігі, ұжданның үні, азаттықтың атауы болған. Еуроодақ елдері ұқпаса да, тарих бойынша Түркияның мағынасы мен айырмашылығы осы болған.



Ұқсас жаңалықтар