Өзгерістің социологиясы және Түркия

Проф. Др. Доктор Кудрет Бүлбүлдің мақаласы.

1241209
Өзгерістің социологиясы және Түркия

Бұл - өзгерістер дәуірі. Жаһандық кезеңдерді, тіршілігімізді жан-жақты және көптеген салада қаласақ та, қаламасақ та өзгертуде.

Жаһандық кезеңдерге қоса жылдам экономикалық жаңалықты бастан кешкен қоғамдарда көптеген қарбалас болуда.

Маслоудың қажеттілік пирамидасы

Американдық психолог Абрахам Маслоу «Қажеттіліктер пирамидасы» тұжырымдамасымен адамның мінез-құлқын анализ жасайды. Маслоу адамдардың алдымен қарапайым қажеттіліктерін қамтамасыз ету сезімімен қозғалғанын, осы қарапайым қажеттіліктерге қол жеткізген соң орта және жоғары деңгейге дейінгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету талпынысына көшкенін атап көрсетеді. Адамдарды ынталандыратын қажеттіліктерді пирамидаға ұқсатқан Маслоу осы қажеттіліктерді ең ауқымды жоғары деңгейден, ең шағын қарапайымға қарай баратындай түрде мына 5 категорияға бөледі:

1. Физиологиялық қажеттіліктер: Тамақ, су, ауа, ұйқы, баспана сияқты қажеттіліктерді қамтиды.

2. Қауіпсіздік қажеттілігі: Тәртіп, тұрақтылық, жұмыс, мүлік, денсаулық сияқты қауіпсіздік қажеттіліктері болып табылады.

3. Әлеуметтік қажеттіліктер: Адамның махаббат, жақын адамдарынан жылулыққа, достық қарым-қатынас, әлеуметтік топқа пайдасының тиюі сияқты әрекеттерге ұмтылуы.

 4. Мойындату қажеттіліктері: Әлеуметтік ортаға пайдасы тигеннен кейін, махаббат пен жақындықты сезінгеннен кейін өзін мойындатып, мықты әрі сенімді адам болып көрінгісі келеді. Сыйластық пен атақ дәрежені алған адам өзіне сенімді бола бастайды. Сол арқылы өмір сүруге де ұмтылысы күшейеді.

5. Өзін-өзі басқару: Соңғы сатыда адам жан дүниесінің қажеттілігі сипатталады. Іштей тұлға болуға ұмтылу, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру сияқты белгілермен сипатталады. Пирамиданың төменгі сатылардан өткен адам ендігі өмірдің мәнін, қоршаған ортаны зерттеу, жаңаша дүниеге көз-қарас қалыптаса бастайды.

Жылдам өркендеу және нәтижесі

Маслоудың жеке тұлғалар үшін қажеттіліктер иерархиясы анализін қоғамдар арасында еркін байқауға болады. Жаһандық кезеңдерге қоса кейбір қоғамдар өте қысқа мерзімде өте жылдам экономикалық жаңалыққа қол жеткізді.  Қытай, Бразилия, Үндістан сияқты елдермен бірге Түркия да осылардың бірі болып табылады. Әділет және даму партиясы билікке келмей тұрғанда, адам басына шаққанда 2000 доллар табыс көзіне ие Түркия қоғамдар үшін қысқа деп қабылданатындай бір мерзімде адам басына шаққанда 10 мың доллардан асқан бір елге айналды.

Осы жылдам экономикалық өзгеріс экономика, мәдениет, оқу, отбасы және саясат сияқты барлық салаларда күдіксіз көрініс табады. Экономикалық табыстың әділ бөлінуі - бұл бөлек мәселе.

Экономикалық жаңалықтың көріністері

Өзгерген экономикалық таңдаулар: Қоғамдардың өте қысқа мерзімде бес есе баюы жеке тұлғалардың экономикалық таңдауларын түрлендіреді. Әрқашан үнемдеуші болған отбасылар балаларының шығын мен тұтынушы ұстанымын түсінгенде қиналатын болады. Түркия тұрғысынан осы жағдайды ұялы телефон таңдаған кезде байқауға болады. Түркияда ұялы телефон алмастыру мерзімінің бүкіләлемдік көрсеткіштерден жоғары екені атап көрсетілуде.

Жанұялық қарым-қатынастарда: Экономикалық жаңалық ерлі-зайыпты және бала қарым-қатынастарын толық өзгертеді. Алдынғы жағдайда жанұялар қажеттіліктері одан көп болған кезде балалар одан көп құрметтейтін және бағынышты болатын. Экономикалық жетілумен бірге жанұялар одан көп байып жатқанда, отбасы мүшелері одан еркін және сыншыл бір ұстаным ортаға қоя алады.

Оқу: Табысы төмен жеке тұлғалар оқу арқылы білімін көтеруді және «өз келешегін жақсартуды» мақсат етсе, одан жоғары табыс деңгейінде оқу тек қана құралға айналады.

Мәдениет-өнер-эстетика: Табыс деңгейі өскен сайын мәдениет, көркемөнер және эстетикаға қатысты қызығушылық пен уайымдар да арта түседі. Осы салаларға деген үміт артып келеді.

Саясат: 1980 жылдары мемлекеттер одан авторитарлық, азаматтар болса одан мейірімді болатын. Елдер қазіргі таңда одан демократиялық болғанына қарамастан енді азаматтар одан да сыншыл. Жаһандану кезеңдері және экономикалық дамумен бірге жанұяларда болғандай, жеке тұлға-мемлекет-қоғам қарым-қатынастары өзгереді. Осы өзгеріс әрине саясат пен саяси сөйлемдерге де ықпал етеді. Жаңа социология табиғи түрде жаңа бір тіл/стиль/сөйлем/жұмысты орындау стилін қажетті қылады. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясында болғандай байыған, орта-жоғары табыс жағдайына көтерілген қоғамдарға, қарапайым қажеттіліктерді уәде еткендерге саяси бір жауап қайтарылмайды. Өсіп жатқан табыс деңгейі саяси сөйлем туралы қоғамдық қажеттіліктерді өзгертеді. 2 мың долларлық бір табыс болғанда кейбір шығындар үлкен жетістік сияқты көрінуі мүмкін. 10 мың долларлық жағдайда болса қарапайым қажеттіліктер жайлы сөз қозғау керісінше көрінеді.

Жылдам өзгеріс және мәдениет

Жылдам өзгеріс болып жатқан елдерде ең қиын саланың мәдениет екенін айтуға болады. Экономикалық өркендеу немесе жаһандық коммуникация және информатикамен көптеген нәрсе жылдам өзгере алады. Дегенмен мәдениет бірдей жылдамдықпен емес, одан жай өзгереді. Бұл жағдайдың көріністерін көбінесе оқу, саясат, әйел-еркек қарым-қатынастары сияқты салалардан байқауға болады. Қоғамдық тұғырлар жылдам өзгергенде, қоғамдық мәдениет бірдей жылдамдықпен өзгеріске ұшырамағаны себепті мәдени салаларда дағдарыстарға куә болудамыз.

Жаһандық коммуникация және информатика

Өзгерген социологияны тек қана экономикалық өркендеумен түсіндіруге болмайды. Технологиялық жаңалықтар жеке тұлға-отбасы-мемлекет-қоғам қарым-қатынастарын да өзгертеді. Бұрын жеке тұлғалар, туыс-тамырлар, достар және білім алған орталардың айналасында бетпе-бет қарым-қатынастарға сүйенген бір әлеуметтену процесінде өмір сүріп жатқан жеке тұлға қазір технология мен әсіресе әлеуметтік желі құралдары арқылы жаһандық деңгейде виртуалды қатынастармен мүлдем басқа әлеуметтену процесін бастан кешуде.

Ұқсас бір әлеуметтену процесінің азаматтар үшін де бірдей екені, жанұялар сияқты мемлекеттердің де енді жеке тұлғалар үстінде одан шектеулі бір ықпалға ие екенін айта аламыз.

Жаңа социологияның құрылымында экономикалық өркендеумен бірге жаһандық коммуникация және информатика ықпалы үлкен. Қоғамдарды, мемлекеттерді, жанұяларды өзгеріске итермелеген негізгі себеп жаһандық коммуникация және информатика құралдары мен жеке тұлға-мемлекет-қоғам және жанұя ынтымақтастығының басқа елдерде/жанұяларда қалай екенін одан жақсы білінуі.

Соңында айта кетелік, «Тарихта бетбұрыс, өзгеріс процесі бар десе» бәріміз осыған қазір куә болудамыз. Балаларымыз жаңа бір кезеңнің алғашқы ұрпақтары болса, үлкендер мың жылдық бір дәстүрдің соңғы ұрпақтары деуге болады. Ұрпақ ретінде бір жақтан тарихтың мың жылдық тәжірибесіне, дәстүріне ие болғанда, басқа жақтан жаңа бір кезеңді бастаудамыз. Социология жылдам өзгерген мұндай бір ортада ойымша, кешегі күнде қалып кетпеген жөн. Әзірет Мәулана мына бір ұстанымымен оқу, жанұялық қарым-қатынастар және әсіресе саяси сөйлемдермен баланысты бізге ақылын айтады:

«Кешемен бірге кетіп қалды-ау

  Қаншама сөз болса кешеге қатысты

  Қазір жаңа сөздер айту керек

  Әрине дәстүрді бұзбай!»...



Ұқсас жаңалықтар