Түркия тәжірибесі: Хорасан жолы

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1201629
Түркия тәжірибесі: Хорасан жолы

Өмірге позитив көзбен қарайтын адамдар үшін писсимист мақала жазу еш өңайға түспейді. Сіздерге бейбітшілікке, тыныштыққа қарай жылжыған бір әлемнен,  одан да еркін өлеңдер,  бауырластық туралы пікірлер, қақтығыс емес, ұйымшылдық жөнінде анализдер бөлісуді қалар едім.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласын ұсынамыз.

Өкінішке орай, Америка Құрама Штаттары,  Ресей, Қытай және басқа да актерлер бағытында күн өткен сайын текетіреске толы бір әлемге қарай жылжып бара жатырмыз.  Жаһандық актерлермен бірге жеке немесе ұжымдық терроризм өзгешеліктерімізбен бірге тату-тәтті өмір сүргіміз келетін адамзат отбасының өмір сүру алаңын күн өткен сайын тарылта түсуде. Батыс елдерінің бара-бара Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрынғы жағдайға ұқсас атмосфераға жақындауы, өзгешеліктерге бағытталған шабуылдар,  мәңгүрт ақыл иесі ДАИШ, Жаңа Зеландия және Шри-Ланкада болғандар, Таррантизм,  Эвангелизм секілді оқиғаларды еске алған сайын адамның рухы түнекке айнала түседі.

Күн өткен сайын санамызды жаралайтын осындай оқиғаларға қарсы әрі Ислам әлемін,  әрі жаһанды тыныштыққа,  бірге өмір сүруге шақыратын жаһандық тіл,  көзқарасқа мұқтажбыз. Турасын айтқанда,  баршаны белгілі құндылықтарды қабылдауға және өмір сүруге шақыратын жаһандық мораль керек.

Басқа салаларды да қосқанда,  бірақ әсіресе діни салада плюрализм қабылданатын және шынайы жүзеге асырылатын бір жағдай адамзаттың проблемаларын шешпей ме?

Адамдар өзіне ұқсас адамдарды көбірек жақсы көруі мүмкін.  Бірақ осылай болса да,  шеттету, жау болу неге керек?

Өзгешеліктерді қауіп ретінде қабылдаудың орнына,  оларды бір-бір мүмкіндік,  байлық ретінде көру, оларға кішіпейілдікпен қарау бейбітшілік пен тыныштықтан басқа не әкеледі?

Тек алуды емес беруді,  бөлісуді де ойлау және жүзеге асыру бақыт пен тұрақтылықтың негізгі қайнары емес пе?

Өзгешені, өзгені кемсітпей, басқа тіл,  дін,  түс,  нәсіл,  идеология және түсінікті үстемдік деп ойламау бірге өмір сүрудің іргетасы емес пе?

Жоғарыда айтылған құндылықтардың көбі бүгінгі таңда ғаламдық құндылықтар ретінде қабылданған құндылықтар. Бірақ бұдан бұрынғы мақалаларымызда да айтылғандай,  «құндылықтардың соңы» жарияланған бір дәуірде өмір сүріп отырмыз.  Бұрын принципсіз әрекеттерді жасыруға тырысатын еді.  Ал қазір құндылықтар тікелей аяққа тапталған бір әлемдеміз. Басқа жағынан қабылданған және белгілі келісімдерде орын беріліп,  бірақ толығымен сіңбеген құндылықтар немесе принциптер көбіне тек қағаз жүзінде қалып отыр.

Бүгінгі күні әлемде текетірес,  радикализм,  ассимиляция,  шеттету,  қысым көрсету үстемдік орнатып тұр.

Ал жоғарыда айтылған құндылықтардың материалдық емес түсінігінен тыс,  моральдық тұрғыдан қолдау берілген тарихи өткені бар ма?

Біздің өркениетіміз тұрғысынан осы сұраққа жауап беру жеңіл. Біз «иә» деп айта аламыз.

Хорасан аймағынан бүкіл әлемге тараған түсінік, түйсік, ұғым негізінде жоғарыда аталған және аталмаған көптеген құндылықтарға,  осы құндылықтардың сіңуіне,  моральдық жағынан қолдау көруіне негіз болады. Бұл жол/мектеп – Хорасан жолы,  Яссауилік,  сопылық,  Хорасан әулиелері,  Мевлевилік деген атаулармен аталады.  Қалай аталса да,  мазмұны бірдей.  Мен әрі жағрапиялық аймаққа, әрі осы аймақтан бүкіл әлемге тараған ой-пікірге және гуманитарлық қозғалысқа меңзегені үшін Хорасан жолы деп атауды таңдадым.

Алдымен Хорасанның қай жерде екенін анықтап алайық.  Иран,  Ауғанстан,  Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Қазақстан,  Өзбекстанның кейбір жерлерін қамтитындай түрде Мары,  Герат, Нишапур, Белх, Бухара,  Самарқанд қалалары да орналасқан тарихи аймақ Хорасан деп аталады.  Қожа Ахмет Яссауи бастаған,  Шахы Нақшыбенди,  Мәулана Джелаледдин Руми,  Қажы Байрам Уәли, Қажы Бекташ Уәли секілді тұлғалар  Хорасаннан нәр алып, насихаттарын бүкіл әлемге жеткізген өте қымбат ғаламдық тұлғалар болып саналады.  Ахи Евран, Юнус Эмре,  Сары Салтук,  Сомунджу Баба,  Гүл Баба секілді тұлғалар да сол жолды жалғастырған.

Осы ұлы тұлғалардың негізгі ерекшелігі – Ислам өркениетінің ғаламдық пікірін әлемге тарата отырып ешқашан шеттетпеді, өзгелерге еш үстем көзбен қарамады, діни/мәдени/қоғамдық плюрализм мен кең пейілділікке шақырды. Бүгінгі күні ғаламдық құндылықтар деп аталған осы принциптерді тек қабылдап қана қоймай,  осы принциптерді өмір салтына, ахлақтық ұстанымға айналдыра білді. Сондықтан батыста өзгеше нанымға сенетіндер өлтірілген кезде, сотталған кезде, шамшырақ бола білген осы қымбатты тұлғалардың жол көрсетуімен Османлы жағрапиясында мұсылман емес қоғамдар өз діндерінен адаспай өмір сүрді.  Бүгін ғаламдық құндылықтар аты көп аталса да, Хорасан жолы көрсетіп кеткен осы көзқарасты көптеген елде көре алмаймыз.

Хорасан жолының негізгі принциптерін Мәулананың жеті насихатында анықтап көруге болады:

Жомарттық пен көмектесуде ағын судай бол,

Шапағат пен мейірімділікте Күндей бол.

Басқаларының кемшілігін жасыруда түндей бол.

Ашу мен қызбалықта өлідей бол.

Кішіпейілділік пен кең пейілділікте топырақтай бол,

Толеранттықта теңіздей бол.

Я өзің секілді көрін, яки көрінгеніңдей бол.

Әзірет Әлидің «Адамдар я жаратылыста теңің,  яки дінде бауырың» деген сөзі Хорасан жолының негізгі философиясын көрсетіп береді.

Хорасаннан бастау алып,  бүкіл жиһанға тараған осы жол, осы көзқарас,  осы тәжірибе Түркияның да тәжірибесі деп атауға болады.

Түркия тәжірибесі сондықтан бүгінгі күні әрі мұсылмандардың, әрі адам баласының алдында тұрған шеттету, дұшпандықты шешу әлеуетіне ие сирек тәжірибелердің бірі. Жаһандық зұлымдық ошақтарының өз мүдделері үшін барлық нәрсені қирататын,  бір дәстүрі жоқ,  тамырсыз барлық нәрсені асыра сілтейтін көзқарастары қысқа мерзімде мақсатына жетуі мүмкін. Бірақ орта және ұзын мерзімде адам баласының болашағы бір дәстүрге сүйенетін,  тарихи тәжірибесі бар, моральдық жағынан адамның бойына сіңген Хорасан жолы деп аталған көзқараста.

 

 



Ұқсас жаңалықтар