Сұлтан Абдүлхамиттің бүгінге әсері

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1144520
Сұлтан Абдүлхамиттің бүгінге әсері

Сұлтан ІІ Абдүлхамит 1918 жылдың 10 ақпан күні дүниеден озды. Осы апта оның қайтыс болғанына 101 жыл толды. Тарих толығымен өткен нәрсе емес.  Ол болашаққа жарығын түсіретін ең негізгі жол көрсетуші. Сондықтан тарихқа мақтау немесе жамандау тақырыбы тұрғысынан емес,  болашаққа беретін сабағы тұрғысынан қарау керек. Ұлы ақын Мехмет Акиф айтқандай «тарихты қайталау» деп түсіндіреді.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің мақаласын ұсынамыз.

Еш сабақ алынбағанда,  қайталанар ма еді? Осы тұрғыдан қарағанда Сұлтан Абдүлхамит және оның кезеңі бүгінгі күнді түсінуге үлес қосатын жақын тарихымыздағы ең маңызды кезең болып саналады.

Осы кезеңдегі даму ынталары, ашылған мектептер,  салынған жолдар,  алыс елдермен құрылған қарым-қатынастар, жаһандық теңдік саясаты секілді маңызды тақырыптар бар.  Мен бірнеше тақырыпты қолға алғаннан кейін, негізінде сол кезде бетпе-бет келінген проблемалардың бүгінгі күнге әсеріне тоқталғым келеді.

Сұлтан Абдүлхамиттің барлық мақсаты ыдырап бара жатқан ірі бір империяны сол кездегі империалист күштер арасындағы саясатта құлатып алмау ынтасы деп қарауға болады. Бүкіл өмірі «науқас адам» деп аталып кеткен Осман мемлекетін біртұтас қылып ұстап тұру үшін сыртқы актерлер және осы актерлермен ынтымақтастығында ішкі актерлермен күресумен өтеді. Сондықтан ол өзіне лайықты емес көптеген тақырыпта сыналады. Оны деспотизммен айыптаған Бірлік пен ілгерілеу партиясы билікке келгеннен кейін одан да қысымшыл істерге қолтаңба басқаны белгілі.  Сол кезде Ұлыбританияның қолдауымен сионист еврейлердің Османлы жерінде бір Израиль мемлекетін құру талпыныстарын айырықша меңзеп өту керек.

Катип Челеби Ибн Халдун секілді мемлекеттерді адам құрылымына ұқсатады.  Олардың да балалық, жастық және кәрілік шақтары болады.  Катип Челебиге қарағанда, Османлы мемлекеті балалық, жастық және орта жастарын артта тастаған,  кәрілік кезеңіне келген.  Бірақ дәрігерлердің науқас адамның өмірін созуға тырысуы секілді мемлекеттер де тәжірибелі және ақылды басшылардың қолында құлдырауын кешіктіруіне болады.  Сондықтан Османлы мемлекетінің басшылығы Челебидің ойынша қабілетті адамға берілуі қажет.

Сұлтан Абдүлхамитті Катип Челеби айтқан қабілетті тұлға деп атауға болады.  Бірақ енді уақыттың да рухы өзгере бастаған еді. Империялар дәуірі аяқталып қалды. 20-ғасырдың басында тарих сахнасынан кете бастаған тек Османлы мемлекеті ғана емес.  Орыс империясы,  Австрия-Венгрия империясы да Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін тарих сахнасынан кетті.  Сол дәуірдің ең мықты актері ретінде саналған Ағылшын империясының уақыты болса Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін толды деп айтуға болады.

Бүгінге әсері

Бүгінге әсері тұрғысынан бірінші болып айтылуы керек нәрсе – Сұлтан Абдүлхамиттің сол кезеңде жаһандық деңгейде құрған қатынастары мен әлем мұсылмандарына көрсеткен ықыласы. Сол дәуірде Жапониядан Қытайға, Африкадан Таяу Шығысқа,  Еуропаға көптеген жерде Абдүлхамиттен қалған туынды немесе бір қатынас табуға болады.  Османлы падишалары арасында Абдүлхамит бәлкім мемлекеттің барлық тапшылықтарына қарамастан ең ауқымды территорияда көп жәдігер қалдырған падиша болар.

Сұлтан Абдүлхамит бір шарықтау кезеңі падишасы болмағандықтан,  ол мемлекетті аман алып қалу ынтасында болғандықтан ол кезден бүгінге қалғаны көбіне осы ынта мен талпыныстың нәтижелеріне байланысты.

Абдүлхамиттің төңкеріс арқылы тақтан түсірілуін нәтижесі тұрғысынан сол кезге дейін жасалған және табысқа жеткендер арасында төңкеріс дәстүрінің шыңы деп қарауға болады. Төңкерістің ішкі ұйымдастырушыларының бірі Бірлікшілердің төңкерісшіл дәстүрі мен Мендерес,  Өзал және Ердоған желісімен жалғасқан демократия дәстүрінің күресі республика тарихы бойы жалғасын тапты.

Әділет және даму партиясы кезеңінде басылған демократия және азаматтық қоғам қадамдарымен Түркияда төңкерісшіл дәстүр едәуір әлсіреді. Президенттік басқару жүйесі өткеннен кейін Түркияда төңкерісшіл дәстүр тарихтың ең әлсіз кезеңіне жетті.

Абдүлхамитті тақтан құлату үшін істелгендер, әсіресе Бірлікшілердің істері ұлт осы істерден бейхабар болатын, зиялылар,  медиа,  бюрократия,  армия секілді ішкі факторлар сыртқы факторлармен жақын ынтымақтастықта болатын, осы ынтымақтастықтардың қорытындысы ретінде ұлт пен мемлекетке қарсы ауыр процестер бастан өтетін бір дәстүрді де мұра қылып қалдырды.  Мендерес, Өзал, Ербакан және Ердоғанның басына түскен үрдістер бұрын табысқа жеткен процестердің жалғасы.

Сұлтан Абдүлхамиттің тұлғасы ішкі және сыртқы қоғамда барлық жамандықтың қайнар көзі ретінде көрсетілді, осы тұлғаны құлатқанда, барлық мәселелер шешіледі деген түсінік қалыптастырылды. Жек көрушілік арқылы бір кісіні барлық проблемалардың қайнары ретінде көрсету түсінігі Мендерес,  Өзал және Ердоған кезеңдерінде де қайталануға тырысылды.

Өкінулер...

Абдүлхамит тақтан құлатылғаннан кейін болған оқиғаларды көрген кейбір зиялы қауым өкінгендерін білдірді.  Осылардың арасында ең танымалы ақын Рыза Тевфик жазған бір өлең. Төмендегі жолдарда ақын өкінгенін ашық мойындайды:

«Тарихта атың аталған кезде,

Сені орынды деп табады, әй, Ұлы Сұлтан.

Біз едік ұялмай жала жапқан,

Ғасырдың ең саяси падишасына»

Алайда осы өкіну Абдүлхамитке қарсы Османлы зиялылары мен бюрократтарында кең тарамады.  Кемал Тахир айтқандай осы зиялы мен бюрократтар батыстану жолына Османлы мемлекетін аман алып қалу үшін кірісті. Елдің қирап бара жатқанын көргеніне қарамастан осы жолдан таймаған, қарсы шыққандарды да «артта қалғандар» деп айыптаған.  Кемал Тахирдің сөздерімен «Бір мағынада осылайша опасыздыққа дейін барды.  Осы тұрғыдан қарағанда осы батыстанушы Османлы зиялылары 1918 жылғы құлдырауды тағдыр деп есептеді»

Кемал Тахирдің Османлы зиялылары және бюрократтары үшін айтқан сөздері кейбір Республика кезеңі зиялылар үшін де жарамды емес пе? Осы зиялылар марқұм премьер-министр Аднан Мендерестің өлім жазасымен аяқталған үрдістен Тургут Өзалдың (менің ойымша) өлтірілуінен кейін, Түркия бетпе-бет қалған проблемалар себебімен өкінді ме екен? Сол сияқты Ердоғанға қарсы, кейбір батыстықтардың үгіт-насихатын тоты құсқа ұқсап қайталағандар, бүгінгі осындай зиялылар Құдай сақтасын,  Түркияның дамуы тоқтатылса, істегендеріне ұялмай ма? Әлде мойындамау үшін өздерін ақтап қалудың жолын іздестіре ме?

 



Ұқсас жаңалықтар