Бөлшек сауда туралы заң жобасы

13 баптан тұратын заң жобасы парламентке жіберілді

96110
Бөлшек сауда туралы заң жобасы

Түркияда шамамен 182 миллиард долларлық кіріске ие бөлшек сауда саласына жаңа өзгерістер енгізілетін болады.
Кеден мен Сауда министрлігі тарапынан әзірленген 13 баптан тұратын бөлшек сауда туралы заң жобасы Түркия парламентіне жіберілді.
Көптеген өзгерістер енгізілген заң жобасы тұтынушыларды қорғауды мақсат етіп отыр.
Заң жобасында Сауда орталықтары туралы да баптар орын алған. Сауда орталықтарында жедел жәрдем қызметі беретін орындар, ғибадат жерлері, бөбек бағылатын бөлім мен балалардың ойын алаңдары құрылатын болады.
Осы заң жобасы арқылы аталмыш секторды жандандырумен қатар бюрократиялық қағазбастылықты да азайту көзделіп отыр.


Tanlangan kalimalar:

Aloqador xabarlar