Михрибан Әлиева Түркияға алғыс айтты

Михрибан Әлиева Анкараның символы Атакуле мұнарасының Әзірбайжан байрағының түсімен жарықтандырылуына орай Түркияға алғыс айтты.

1398908
Михрибан Әлиева Түркияға алғыс айтты

Әзірбайжан президентінің бірінші орынбасары Михрибан Әлиева астана Анкараның символы Атакуле мұнарасының жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күреске қолдау беру мақсатымен Әзірбайжан байрағының түсімен жарықтандырылуына орай Түркияға алғыс айтты.

Михрибан Әлиева әлеуметтік желіден Әзірбайжан байрағының түсімен жарықтандырылған Атакуле мұнарасының суретімен бірге бөліскен мәлімдемесінде:

"Бауырымыз Түркияға шынайы сүйіспеншілігімді ұсынамын. Елдеріміз әрқашан әрі бақытты, әрі ауыр күндерінде бір бірінің қасынан табылады. Біздің бірлігіміз бен күшіміз осыдан келеді. Халықтарымызға денсаулық, елдерімізге бейбітшілік пен байлық тілеймін. Алла тағала әлемді қорғасын!" деді. 

Әзірбайжан Түркияның коронавируспен күресіне қолдау беру мақсатымен 11 сәуірде Бакудың жаңа сәулет өнері символі Гайдар Әлиев орталығының сыртқы қабырғасына Түрік байрағын ілген болатын. 

Түркия осының қарымжысы ретінде Әзірбайжанға жақындығын, ұйымшылдығын және бауырластығын бейнелеу мақсатымен Атакуле мұнарасын Әзірбайжан байрағының түсімен жарықтандырған. 



Ұқсас жаңалықтар