Атакуледе Әзербайжан байрағы желбіреді

Анкараның символы бауырлас елдің байрығының түсімен жарықтандырылды.

1397406
Атакуледе Әзербайжан байрағы желбіреді

Астана Анкараның символы Атакуле мұнарасы Түркияның Әзербайжанмен ұйымшылдығын көрсету мақсатымен бауырлас елдің байрығының түсімен жарықтандырылды.

Әзербайжан Түркияның жаңа типті коронавирус індетімен күресіне  қолдау беру мақсатымен 11 сәуірде астана Бакудың жаңа сәулет өнері символы Гайдар Әлиев орталығының сыртқы қабырғасына түрік байрағын ілген болатын.

Түркия да осы игілікке қарымжы ретінде Әзербайжанмен жақындығын, ұйымшылдығын және бауырластығын бейнелеу мақсатымен Атакуле мұнарасын бауырлас елдің байрағының түсі болған көк, қызыл және жасыл түстермен  жарықтандырды.

Мұнараның төбесіндегі экранда "Екі ел, бір ұлт. Бауырлас Әзербайжанға сүйіспеншілікпен!" деген сөздер жазылды, сауда орталығы жағындағы ірі экранда екі елдің байрақтары желбіреді.   



Ұқсас жаңалықтар