Гайдар Әлиев Орталығы түрік байрағымен безендірілді

Бакудегі Гайдар Әлиев Орталығының сыртқы қабырғасы түрік байрағымен безендірілді.

1396242
Гайдар Әлиев Орталығы түрік байрағымен безендірілді

Әзербайжанның бас қаласы Бакудегі заманауи сәулеттердің бірі Гайдар Әлиев Орталығы түрік байрағымен безендірілді.

Түркияның жаңа тип коронавируспен күресіне Әзербайжанның қолдауын көрсету мақсатты Әзербайжан байрағына қоса, түрік байрағымен безендірілген орталықта түрік музыкасы да ойналды.

Түркияның Әзербайжандағы Өкілетті және төтенше елшісі Эркан Өзорал «Бүгін Түркия мен Әзербайжан байрақтары Гайдар Әлиев Орталығының сыртқы қабырғасын безендіруде. Екі бауырлас халықтың байрағының бірге желбіреуі біз үшін үлкен мақтаныш. Түркия мен Әзербайжанның бір-бірімен жақындығын, ынтымақтастық пен бауырластығын көрсеткен бұл тамаша іс-шараға куәміз» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да көріністі әлеуметтік медияда бөлісіп, «Бакудің символдарының бірі ретінде Гайдар Әлиев Орталығы "Сovid-19" эпидемиясымен ортақ күрес аясында Түркия және Әзербайжан байрақтарымен безендірілді. Бір ұлт, бір жүрекпіз! Түркия байрағы мен Әзербайжан байрағы бірге. Жеңіске бірге жетеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар