Әзірбайжанда түрік шәйіттер үшін ескерткіш салынды

«Кавказ Ислам армиясы» деп аталған Османлы армиясының 9 атсыз әскері жерленген Әзірбайжанның Дигах ауданында ескерткіш салынды.

1175731
Әзірбайжанда түрік шәйіттер үшін ескерткіш салынды
kafkas islam ordusu anit1.jpg

Баку маңындағы Дигах ауданында жатқан жерлері әзірбайжандықтар тарапынан құрметтеліп қорғалған шәйіт мазарлары Абшерон губернаторлығы тарапынан қалпына келтіріліп ескерткіш салынды.

Бакуді армян қарақшылар мен Большевик жасақтарынан құтқарған және Кавказ Ислам армиясы деп аталған Османлы армиясының аты белгісіз 9 әскері жерленген шәйіттікке Түркия мен Әзірбайжан байрақтары тігілді.

Түркияның Әзірбайжандағы өкілетті және төтенше елшісі Эркан Өзорал салынған ескерткіш үшін Абшерон губернаторы Ираде Гүлмеммедовамен кездесіп түрік шәйіттеріне көрсетілген осы құрмет үшін алғысын білдірді.

Губернатор Гүлмеммедова Кавказ Ислам армиясының 1918 жылы Әзірбайжанға көмекке келіп, армян мен Большевиктердің зұлымдығынан құтқарғанын, сондықтан шәйіт түрік әскерлерін құрметтеуге міндетті екендерін атап көрсетті.

Кавказ Ислам армиясы Османлы мемлекетінің соғыс министрі Энвер Пашаның тапсырмасымен құрылды және Бірінші дүниежүзілік соғыста Кавказ майданында соғысты.

Әзірбайжан Республикасы мен Дағыстанның Османлы мемлекетінен жәрдем сұрауымен Нури Паша (Киллигил) қолбасшылығындағы Кавказ Ислам армиясы Әзірбайжанға аттанды.

Кавказ Ислам армиясындағы әскер саны Әзірбайжан армиясынан қосылған мың адаммен 12 мыңға ұласты.

Бағытындағы Гөйчай, Салян, Ағсу және Күрдемир аймақтарын Большевик жасақтары мен армяндардан тазалаған Кавказ Ислам армиясы 1918 жылы 15 қыркүйек күні Бакуді басқыншы күштерден құтқарды.



Ұқсас жаңалықтар