Атом электр станциялары қауіп астында

Жер шары - ортақ үйіміз 46

421690
Атом электр станциялары қауіп астында

Бағдарламамыздың бұл бөлімінде сіздерге Колумбия университеті Радиологиялық зерттеу орталығының белгілі ғалымы Давид Бреннердің бір мақаласы жайлы сөз қозғағымыз келеді. Бреннер Фукусима атом станциясындағы апаттың ұзақ мерзімді әсеріне назар аудару керектігін және радиациялық қауіптің әлі жойылмағанын ортаға қойған бір мақала жазды. Бұл мақалаға қысқаша көз жүгіртейік; Ол апаттан кейінгі жағдай жайлы «Жапониядағы жағдайдың алғашқы сатысы жайлап аяқтала бастады. Атом станциясының айналасында ауадағы радиацияның соңғы үш аптадан бері азайғанын білеміз. Бірақ станциядағы аварияның екінші және одан да ұзақ және әсерлі кезеңі енді басталады. Ең қауіпті екі радиоактивті изотоп йод және цезий. Йодтың жартылай өмірі тек қана сегіз күн. Бірақ цезийдегі бұл мерзім 30 жыл. Яғни, Фукусимадан шашыраған цезий ондаған жыл бізбен бірге болады. Тынық мұхитқа жайылған цезий жерімізге сіңіп, таза ауыз суы мен азық-түліктерімізге әсер ететін болады» деп ескерткен. Яғни, ғалымның мақаласына қарағанда, Америка Құрама Штаттарының өзі де бұл жарылыстың салдарына душар және бұдан кейін де душар болады.
Бұл жарылыстың әсері одан да көп талас болады, нәтижелері ғалымдар тарапынан бағаландырылатын болады. Бірақ басқа жағынан радиация мыңдаған адам және миллиондаған гектар егістік пен көптеген су көздеріне болымсыз әсер ететін болады. Негізінде қарайтын болсақ, қоғам осы тақырыпта екіге бөлек көзқарасқа ие. «Атомсыз бір тіршілік пе?» әйтпесе, қауіптерге қарамастан ең арзан энергия көздерінің бірі «атомдық бір тіршілік пе?». Бүгінгі таңда шешім қабылдау үшін бұл сұрақтың жауабын іздегендердің бірі де неміс үкіметі. Неміс Жаһандық қоршаған орта өзгерісі кеңесі ұзақ және жан-жақты зерттеулері нәтижесінде, 82 миллион тұрғыны бар бұл өнеркәсіп мемлекетінің энергия қажеттілігін атом станцияларсыз да қамтамасыз ете алатынын ортаға қойды. Қоршаған орта кеңесінің соңғы рапорты жасыл экономикаға көшу үшін атомдық және қалдық жанармайларға қажет болмағанын ортаға қояды.
Рапорт әлем және әлем экономикасы атомдық энергия болмай да «жасылдана алады» дейді. Яғни, оларға қарағанда, атомсыз бір тіршілік мүмкін.
Үнемдеу - энергиялар арасында ең жасылы. Климаттың жылдам өзгеруі және табиғи көздердің жойыла бастауы себепті тез арада жасыл экономика сәйкестігінің басталуы керек. Алғашқы сатыда жаңартыла алатын энергиялардың инвестиция қажеттілігі классикалық энергия инвестициялары негізінде жасалатын болады. Бірақ күн және жел тегін болғандықтан инвестицияларға параллелді түрде өндіріс шығыны да азаятын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар