Еуроодақтың көміртегін азайтуға бағытталған жобасы

Жер шары - ортақ үйіміз 42

415256
Еуроодақтың көміртегін азайтуға бағытталған жобасы

Ғаламшарымыз үшін тығыз күш жұмсаған, бар өмірін осыған арнаған, жақында қайтыс болған қоршаған орта еріктісі, Түркиядағы қоршаған орта және органикалық тіршілік қозғалысы басшыларының бірі Виктор Ананиястан өкінішке орай 40 жасында айырылдық. Виктор Ананияс бүкіл әлемге танымал, Түркияның алдыңғы қатарлы қоршаған орта және егіншілік қозғалысы мекемелерінің бірі - Түркия Бидай қоғамының құрушысы және Басқару кеңесі төрағасы болатын. Виктор Ананияс ойларымен елімізге өкілдік жасаған, қоршаған ортаға табынатын бір адам еді. Мемлекетімізде және әлемде қоршаған орта саласында келешектің 5 үлкен әлем басшыларының бірі ретінде көрсетілетін.
1971 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында туылған Ананияс чилилік әкесі және түрік шешесімен табиғи тіршілікті таңдап, Бодрумға жайғасқан болатын. Құрған азаматтық қоғамы мен экологиялық дүкені, қаптармен органикалық өнім тарату, экологиялық жайларды аралау, Қоғам қолдау берген бақ жобасы, Экологиялық нарық сияқты ұғымдарды Түркияға тұңғыш рет ол кіргізген болатын. Соңғы кезеңде Чамтепе экологиялық тіршілік орталығында жұмыстарын жалғастырып, экологиялық зәйтүн өндіретін. Виктор Ананияс бұл ғаламшарға еңбек сіңірген ерекшелігімен ешқашан ұмытылмайтын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар