Еуроодақтың көміртегін азайтуға бағытталған жобасы

Жер шары - ортақ үйіміз 42

415258
Еуроодақтың көміртегін азайтуға бағытталған жобасы

Пластикалық қалдықтар кезкелген бір қоқыс қалдығына, қоқыс жиынтығына ұқсамайды. Пластикалық қоқыстар өте көп, әрі қозғалып жатады. Өзендер мен желдің әсерінен орны тез ауысып отырады. Осы орын ауыстыру процесі мұхиттарда құйындар және қатты ағыстар арқылы жүзеге асады және атап айтатын болсақ қоқыстық хауыздарға айналады. Құрлықта жиналған пластикалық өнімдер уақыт өткен сайын қоқыс жиынтығын құрады. Бұл қоқыс таулары табиғат қозғалыстарымен өзендерге және ол жерден теңіздерге құяды. Теңізге құйған қоқыстар болса ағыстар арқылы ұзақ қашықтарға тасымалданады. Кейін теңіз жануарлары кіші пластикалық қоқыстарды жейді. Жүздеген теңіз құсы, балық пен тасбақалар бұл улы қалдықты жегендіктен өледі. Өлген теңіз жануарының шамамен 43 пайызы, теңіз тасбақаларының 86 пайызы және құстардың 44 пайызының денелерінде пластик заттар табылды. Тынық мұхиттың солтүстігінен жиналған өлі балық үлгілерінің 35 пайызының асқазанында да пластик заттар бар. Ғалымдар және қоршаған орта еріктілері енді теңіздерді пластикадан тазартудың мүмкін емес екенін байқап отыр. Өткені қалдықтар орын алған мұхиттар ғаламшардың үштен екісін құрайды.
Бұл жағдайда пластикалық қоқыстар бізбен ұзақ уақыт өмір сүретін секілді. Бірақ басқа шешімдер табу мүмкін. Шешім мұхиттарда емес, құрлықтан басталады. Одан әрі пластиканың қайта өндірілуіне қоса, пластиканы өндіру барысында биологиялық тұрғыдан бөлшектеле алатын бірнеше материалды одан көп өнімде пайдалану және пластикалық өнімдерді қайта жоспарлау қажет.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар