Еуроодақтың көміртегін азайтуға бағытталған жобасы

Жер шары - ортақ үйіміз 42

415257
Еуроодақтың көміртегін азайтуға бағытталған жобасы

Еуроодақ көміртегі қос тотығы өндірісін 2050 жылына дейін 80 пайыз мөлшерінде азайтуды мақсат еткен жоба қабылдады. Еуропа Одағы Климат қозғалысы комиссары Конни Гедегаард төменгі көміртегі экономикасына өтудің уақыты келгенін, мұнай бағаларының көтерілуімен одақтың энергия шығынының жыл сайын артқанын білдірді. Гедегаард төмен көміртегі экономикасына өту үшін қажетті технологияның қазіргі таңда бар екеніне де назар аударды.
Еурокомиссиясы да алдағы 40 жылда төмен көміртегі экономикасы құрудың жылына 375 миллиард долларлық инвестицияны қажет қылатынын, бұл қаржының мұнай импортын азайту арқылы алдағы жылдарда үлкен үнемдеуге айналдыра алынатын және қоршаған ортаға сай тазалықты қамтамасыз ететінін болжайды.
Ғаламшарымызды тазарту үшін бір жағынан Еуропа Одағы елдері сияқты комиссиялар ортақ қозғалыс жобалары дайындап, шешім қабылдайды, енді бір жағынан болса адамзат қоршаған ортаны ластау үшін бар күшін жұмсайды. Бұларды неге айтқанымызды білесіздер ме? Өйткені жасалған бір зерттеу қорытындысында мұхиттардың пластикалық қоқыстарға толғаны нәтижесі шықты. Мұхиттарда аралға айнала бастаған пластикалық қоқыстар теңіз тіршілігіне үлкен зиян келтіреді. Өткені пластикалық қалдықтар еш жойылмайды. Өкінішке орай, теңіз жануарлары оларды тамақ деп ойлап, жейді. Жандылардың пластиканы қорытуы мүмкін емес. Пластикалар мұхиттарда жүздеген жылдар бойы сақталатын химиялық зат болып табылады. Баршамызға мәлім, 2-ші Дүниежүзілік соғыстың аяғынан бері әсіресе соңғы 50 жылда барлық заттар пластикалық пакеттерде сатылады. Саудада пластикалық пакеттер қолданамыз. Қысқа уақытта тұтынып, қоқысқа тасталған пластикалық өнімдер әлемнің барлық жерінде жандылардың қорқынышы. Бұл қоқыстың көпшілігі қоршаған ортаны ластайды және теңізге ағады. Ғалымдар соңғы кездері мұхиттардағы пластикалық қоқыс жиынтығының өте көп артқанына назар аударады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар