Ғаламшар адам қолынан қалай ластанды?

Жер шары - ортақ үйіміз 41

365079
Ғаламшар адам қолынан қалай ластанды?

Айтқанымыздай, адам қолынан қоршаған ортаны ластағанымыз соншалықты, қол жеткізген нәтижелер баршамызды таңқалдыруда. Бұл жағдайға тағы бір мысал келтірейік. Өткенде Америка Құрама Штаттарында жүргізілген бір зерттеудің қорытындысы ірі қалаларда ауаның ластануына себеп болған озонның халықтың саулығына қауіп төндіргені жөніндегі қазірге дейінгі ең мықты дәлел болу ерекшелігіне ие.
Зерттеудің нәтижесіне қарағанда, төменгі сатыда болса да, озонның демікпе ауруы мен тыныс алу жүйесіне зиян келтіргені, сондай-ақ инфаркт және мүгедек болу рискін арттырғаны ортаға шықты. Америка Өкпе қоғамына қарағанда, Америкада 20 миллион адам демікпемен ауырады. Өкінішке орай, бұл санның уақыт өткен сайын артатыны болжалады. Медицина мамандарының мәлімдемелеріне қарағанда, демікпе науқастарына қоршаған орта қатты әсер етеді. Әсіресе ауа ластығы артқан кезде автобус және көліктерден шыққан газдар демікпеге әсер еткен себептер арасында орын алады. Қоршаған орта басқармасы «EPA» мен Солтүстік Королина университеті ортақ жүргізген жаңа бір зерттеу қауіпсіз екені алға тартылған озон деңгейінің негізінде халық денсаулығы тұрғысынан өте маңызды қатер екенін ортаға қойды. Өкпеге зиян келтіретін озон үш оттегі атомынан құралған және көзбен көрілмейтін бір газ. Озон тыныс жүйесіндегі нәзік жерлерге зиян береді. Мамандар озон ластығының әсіресе дизель жанармайлы көліктердің тұманымен араласып, жүрек қысымы мен мүгедектік рискін арттырғанын айтады. Бұрын ең көп қалаларда кездескен озон ластығы енді әр жерде кездесе бастады. Қала орталықтарындағы ластанған ауа желдің әсерімен басқа жерлерге жайылуда. Сену қиын сияқты, бірақ кейбір ұлттық парк пен таулардың шыңында озон деңгейінің өте көп екені анықталған.
Қысқаша айтқанда, дем алу үшін барған алаңдарымыз да ластануда. Ойлап көріңіздер! Ұлттық парктер, көлдер, таулар, ормандар қысқасы жел үрген барлық алаңдардың ластануы мен тіршілік көздерінің жойылуын айтып отыр. Ең болмағанда, бұл алаңдарды ластанудан құтқаруымыз керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар