Түркияның көбелектері

Жер шары - ортақ үйіміз 39

364626
Түркияның көбелектері

Қызыл кітаптан алынған кейбір мағлұматтармен бағдарламамызды аяқтаймыз.
Кітапта Түркияның көбелектеріне қауіп төндірген ең маңызды себептер арасында жоспарсыз құрылыс жұмыстары, жоспарсыз кеншілік жұмыстары және жоспарсыз энергетикалық инвестициялардың бар екені орын алған. Сондай-ақ тығыз егіншілік жұмыстары және әдеттегі егіншілік дәстүрінің тасталуы көптеген көбелек түрінің жойылуға жақындауында себеп ретінде көрсетілген.
Көбелектер тұрғысынан Еуропаның ең маңызды мемлекеттері арасындағы Түркияда көбелек түрлерін қорғау үшін маңызды шаралар алынуы және алдыңғы қатарлы салаларда қорғау жобаларының жүзеге асырылуы шарт қойылады.
Өздерінің табиғи орталарында өмір сүру барлық жануарлар сияқты көбелектердің де хақы. Бұл салада мемлекетімізде шынында да өте маңызды жұмыстар жүргізіледі. Сол себептен әлемнің әртүрлі елдерінде өмір сүрген көбелек бақылаушыларын мемлекетімізде көру біз үшін үлкен бақыт. Өйткені, ақырында бұл көбелектер тек қана біздің географиямызда өмір сүргені және көбейгені үшін еліміздің ғана емес, барлық әлемнің жәндіктері болып табылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар