Кейбір жануарлардың анықтала алмаған өлімдері

Жер шары - ортақ үйіміз 36

356548
Кейбір жануарлардың анықтала алмаған өлімдері

1970 жылдардың аяғында АҚШ үкіметі Маршал аралдарында жасаған ядролық сынақтардың қалдықтарын тазартуға күш жұмсады. 85 мың текше метрге жақын радиациялық топырақ Рунит аралдарына апарылды және осында бір ядролық сынақтан артта қалғандар ені 100 метр кратерге толтырылды. Кратердің қақпағы 358 үлкен бөлімнен тұратын бір күмбезбен жабылды. Бұл жұмыс АҚШ үкіметіне ширек миллиард доллар шығын келтірді және 3 жыл уақыт кетті. Осыған қарамастан бұл аймақ әлі радиация жайып, адам өміріне қауіп төндіруде.
Австралияға жақын Микронезияда жылдардан бері жалғасқан фосфор кені жұмыстары Науру аймағында жердің 80 пайызын жойды. Артқа 15 метр биіктігіндегі тас төбелерімен қапталған құрғақ бір жер қалдырды. Фосфор резервтерін тауысқан соң аймақ экономикасы да бұзылды. Бүгін Наурудың өнімді жерлері қалмады. Аймақтағы жалғыз таза жер 150 метрлік жағалау.
АҚШ Пенсильванияның Централия аймағының астындағы ірі көмір шахталары 1962 жылы өртенді. Шахталар сол күннен бері жанып жатыр. Бұл оқиғаның артынан 1981 жылы аймақ тұрғындары басқа жерлерге көшірілді және Централияда сол күннен бері ешкім қалмады.
Өз қолымызбен ластамаған бір ғаламшарда өмір сүруді тілейміз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар