Энергия көздерінің қолданысы

Жер шары - ортақ үйіміз 30

313543
Энергия көздерінің қолданысы

Жаһандық ысыну кезеңінде арасында ғаламшарымыз да бар ең үлкен мәселелердің басында шүбәсіз әдеттегі энергия көздерінің қолданыcы келеді. Жаңартыла алмайтын осы энергия көздері миллиондаған жыл бұрын өлген жандылар мен өсімдіктердің қалдықтарының қатты ысынуы және қысым нәтижесінде өзгеріске ұшырауымен пайда болады. Мұнай, көмір және табиғи газ сияқты қазынды отын резервті жанармайлар атмосфераға тасталған көміртегі және метандан тұратын ластаушы газдар ғаламшарымыздың уақытынан бұрын ластануына себеп болады. Осы ластанудың артпауы және ғаламшарымызға қажетті жаңа энергия көздерін ортаға шығару үшін шамамен 20 жылдан бері зерттеулер жүргізілуде. Бұрыннан белгілі бір шындық болса күн және жел энергиясы осы энергетика көздерінің алдынғы қатарлылары. Осы энергия көздерінің ең маңызды ерекшелігі - тұрақты және жалғастырыла алатын болуы. Тағы бір маңызды ерекшелігі болса қолданылатын көздердің таусылу жылдамдығыннан гөрі өзін жаңартуы.
Жаңартыла алынатын энергия көздерінің ең маңыздыларының бірі – жел энергиясы. Әлемге үлкен зиянын тигізген мұнай, көмір және табиғи газдың көміртегі қалдықтарын осы жаңа энергия көздері арқылы алдын алу мүмкіндігі бар. Осының бір нәтижесі ретінде бүгін әлемде жел энергиясының қолданысы күн өткен сайын жайылуда. Жер шарының барлық жерінде аз не көп энергия беретін бір жел күші бар. Осы күш - әрі арзан, әрі мол. Сондай-ақ таза бір энергия көзі.
Жеңіл табылатын және үздіксіз қолданысы бар осы көз әлемдегі барлық электр күшіне жауап беретіндей көп. Адамзат баласының күнделікті тіршілігінде желдің күшінен пайдалана бастауы бұрынғы замандарға сүйенеді. Осыған мысал ретінде желкенді қайықтар мен жел диірменін көрсетуге болады. Кейіннен диірмендерде дән ұнтақтап, су тасымалдау және ағаш кесу жұмыстары үшін де желдің күші пайдаланылған.
* * *
Бүгінгі таңда жалпы біз қолданған энергияның барлығы мұнай, көмір және табиғи газ сияқты қазынды отындардан өндіріледі. Қазынды отындардан басқа ядролық станциялар да атмосфераға зиянды газ шығарады. Осы газдар ауа және суды ластайды. Замандас әлемде әсіресе шектеулі резервтерге ие көмірге, мұнайға және табиғи газға барлық мемлекеттер аз не көп мұқтаж. Осы көздердің аймақтық ерекшеліктер себепті мемлекеттер арасында тең таралмауы және бір күні міндетті түрде таусылуы жаңа мәселелерді де өзімен бірге әкелді.
Энергия тұтынушылығы жоғары дамыған елдер осы резервтерге ие мемлекеттерді әр түрлі сылтаулармен басып отырды. БҰҰ-ның ғалымдары бар мұнай резервтерінің 35-40 жыл не болмаса 50 жылда; табиғи газ резервтерінің 65 жылда; көмір резервтерінің болса 220 жылдан соң табылмайтынын болжайды.
Осыншама қысқа уақыттың ішінде таусылатыны болжамдалған осы энергия көздерінің орнына жаңаларын қою үшін әлемнің барлық мемлекеттерінде ғалымдар бар күшімен жұмыс істеуде. 1970-тегі мұнай дағдарысынан соң жаңартыла алынатын энергия көздерімен байланысты зерттеулер артты, бірақ әлі күнде жеткілікті дәрежеге жетпеді.
Жаңартыла алатын көздердің көбі энергиясын, тікелей немесе жанамалы түрде Күннен алады. Жел энергиясының көзі де Күн болып табылады. Осы себепті жел энергиясы өндіріс күші де әр мемлекетте әр түрлі. Жел энергиясы осы күнде энергия көздерінің ең көп үміт артқан түрі. Өйткені мол және еркін жағдайдағы сенімді және тұрақты бір энергия көзі. Адам санының артуы және адамдардың салауатты өмір сүру сұранысы энергия сұранысын арттыруда.
Желдің күші соңғы жылдары әлемде қолданысы ең көп артқан жаңартыла алынатын энергия көздерінің біріне айналды. Осыған қарамастан әлемдегі орташа көрсеткіші 8 бен 9 пайыз арасында өзгереді. Әлемдегі қолданыс көрсеткіші ең төменгі сатыда болса да, 2020 жылы әлем электр сұранысының 12 пайызын жел энергиясынан өндіру үшін жұмыстар жалғастырылуда.
Жел энергиясы ядролық станцияға қарағанда 5 есе көп жұмыс саласы мен 3 есе көп энергия өндіреді.
2004 жылға дейін әлемдегі жел энергиясы станцияларының барлығы 40.300 мегаваттық энергия өндірген болатын. Осы көрсеткіш 47 миллион адамның қолданған энергиясына тең, Еуропада 19 миллион үйде қолданылған энергия қажеттілігіне жауап беретін деңгейде болып табылады.
Әлемнің қай жерінде өмір сүрсек те ғаламшарымызды құтқаратын әр түрлі таза энергия жобасын қолдап, ие шығуымыз керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар