Топырақ - ғаламшарымызды құрайтын ең салмақты құбылыс

Жер шары - ортақ үйіміз 29

313541
Топырақ - ғаламшарымызды құрайтын ең салмақты құбылыс

Бізді тыңдай отырып, қоршаған ортаға қараңызшы! Әсіресе топыраққа. Ғаламшарымызды құрайтын ең салмақты құбылысқа. Адамдарға, ормандарға, жандылар мен жәндіктердің тіршілік көзі және өмірдің бұлағы топыраққа қарап жіберіңіздерші!
Осы тарауымызда жылдам ластанып, эрозиялар, дауылдар, құйындар, селдер және табиғи апаттармен жоғалып бара жатқан топырақ жайлы сөз қозғаймыз.
* * *
Топырақ - барлық өсімдіктер жайнаған коректенудің негізгі қоймасы. Ауа және су сияқты топырақ та жандылардың тіршіліктерін жалғастыру үшін аса маңызды құбылыстардың бірі. Әсіресе жер беті қабаты адамдар мен басқа да жандылардың тамақтануында негізгі орта болып табылады. 1 грам топырақтың ішінде миллиондаған тірі микроорганизма бар және экожүйенің жалғасуы үшін бұлардың әр қайсысы өте маңызды. Топырақтың өнімін арттырған жері –жер бетінің 1 см-лік гумусты қабаты. Бұл 1 см-лік қабат негізінде ғылыми бір орта. Табиғаттың өзі өндірген әр материал ұзақ уақытта пайда болады. Су және ауа секілді топырақтың пайда болуы да ұзақ уақытты талап етеді. Қатты жартастардың табиғи түрде бөлініп, физикалық тұрғыдан еруі нәтижесінде топырақ пайда болады. Осы бөлшектену кезеңі аяқталған соң химиялық бөліну процесі басталып, ақыр-аяғында өнімді топырақ ортаға шығады. Осы жұмыстардың табиғи жолдармен дамуы су, жел сияқты табиғи болмыстың да күшімен миллиардтаған жылды қамтиды. Қалындығы 10-20 см. өнімді бір топырақ қабатының пайда болуы мыңдаған жылға тараса, бұл қабаттың эрозиялар нәтижесінде жойылуы тек қана бірнеше жыл уақыт алады. Осы себепті эрозияны да табиғи апат деп атайды. Өсімдіктерге қажетті ортаны құрап, оларды тамақтандырып отырған жер қабаты ұзақ уақыттың ішінде белгілі бір ерекшелікке ие болғандықтан топырақтың ең жоғары қабаты өнімді, динамикалық табиғи бір формаға айналады. Осы жағдай болса өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті ортаны ұсынады. Осы кезеңде аз да болса бірінен соң бірі жалғасатын физикалық, химиялық және биологиялық кейбір оқиғалар кездеседі.
* * *
Жер шарында тіршіліктің жалғасуы және астықты толықтыру үшін аса маңызды болған топырақтың жойылуы, тіршіліктің де жойылуы деген сөз. Әрине осы жойылу кезеңінің жүзеге асуы үшін басқа ерекшеліктерде бір ортада тоғысу керек. Бірақ осындағы негізгі тақырып топырақтың жойылуы. Баршаға мәлім өсімдіктер өсіп, тіршіліктерін жалғастыру үшін топыраққа мұқтаж. Азық-түліктің тамыры ретінде бұл өсімдіктердің жойылуының келешегіміз тұрғысынан қаншама қорқынышты екенін ойлап көріңіз.
* * *
Топырақтың қоғамдар және мемлекеттер үшін ең маңызды байлық екенін көріп, байқаған елдер топыраққа келген зиянның алдын алу үшін көптеген шаралар қолданады. Зиянның қысқа уақыта шешіле алмауы мемлекеттердің экономикалық жағдайына болымсыз әсер етіп, кедей болуына және жан мен мүліктеріне зиян келтіретін үлкен табиғи апаттарға дейін барып соғады. Негізінде эрозия жаңа бір оқиға емес. Бұл оқиға дүниенің жасымен тең. Мыңдаған жылдарда пайда болған топырақ өсімдіктер үшін бар жағдайды жасайды. Осы өсімдіктер болса топырақты эрозияға қарсы қорғайды. Топырақтың биологиялық өнімділігі ұзақ уақытқа жайылған геологиялық кезеңдерде пайда болған топырақтың ең жоғарғы қабаты өніммен тікелей байланысты болып табылады. Осы қатынас топырақ пен өсімдік арасындағы ыңғайлы да табысты қатынас. Бірақ адамзат топырақты пайдаланып, әр түрлі әдістермен егіншілік жасай бастағанда, әсіресе өртеген кезде топырақ өнімін жоғалта бастады және ауқымды егістік жерлер қажетті болды. Егін шаруашылығы тарап, малдың жайылу алаңы көбейген сайын ортаға шыққан эрозия мен топырақтың гумусты қабаты азайып, жоғала бастады. Ормандар мен өсімдіктер жойылған сайын жаңбыр мен селдерге шыдай алмаған топырақ жайлап эрозияның ашық қаупіне душар болды.
Осыған қоса су мен желден пайда болған эрозия, жайлаулар мен егістіктердің өнімін азайта түсті. Тек қана жайлаулар әлемде 3.1 миллиард ірі және кіші малды коректендіреді. Осы көрсеткіштерге қолға үйретілмеген табиғатта өмір сүрген жандылар тамақтану көрсеткішінде орын алған жоқ. Осындағы қауіп малдың көбірек жайылуынан пайда болады. Әсіресе әлемнің жартылай құрғақ аймақтарындағы жел эрозияның күшіне дұшар болады.
* * *
Әлемдегі топырақтың тек оннан бір бөлігінде егін өндіріле алады. Тағы әлемдегі топырақтың оннан екі бөлігі әр түрлі салаларда қолданылған жайлаулардан тұрады. Осыған ұқсас бір алаң да ормандар тарапынан қолданылады. Қалған алаңдар болса жартысы шөл, тау немесе мұздықтардан тұрады.
Біз үстінде өмір сүрген бір алақан топырақтың өзі қаншама маңызды және құнды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар