Құрғап жатқан су резервтері және азық-түлік мәселесі

Жер шары - ортақ үйіміз 24

306584
Құрғап жатқан су резервтері және азық-түлік мәселесі

Баршаға мәлім, жер шары бұрынғы жер шары емес. Ұзақ мерзім бұрынғыдай бола алмайды. Әрі адам қолынан, әрі климат өзгерісі салдарынан пайда болған тапшылықтар нәтижесінде кейбір мәселелер туындайды. Осылардың бірі болса коректенуге қатысты.
* * *
Жаһандық ысыну себепті азайған су деңгейі неше жыл бұрын сигнал беру керек еді. Мемлекеттер қауіп төнбей тұрғанда кейбір шаралар қабылдай алар еді. Алайда әлемде мұны жасаған ешбір мемлекет жоқ. Әлемнің су режимін жақын қадағалаған ондаған ғалым бірігіп дайындаған рапорттарға қарағанда, әу бастан қозғалғанда бәлкім мәселе осыншама күрделенбес болатын. Ал бұл кімнің міндеті еді? Әріне бізді басқарып жатқан әлем басшылары мен үкіметтер. Шегінген су деңгейі үкіметтер тарапынан байқалмай жатқанда, сол жылдары қабылдануға тиісті ең жеңіл шаралардың өзі қабылданған емес. Күнделікті саяси уайымдар және қарым-қатынастар мұндай шараларды жылдам қабылдауға кедергі жасады.
* * *
Жай шаралар; коректенуге дейінгі бір қатар мәселені жоятын. Мысалы адамдарға қажетті су сұранысын азайтып, сұраныспен тұтынушы арасында тұрақты бір теңдік құрыла алар еді. Суы азайып, теңізге жетпей тұрғанда құрғаған өзендердің жағдайы ортада. Жарылған және құрғақ жер бетінде енді қолданылмай шіріп жатқан қайықтардың көрінісі жүрек дүркілдетеді. Әсіресе осы өзендерге және көлдерге үміт артып отырған миллиондаған адам не егіншілік, не болмаса балықшылықпен шұғылдана алады. Осының бір нәтижесі ретінде кейбір мемлекеттерде азайған су деңгейі қазірден бастап дақыл тұтынуын азайтты. Әлемнің ең үлкен дақыл өндірушілерінің бірі Қытайда су резервтерін санасыз түрде суару мақсатты қолдану өндірістің азаюына себеп болды. Қытайдағы бидай өндірісі көрсеткіштері жүгері және күрішпен салыстырғанда әлде қайда төмен. Өйткені бидай көбінесе суға мұқтаж солтүстіктің жартылай құрғақ аймағында өндіріледі.
* * *
Тағы бір мысалды Мексикадан келтірейік. Мексикада мемлекеттің барлық су мұқтаждығының үштен бір бөлігі жерасты су көздерінен қамтамасыз етіледі. Бірақ мемлекеттің солтүстігіндегі құрғақ және жартылай құрғақ аймақта «су тұтқыш жиектер» деп аталатын, дақыл өндірісі үшін аса қажетті жерасты сулары ылғалдандырған және егіншілік өндірісінің азығы ретінде қазіргі резервтер кепкені себепті аталмыш жер жақын келешекте егістік мәселесіне себеп болады. Ғалымдар рапорттарында қамтыған тағы бір шындыққа назар аударайық. Сауд Арабиясы 1980 жылы 140 мың тонна өз бидайын өндіргенде, өздерінің жер асты «су тұтқыш жиектерінің» арқасында үлкен жетістікке қол жеткізді. 1992 жылы дақыл өндірісі, 4.1 миллион тоннамен шыңға көтерілді. Дегенмен 2004 жылы бұл көрсеткіш 61 пайыз төмендеді. Өйткені жер асты суларын толықтыратын «су тұтқыш жиектер» жылдам тауысылып, сулы бидай өндірісі жойылуға жетті. Йемен сияқты кейбір шағын мемлекеттердің өзінде дақыл өндірісі азайды.
Бүгін әлем тұрғын санының 10-15 пайызы ашаршылық, 30 пайызы болса коректену қауіпіне душар. Ашаршылықпен байланысты жылына 24 миллион бала дүниеге көз жұмған әлемде; астықтар, халықаралық саясатта стратегиялық қаруға айналды. Араларында Түркия да бар даму жолындағы 105 мемлекеттің 55-інің жылдық астық өндірісі тұрғын санынан аз болып табылады. Адам саны жер шарында осылайша өсе берсе, астық өндірісі мен адам саны арасындағы өсу процесі тұрақсыздыққа себеп болады.
* * *
Қазіргі кезде климат өзгерісі жер шарындағы барша адамға әсер етеді. Бірақ жағдайы ең қиын болғандар миллиондаған шағын мөлшердегі фирмалар мен диқандар, балықшылар мен орманға бағынышты өмір сүргендер және астығы кепілге алынбаған адамдар. Жер, су және астықтан био отын өндірісі, кедейлерге әсер еткен басқа бір құбылыс.
Жаһандық астық дағдарысының күші және ауқымы күн сайын тарауда. Осы дағдарыс алдында қысқа аты «ФАО» деп аталған БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы дайындаған «Әлем азық-түлік рапортына» қарағанда, ғаламшарда өмір сүрген 850 миллион адамның азық-түлік тапшылығы шеккенін байқауға болады. Әлем банкі ағымдағы ғасырдың орталарына жеткенде бұл көрсеткіштің тағы 100 миллиондай артатынын болжауда. Кедей мемлекеттердің халықтары табыстарының үштен екісін немесе одан да астамын астыққа жұмсайды. Астық қауіпсіздігі тіршілік және қорғану хақы сияқты өте ұлы адам құқы болса да, Әлем Ауылшаруашылығы және азық-түлік ұйымы рапортында жалпы әлемде 950 миллион адамның тұрақты аштыққа душар екенін және бұл адамдардың дене мен ақыл даму процесін жетілдіре алмағанын ортаға қояды. Артып отырған адам санының коректенуі үшін табиғи ресурстардың жалғастыра алатындай болуы және 2050 жылына дейін ауылшаруашылық өндірісін екі есе арттыру керек..
* * *
Ашаршылықтың алдын алғымыз келсе, алдымен ашаршылық шеккен қоғамдарға қолдау беруді ұмытпауға тиістіміз. Жаһандық тұрғыдан мемлекеттердің координация мен ынтымақтастық шараларын тастамауы керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар