Жанартыла алатын энергия көздері

Жер шары - ортақ үйіміз 21

298312
Жанартыла алатын энергия көздері

Жаңартыла алатын энергиялар көбінесе тікелей немесе жанамалы түрде күнге байланысты. Күннің сәулесі немесе күн энергиясы жылыну және жарыту мақсатты тұрғын үйлер мен әртүрлі ғимараттарда тікелей пайдаланылса, электр өндіру, суды жылыту, суыту және әртүрлі сауда мен өнеркәсіптік мақсаттармен де жанамалы түрде қолданылады.
Мұның қалай болатынын түсіну үшін табиғатқа көз жүгірту жеткілікті.
Күннің жылыту кезіндегі айырмашылықтар желді туғызады, желдегі энергия жел трибуналары арқылы жинақталады. Күннің жылынуымен мұхиттар мен өзендердегі су буға айналады. Осы бу жаңбыр немесе қарға айналған соң қайтадан өзендерге жауып, ішіндегі гидро энергия қуаты гидроэлектр станциялары арқылы өндіріледі. Жаңбыр және қардың жәрдемі арқылы күннің жылуы мен жарығы өсімдіктердің өсуін қамтамасыз етеді. Осы өсімдіктердің құрамындағы органикалық материалдар «биомасса» деп аталады. Жаңартыла алатын энергия көздерінің кейбіреулері күнмен байланысты емес. Мұхиттардың «жайылма энергиясы» күн және айдың бір-бірін тарту қуатынан пайда болады. Жайылма энергияға қосымша ретінде мұхиттардағы толқындардың жел мен тасқындарға қосылуы нәтижесінде пайда болған «мұхит энергиясы» да маңызды энергия көзі болып табылады. Күн мұхиттардың бетін терең жерлерге қарағанда одан көп жылытқандықтан ысыну айырмашылығы пайда болады. Осы айырмашылықты энергия көзі ретінде пайдалануға болады.
Қайталайтын болсақ, жаңартыла алатын энергия технологиялары қоршаған ортаға қазынды энергия технологияларымен салыстырғанда одан аз әсер етеді. Өйткені ластамайды. Ресурсты тауысу ықтималы да жоқ. Басқа энергия көздері болса әрі жаңартыла алмайды, әрі шектеулі энергия резервтері болып табылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар