Әлемнің су сұранысы

Жер шары - ортақ үйіміз 20

286541
Әлемнің су сұранысы

Әлемнің назары және назары азайып бара жатқан мұнай көздеріне ауып тұр.
Осы мақсатта мемлекеттер мұнай аймақтары мен өндіруші мемлекеттерге жақындасу саясатын жалғастыруда. Баршаға мәлім, осы мақсатпен кейде соғыстар болуда. Миллиондаған әйел, еркек, бала, қария осы соғыстардан зардап шегуде. Мұнай үшін соншама көп дағдарыс болып жатса да, келешегіміз үшін аса маңызды және болашақта қауіпке айналу ықтималы бар жерасты сулары тақырыбында қоғамдық сана әлі жетілген емес. Мұнайдың орнына қоя алатын тағы басқа энергия көздері болса да, өкінішке орай судың орнына қоя алатын басқа материал табылмайды. Мұнайсыз миллиондаған жыл өмір сүрдік, бірақ сусыз бірнеше күн ғана өмір сүре аламыз. Сондай-ақ тамақ өндіру үшін де суға қажеттілігіміз бар. Бір адам жеке басына тікелей немесе басқа тамақтану жолдарымен күніне 4 литр су іше алады. Бірақ күн сайын жейтін тамақты өндіру үшін мұқтаж болған су мөлшері осыдан 500 есе көп, яғни 2000 литр болып табылады. Астықтар осындай көп су жұмсалған өндірістер болғандықтан, әлемдегі судың 70 пайызының суару мақсатты қолданылуы таңқаларлық жағдай емес.
* * *
Әлем қолданған су мәселесінің тез шешілмейтіні анық. Ғаламшардың көп жерінде суға деген сұраныс жер асты сулары мен өзендердің жалғастырыла алатын өнімінен және күшінен асады. Әрқашан артып отырған су қолданысы мен жалғастырыла алатын сұраныс арасындағы жетіспеушілік уақыт өткен сайын артуда. Жаһандық ысынудың алғашқы күндерінен бастап, өзен сулары әрі ауыл шаруашылығы мақсатты, әрі басқа қажеттіліктер үшін жылдам тауысылуда. Соңғы жылдары суарылған жерді кеңейту мақсатты суару жұмыстары жер асты суларына бет алды. Осылардың арасында Қытай, Үндістан және АҚШ та бар. Мемлекетіміз сияқты өз астығын өндірген және жалғыз өзіне ғана жететіндей өндіріс жасай алатын орташа күштегі мемлекеттер де су аздығын сезінеді. Азайған су мөлшері Түркияның дән қоймасы болып табылатын берекелі Кония сайы сияқты жердің өзінде жер асты суларының тартылуына себеп болды, топырақтың бетінде үлкен тесіктер ашылды.
* * *
Климат дағдарысы әсер ететін ең үлкен салалардың басында ауыл шаруашылығы бар екенін жиі айтқан болатынбыз. Қуаңшылық, шөлге айналу және топырақ жылжуы қолданылған түрлердің азаюы және егіншілікке зиянды жәндіктердің көбеюі сияқты қорқынышты нәтижелерді ортаға шығарады. Мұның егіншілікте коректену дағдарысына себеп болатынын әзірше айту қате болмас.
Бүгін жер шарының 30 пайызы қуаңшылықпен күресуде. БҰҰ 2005 жылы жариялаған бір рапортта кезкелген алты мемлекеттің бірінің қуаңшылыққа қатысты тамақтану тапшылығына душар болғанын және мұның ұзақ мерзімді екенін атап, халықаралық қоғамға ескерту жасаған болатын.
* * *
Жаһандық климат өзгерісі осы ғасырдың ең үлкен мәселесі. Қатты ысыну және ұзақ мерзімді қуаңшылық ауыл шаруашылығында өнімнің азайюына себеп болады. Температура артып, жазғы жаңбырлар тоқтаған кезде фасоль, жасымық, күн бағыс сияқты үздіксіз суға мұқтаж өнімдер азаятын болады. Сондай-ақ көптеген өсімдік пен жануардың тегі жойылады. Егерде су көздері әрі жауынды, әрі қуаңшылық кезеңдерінде жақсы басқарылмайтын болса, қуаңшылық, хроникалық мәселеге яғни, су аздығына айналып, келешекте одан әрі нашарлайтын болады.
Шығыс Еуропада көбінесе сел күтіледі, Түркия сияқты құрғақ және жартылай құрғақ болған мемлекеттерде су көздері азаяды. Яғни жаһандық ысынудың әсері географииялық аймақтарға қарай өзгеріс көрсетеді. Осы айырмашылықтар алдында ортақ қозғалу жоспарларын жетілдіру қиынға соғатындай көрінеді.
* * *
Жер орта теңізі төңірегінде жаңбыр соңғы 25 жылда 20 пайызға азайды. Бұл жағдай ең қатты әсер ететін елдердің басында Түркия келеді. Ыстық толқындар мен орман өрттері қаупінің артуы туризм саласына да болымсыз әсер етеді. Ғалымдардың сценарийлері бойынша жер шарындағы адамдардың 90 пайызы алдымыздағы 30 жылда жаһандық ысынудың ауыр зардабын шегеді. Тез арада тұтынушы ұстанымын, өмір сүру салты мен қоршаған орта саясатын өзгертіп, су мен азық-түлікке ие шығуды үйренуіміз керек.
Бірнеше тамшы су мен кішкентай астықтың бір адамның өмірін құтқаратынын ұмытпауға тиістіміз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар